Сұраныс хаттары

Сабақ тақырыбы: Сұраныс хаттары.

Сабақтың мақсаты: Сұраныс хаттары  туралы мәлімет беру және жазу жолдарын меңгеру.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды түгелдеу.
  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  3. Тапсырмалар орындау.
  4. Сабақты бекіту.
  5. Үйге тапсырма.

 

 

Жаңа тақырыпты түсіндіру

 

Сұраныс хаттары. Бұл хаттар да бір ғана мақсатпен жазылады: мекемеден керекті ақпаратты немесе белгілі бір құжатты жіберуін сұрау. Сұраныс хатқа мекеменің жауапты адамы қол қояды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының (әрі қарай – Мұрағат) сақтауындағы құжаттарды пайдаланудың бір түрі мемлекеттік, басқа да мекемелер мен ұйымдардың, Қазақстан Республикасы азаматтарының, соның ішінде шетелден келіп түскен сұраныстарды орындау болып табылады.

Мұрағат әлеуметтік-құқықтық сипаттағы және тақырыптық сұраныстарды орындайды:

– тақырыптық – нақты тақырыпқа, мәселеге, оқиғаға немесе фактіге байланысты мәлiмет беру туралы сұраныстар;

– әлеуметтік-құқықтық – азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн (еңбек өтілін, еңбекақы мөлшерін, марапаттауларын, зейнетақы жарналарының аударылуын, ғылыми дәрежелер мен атақтарды иемденуін және тағы басқаларды растау туралы) қамтамасыз етуге қатысты жеке тұлға немесе ұйымның сұраныстары.

Азаматтар мен ұйымдардың әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстары бойынша мәлімет мұрағаттық анықтама, мұрағаттық көшірме және мұрағаттық үзінді түрінде беріледі.

Мұрағаттық анықтама – құжаттардың iздестiру деректері көрсетілген сұраныс тақырыбы бойынша мұрағаттық ақпаратты құрайтын құжат.

Мұрағаттық көшірме – іздестіру деректері көрсетілген, мұрағаттық құжат мәтіні немесе сұлбасының көшірмесін жеткізетін құжат.

Мұрағаттық үзінді – іздестіру деректері көрсетілген белгілі бір мәселеге, фактіге немесе тұлғаға қатысты мұрағаттық құжат мәтінінің бөлігін сөзбе-сөз жеткізетін құжат.

Мұрағаттық анықтамалар, үзінділер мен көшірмелер өтініш берушінің жазбаша түрдегі сұранысы (өтініші) негізінде беріледі, онда:

– ол (және жіберу кезіндегі мекенжайы) жолданатын ұйымның (мұрағаттың) атауы;

– өтініш берушінің аты-жөні, тегі;

– туылған күні, айы, жылы;

– төлқұжат мәліметтері;

– сұраныстың мәнін баяндауы;

– сұраныстағы мұрағаттық мәліметтің мақсаты (зейнетақыны есептеу мен қайта есептеу үшін зейнетақы қорына, әлеуметтік қорғауға, салық инспекциясына, жұмыспен қамту орталығына, қазіргі жұмыс орны бойынша және т.б.);

– күні және жеке қолтаңбасы қамтылуы керек.

Кәсіпорыннан (ұйымнан, мекемеден) жазбаша сұраныс (өтініш) кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) арнайы бланкісінде дайындалуы керек, онда оның реквизиттері, басқарушының қолтаңбасы, орындаушының аты-жөні, тегі және байланыс телефондары берілу керек.

Сұранысқа қалаған жауап алу және қызықтырған мәліметтерді іздестіруді жеңілдету үшін сұраныс бойынша барлық нақты және болжамды деректерді көрсету қажет.

 

