Кесім. Акт.

341

Сабақ тақырыбы: Кесім. Акт.

Сабақтың мақсаты: Кесім (акт)   туралы мәлімет беру және жазу жолдарын меңгеру.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды түгелдеу.
  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  3. Тапсырмалар орындау.
  4. Сабақты бекіту.
  5. Үйге тапсырма.

 

 

Жаңа тақырыпты түсіндіру

 

Кесім (Акт)
Анықтама-ақпарттық қүжаттардың бірі – кесім Ол мекеме жетекшісінің тағайындалуымен қүрылған тексерушілер тобы және жауапты адамдардың қатысуымен жазылады. Кесімдердің бірнеше түрлері жазылады. Олар: материалдық құндылықтарды жарамсыз деп санау, іс қағаздарын қабылдап алу, өткізу, материалдық қүндылықтарды қабылдау, өткізу т.б.
Құжатта кесім жазушылардың аты-жөндері міндетті түрде жазылады. Олардың ұсыныстары мен көзқарастары кесімде белгіленбейді. Тексеруші топ мүшелері тегіс қол қояды. Кейбір актілерге мекеме жетекшісі қол қояды және мекеме мөрі басылады.

Акт – анықтамалық — ақпараттық құжат. Бекітілген фактілерді немесе оқиғаларды (құралдар жиынтығының, материалдық құндылықтарды қабылдау —  тапсыру, іс, құжаттарды жою, апат актілері және т.б.) растау үшін белгілі бір адамдар тобы жасайды. Акт оны жасаушылар шығарған қорытындыдан, айтқан кеңестен, ұсыныстардан тұруы мүмкін (тексеру, зерттеу, тексеріс, бұйымды сынау және т.б.).   

 

Істі тасыру-қабылдау актісі 

БЕКІТЕМІН:

Кәсіпорынның басшысы                                                                                                 ___________________

(қолы, аты-жөні)

___    ________    __ ж.

Мөр

ІСТІ ТАПСЫРУ-ҚАБЫЛДАУ

АКТІСІ 

___    ________    __ ж.                      №                                       Алматы қ.

 

Жұмыстан босатылған ******бас бухгалтер ___________________________

(кәсіпорынның атауы)

_____________________________________________________________________

(аты-жөні)

және  жаңадан тағайындалған бас бухгалтер _____________________________

(аты-жөні)

№ ________ бұйрық негізінде, ___  ________    __ ж. жағдай бойынша олардың істі тапсыру-қабылдау актісі жасалды.

*******Тапсыру-қабылдау актісі кәсіпорын директорының орынбасары ________________________________________  қатысуымен жүргізілді.

(аты-жөні)

Істі тапсыру-қабылдау нәтижесінде:

  1. Бас кітап толығымен осы жылдың ____ ___________ жағдай бойынша толтырылды.
  2. ___________________ шоты бойынша аналитикалық есептің карточкасы көрсетілді.
  3. Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларына арналған ордерлік журналы көрсетілді, ____________________________________ талдама есеп бойынша ведомостар және депоненттерді тіркеу кітабы көрсетілді.
  4. _____________________________ жылғы бухгалтерлік баланс көрсетілді.
  5. Мыналар бойынша ___________ жылғы салық декларациясы көрсетілді:

— табыс салығы бойынша;

— ҚҚС бойынша;

— әлеуметтік салық бойынша.

  1. __________________ жылғы І, ІІ, ІІІ тоқсандағы тексерулердің актілері көрсетілді.
  2. _________________ жылғы кәсіпорынның жылдық есебін тексерген тәуелсіз аудитордың корытындысы берілді.
  3. Тізімдеме бойынша _____________ ж. ________ іс мұрағатқа өткізілді.
  4. Тізімдеме бойынша анықтамалық-нормативтік әдебиеттер тапсырылды.

Қосымша:        1. Кәсіпорын мұрағаты ісінің тізімдемесі, 5 бет.

  1. Анықтамалық-нормативтік әдебиеттер тізімдемесі, 2 бет.

Істі тапсырдым                ________________                 __________________

(қолы)                                       (аты-жөні)

Істі қабылдап алдым       ________________                 __________________

(қолы)                                       (аты-жөні)

Істі тапсыру-қабылдап алуға қатысқандар:

Кәсіпорын директорының орынбасары ____________          ______________

(қолы)                      (аты-жөні)

 

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаРезюме
Келесі жазбаСұраныс хаттары