Қабылдау (визитная) карточка құрастыру..

162

Сабақ тақырыбы: Қабылдау (визитная) карточка құрастыру..

Сабақтың мақсаты: Визит карточкалары атқаратын қызметтерімен таныстырып, үлгілерін дайындату.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды түгелдеу.
  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  3. Тапсырмалар орындау.
  4. Сабақты бекіту.
  5. Үйге тапсырма.

 

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Визит карточкалары

Қазіргі кезде визит карточкалары адамдардың іскерлік қарым-қатынасының бөлінбес атрибутына айналды. Сіздің визиткаңіз іскерлік қатынасты да, жеке басыңызға қатысты қарым-қатынасты да дамыту үшін не істеу керек? Визит карточкасы қандай болу керек?

Әдетте визит карточкасының бет жағына, анық оқылатын шрифтімен (негізгі жазулар үшін жартылай қанық бояулы Times-14 қолданылады):

      Аты, жөні жазылады. Фамилия үлкен әріптермен теріледі. Мысалы, БЕКБОЛАТОВ Асан Қайырбекұлы. Ағылшын тілінде жазылатын вариантында алдымен фамилия, содан кейін әкесінің атының бірінші әріпі және өз аты жазылады. Мысалы, BEKBOLATOW K. Asan.

      Қызметі. Тек ресми атқаратын қызметі жазылады. “Міндетін атқарушы”, “уақытша орындаушы”, “уақытша” сөздері визит карточкаларына жазылмайды. Мысалы, уақытша директор, бөлім бастығының міндетін атқарушы т.с.с. Ресми қабылданған, көпшілікке түсінікті қысқарған сөздерді ғана пайдаланыңыз. Бұл сіздің визиткаңыздың мүмкіндіктерін дұрыс пайдалануға өз әсерін тигізеді.

Қызметі істейтік мекеменің аты толық жазылғанда иерархия сақталуы керек. Мысалы,

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрлігі,

кадрлардың бас басқармасы,

әкімнің бөлімі. 7-сектор.

Заң тобы.

      Ғылыми дәреже, әскери т.б. атақтар визит карточка иесінің іскерлік қатынас қажеттілігіне қарай көрсетіледі. Визитка иесінің белгілі қызметі болмағанда немесе атқаратын қызметін жасырын ұстау қажет болғанда ғылыми дәрежесі, әскери т.б. атағы ғана көрсетіледі. Мысалы,

“КҮНҒОЖАНОВ Абылай Арнайұлы

Авиация генерал-майоры”

      Толық адресті жазған кезде хат-хабар алуға оңай болуы үшін индексті де жазып қоюға болады.

      Үйдің телефоны.

      Жұмыс орнының толық адресі көрсетіледі.

Енді Визит карточкаларының безендірілуі туралы. Визит карточкасының стандарт көлемі жоқ. Бірақ көбінесе ол 50 х 90 мм-лік көлемдегі қатты қағазда жасалады.

Визит карточкаларының түр-түсі:

      үкімет құрылымында, сайлау органдарында істейтін қызметкерлер көбіне ақ немесе мемлекеттік ту түсімен сәйкестіріп жасайды.

      қаржы бөлімдерінің, банктердің қызметкерлері сенімділікті, орнықтылықты көрсететін ауырлау түспен жасатады. Олар: алтын түсті, металл түсті, қызыл, сұр, күміс жасыл түстері.

Ақ түс — қолының және ниетінің ақтығының символы болса, мемлекеттік ту түсі — мемлекеттік құрылымда істейтіндігін біддіреді және отанына адал қызмет ететіңдігін көрсетеді.

қаржы бөлімдерінің, банктердің қызметкерлері сенімділікті, орнықтылықты көрсететін ауырлау түспен жасатады. Олар: алтын түсті, металл түсті, қызыл, сүр, күміс, жасыл түстері.

Түрлі дәрежедегі басқару органдарында Істейтіндер классикалық үлгідегі түстерді (фон көгілдір, шрифт — қара көк, фон — ақшыл сия түсті, шрифт — сия түсті, фон ‘— ақшыл қоңыр, шрифт — қара қоңыр т.б.) қалайды. Әр мамандық иесі өз қалауына қарай таңдап жасатады. Мысалы, теңіз, әуе жолы қызметкерлері көгілдір түспен жасатқанды жақсы көреді. Орман шаруашылығы қызметкерлері өз визиткаларының фонын көп жағдайда жасыл түске жақын етіп жасатады. Полиграфист қай тонды таңдаса да шрифті міндетгі түрде қара түспен береді.

Творчество адамдары өз визиткаларының бірден көзге үрып түратындай болғанын қалайды. Осыдан келіп өз визиткаларын түрлі түстерді бір-бірімен сәйкестендіріп немесе түрлі фигуралар мен өрнектер, бедерлер сала отырып жасайды. Сондықтан жазушы визиткасынан төгілген сияның суретін, музыкант визиткасынан нота белгілерін көруге болады.

Ғылыми интеллигенция, ішкі істер министрлігі, қорғаныс министрлігі, мемлекеттік қауіпсіздік комитеті, мемлекеттік құрылым қызметкерлері көбіне ақ фонмен, шрифтері қара, артық-ауыс белгі, фигуралары, сызықтары жоқ визиткалар жасатады.

Қызғылт жөне қызыл түсті визиткалар сирек кездеседі.

Енді визиткалардағы рәміздерге (символдар) келейік.

Мемлекет қайраткерлері мен партия қызметкерлері өз визиткаларында мемлекеттік ту мен елтаңба белгісін орынды, орынсыз орналастыра береді. Түрлі сала қызметкерлері өз мамандығына байланысты эмблемаларды көрсетеді. Фирма қызметкері — өз фирмасының эмблемасын береді. Географ визиткасынан компас т.с.с. белгілерді көруге болады. Творчество адамдары пушкин қаламынан бастап, түрлі сән үлгісімен жасалған шашқа дейінгі кез келген нәрсені бере береді.

Іссапар, конференция, семинар, көрме т.б. іскерлік байланыс жасалатын жерлерге жиналғанда визиткаларды жеткілікті етіп алып шығыңыз. Бұл жерлерде визиткалар сіздің жеке басыңыздың құжаты ретінде де, кепілдеме ретінде де сізге көп пайдасын тигізеді.

Визит карточкаларына кейбір жағдайда бір-екі ауыз сөз жазып та тапсыруға болады. Мысалы, сіз кездесу үшін іздеп келген адамының орнында болмады. Өз визиткаңызды ол адамға тапсыру үшін хатшыға тастап кетуге болады. Ол адамға арадағы жұмыс мақсаты мен мазмұнына қарай: “Жауап күтемін”, “сейсенбі сағ. келемін”, “кешірім өтінемін” т.б.

Визит карточкалар арқылы жүзеге асыруға болатын бірнеше жағдайды ескерте кеткен жөн.

  1. “p.f” белгісі құттықтау мағынасын береді. Мысалы, “p.f 8/III-2005”.
  2. “P.C” – көңіл айту мағынасын береді.
  3. “P.r” – алғыс, рахмет айту, ризашылық білдіру мағынасын береді.
  4. “P.p” — әріптесіңізге жаңа адамды таныстыратын кепілдеме ретінде қолданылады.
  5. “P.p.c” – қоштасу мағынасын береді.

 

Тапсырма: Өз визит карточкаларыңызды дайыңдаңыз.