Сұраныстың түріҚажет мәліметтер
Еңбек өтілін растау
  1. Аты-жөні, тегі (соның ішінде қыз кезіндегі тегі);
  2. Туған күні, айы, жылы;
  3. Пошта мекенжайы (пошта индексімен), электронды мекенжайы;
  4. Байланыс телефон нөмірлері (үй/жұмыс/ұялы);
  5. Төлқұжат мәліметтері;
  6. Жұмыс орнының атауы;
  7. Кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) мекенжайы;
  8. Атқаратын қызметі;
  9. Қызметтер және кәсіпорын (ұйым, мекеме) бөлімшелері атауының өзгеруі;
  10. Жұмысқа қабылдау, ауыстыру және босату күні;
  11. Қала, қала ауданы;
  12. Мәлімет талап етілген хронологиялық кезең аясы;
  13. Сұралған мұрағаттық ақпараттың мақсаты.
Еңбекақы мөлшерін растау
  1. Аты-жөні, тегі (соның ішінде қыз кезіндегі тегі);
  2. Туған күні, айы, жылы;
  3. Пошта мекенжайы (пошта индексімен), электронды мекенжайы;
  4. Байланыс телефон нөмірлері (үй/жұмыс/ұялы);
  5. Төлқұжат мәліметтері;
  6. Жұмыс орнының атауы;
  7. Кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) мекенжайы;
  8. Атқаратын қызметі;
  9. Қызметтер және кәсіпорын (ұйымның, мекеменің) бөлімшелері атауының өзгеруі;
  10. Жұмысқа қабылдау, ауыстыру және босату күні;
  11. Табельдік нөмірі;
  12. Қала, қала ауданы;
  13. Мәлімет талап етілген хронологиялық кезең аясы;
  14. Сұралған мұрағаттық ақпараттың мақсаты.
Марапаттау мен құрмет атақтарын беру фактілерін растау
  1. Аты-жөні, тегі (соның ішінде қыз кезіндегі тегі);
  2. Туған күні, айы, жылы;
  3. Пошта мекенжайы (пошта индексімен), электронды мекенжайы;
  4. Байланыс телефон нөмірлері (үй/жұмыс/ұялы);
  5. Төлқұжат мәліметтері;
  6. Жұмыс орнының атауы;
  7. Кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) мекенжайы;
  8. Қала, қала ауданы;
  9. Атқаратын қызметі;
  10. Марапаттау күні, айы, жылы;
  11. Марапат атауы;
  12. Марапатты берген орган;
  13. Мәлімет талап етілген хронологиялық кезең аясы;
  14. Сұралған мұрағаттық ақпараттың мақсаты.
Кәсіпорын (ұйым, мекеме) атауын өзгерту фактісін растау
  1. Аты-жөні, тегі (соның ішінде қыз кезіндегі тегі);
  2. Туған күні, айы, жылы;
  3. Пошта мекенжайы (пошта индексімен), электронды мекенжайы;
  4. Байланыс телефон нөмірлері (үй/жұмыс/ұялы);
  5. Төлқұжат мәліметтері;
  6. Кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) толық атауы: атауын өзгерткенге дейінгі, атауын өзгерткеннен кейінгі, бұл өзгерткеннен кейінгі, өтініш жасалған сәттегі;
  7. Кәсіпорын (ұйым, мекеме) атауының өзгертілу күні;
  8. Кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) мекенжайы;
  9. Қала, қала ауданы;
  10. Мәлімет талап етілген хронологиялық кезең аясы;
  11. Сұралған мұрағаттық ақпараттың мақсаты.

Қажет болған жағдайда өтінішке тиісті құжаттар мен материалдар немесе олардың көшірмелері (еңбек кітапшалары, куәлік, актілер және басқалар) қоса ұсынылуы мүмкін, өйткені өтініштегі мәліметтердің жеткіліксіздігі қажет құжаттарды іздестіруді қиындатады, немесе оның орындалу мүмкіндігін шектейді.

Тегі, мекенжайы және өтініш иелерінің қолтаңбасы болмаған азаматтардың өтінімдері анонимдік болып саналады және қарауға жатпайды; жеке тұлғаның өзі келген жағдайда тегі мен мекенжайынан басқа ақпарат толықтырылуы мүмкін.

Өтініш беруші өтінішін Мұрағатқа өзі әкеліп беруіне, немесе пошта және электронды мекенжайға жіберуіне болады:

010000, Астана қ., Нұржол желекжолы, 12,

«Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты» РММ,

e-mail: info@[email protected]

Мұрағатматериалдарыбойыншаазаматтарменұйымдардыңәлеуметтік-құқықтықсипаттағысұраныстарыныңорындалумерзіміөтінімтіркелгенкүнненбастап 15 күнненаспауыкерек. Күрделісұраныстаркезіндеөтінішберушіміндеттітүрдеескертіліпмерзіміұзартылуымүмкін, бірақ 30 күнненаспауыкерек.

Мұрағаттыңтекғылыми-анықтамалықаппаратынпайдаланатынсұраныстардыорындаумерзімі – өтінімтіркелгенсәттен 15 күнненкөпемесуақытаралығы.

СұраныстағымәліметтерболмағанжағдайдатерісжауапМұрағаттыңхатбланкісінетолтырылады. ОндаөтінішберушігекерекболғанмәліметтердіңМұрағатқұжаттарындаболмауфактісікөрсетіледі, жәнеқажетмәліметтіалуүшінқайдабарутуралыұсынымберіледі. Мұрағаттақажетқұжаттардыңқұртылуынемесежоғалусебептерінебайланыстытерісжауапберілгенкезде, хатмәтініұйыммөріменрасталуыкерек.

Профильдіемессұраныстардытиістілігінеқарайбасқаұйымдарғанемесемұрағаттарғажіберу, соныменқатарбұлжөніндеөтінішберушініақпараттандыруөтінімбергенсәттен 5 күндікмерзімдежүзегеасуыкерек.

Мұрағатқызметкерлерідаярлағанмұрағаттықақпарат:

—     Мұрағатғимаратындаөтінішберушініңқолынажекебасынкуәландыратынқұжаттыкөрсетубойыншаберіледі;

—     сұраныстакөрсетілгенпоштамекенжайыбойыншапоштажөнелтілімменжіберіледі;

—     өтінішберушініңсұраныстакөрсетілгенэлектрондымекенжайынаэлектрондыпоштаарқылыжіберіледі.