MS Excel-де формуланы енгізу және көшіру

55

Сабақтың тақырыбы:   § 8.3. MS Excel-де формуланы енгізу және  көшіру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:        Деректерді өңдеу формулалары, деректердің орнын ауыстыру және көшірмелеу  туралы білімдерін  қалыптастыру;

Тәрбиелік:                Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық:      Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін  дамыту.  Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақ түрі:     Практикум элементтерінің көмегімен  демонстрациялар, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:    компьютерлер, үлестірме  қағаздар, интерактивті тақта.

Сабақтың өту барысы:

І-кезең (7 мин)

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты сабаққа дайындау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 8.2 тақырып. MS Excel-ге берілгендерді енгізу және редакциялау.

а) Оқушыларға семантикалық карта  таратып беремін.

ә) Сұрақтарға жауап беру (слайд 8).

Семантикалық карта   (дұрыс жауапты  «+»  белгісімен  бересіз)

Жауаптары Кез келген электронды кестенің ұяшығына мына ақпараттарды енгізуге болады.
Сан
Бейнелік
Мәтіндік
Сурет
Формула

 

Жауаптары 27 =A5+B5*C5 -55.99 немесе

а 55,99

Сан
Формула
Мәтін

 

Жауаптары Берілгендерді  редакциялау үшін:  2 әдісі
Ұяшықты белгілеп, Ғ1 пернесін басу
Ұяшықты белгілеп, Ғ2 пернесін басу
Ұяшықты белгілеп, Ғ3 пернесін басу
Ұяшықты белгілеп, формула жолында редакциялау

 

ІІ-кезең (20-22 мин)  технология бойынша  синектикалық бөлім.

ІІІ. Жаңа тақырып 

а)  Өз бетімен жаңа тақырыпты меңгеру. (оқып шығу 5 мин)  4-топқа тақырыпшаларды бөліп, оқитын бөліктерін  белгілеп беремін.

Оқушыларды 4 топқа бөліп отырғызамын. Нөмірленген  4 парақ таратып беремін.

Талқылауға арналған маңызды  тақырыпшалар:

  • Функция шебері, автоқосынды;
  • Формулаларды  көшіру;
  • Салыстырмалы және абсолют сілтемелер;
  • Ұяшықтағы мәліметтердің орнын ауыстыру;

ә) «Эстафета» тәсілі: Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талқылау.

Белгі бойынша оқушылар жаңа тақырыптан оқыған командаларын, батырма, белгілерін жазып, бір-біріне жылжытып отырады (бір-бірін қайталамауы тиіс). (4 мин)

Қай топ анық, нақты жауап бергенін анықтап, жеңімпаздарды белгілеймін. (3 мин)

Электрондық кестедегі формула – кестелік процессор  аумағында орындалатын ереже бойынша жазылатын математикалық мәні.

Ұяшыққа функцияларды енгізу үшін:

  • Формула енгізетін ұяшықты белгілеу;
  • Функция батырмасын немесе вставка функций командасын орындау;
  • Функция шебері диалогтік терезесінде функция типін, содан кейін функцияны  таңдау;
  • ОК батырмасын шерту.

Формулаларды  көшіру:

  • Сол формуласы бар ұяшықты белгілеу;
  • Түзету (Правка) – Көшіру (Копировать) командасын шақыру немесе көшіру батырмасын шерту (ұяшық маңынан бөлік буферге енді деген үзік  сызықты қоршау көрінеді);
  • Түзету – Қою (Вставить) командасын шақыру.

Салыстырмалы және абсолют сілтемелер:

  • Формуланы көшіру кезінде өзгеріске ұшырайтын сілтемелер салыстырмалы деп аталады.
  • Формуланы көшіру кезінде сілтеменің кейбір индекстері  өзгермес үшін, $ символын қолданады, оны абсолют сілтемелер дейді. мыс.  =CУММ($B$2:$D$2

Ұяшықтағы мәліметтердің орнын ауыстыру үшін:

  • орын ауыстыратын ұяшықты белгілеу;
  • түзету – Қиып алу (Вырезать) командасын шақыру немесе қиып алу батырмасын шерту;
  • бөлік  қойылатын ұяшықты белгілеу;
  • түзету – Қою (Вставить) командасын шақыру.

б) Алған жаңа теориялық білімді практика жүзінде пысықтау (Excel бағдарламасында практикалық жұмыс)

8.3 практикум. MS Excel-дегі формулалар. Интерактивті әдіспен көрсете отырып, түсірдіремін.

в)   «Сұрақ-жауап»  тәсілі:

Содан кейін әр топ бір-біріне 2 сұрақтан қояды, ол сұраққа оқушылар немесе мұғалім жауап береді.

  1. Практикалық жұмыс.

ІІІ-кезең. (кері байланыс) Деңгейлік тапсырмалар орындау (14 мин)       

Оқушыларға компьютерде MS Excel-де деңгейлік тапсырмалар орындау ұсынылады:  Деңгейлік тапсырмалар 12 балдық жүйемен бағаланады:

1-деңгей  —   5 балл,   бағасы «3»

2-деңгей  —  +4 балл = 9 балл, бағасы «4»

3-деңгей —  +3  балл = 12 балл,  бағасы  «5»

 

 

 

1-деңгейлік тапсырма

Автоқосынды көмегімен бос ұяшықтарға  көлденеңнен қосындыларын есептеу керек.
28 26 41
36 35 13
45 56 75
12 89 64

2-деңгейлік тапсырма

V=S/t формуласы бойынша жылдамдықты есепте.
S 120 590 78 1268
t 2 6 0,7 28
V

 

3-деңгейлік тапсырма

Көбейту кестесін  Пифагор кестесі  түрінде  жасау
1 2 3 4 5 6 7 8 9 Ескерту. Кесте ұяшықтары бағандар мен жолдардың көбейтіндісі формуласымен толтырылады. Формулада абсолюттік адрестеу қолданылады
1
2
3
4
5
6
7
8
9

 

 

«Ашық журнал» (тақтада ілініп тұрады).

Ашық журнал

Информатика пәні бойынша 8 «а» сынып

Тақырып: Формуланы енгізу және көшіру

 

Оқушылардың аты-жөні 1-деңгей (5 балл) 2-деңгей (4 балл) 3-деңгей (3 балл) Барлық балы Бағасы
1
2
3
4
5

 

 

 

 

 

  1. Сабақты қорытындылау:

Бағалау:  MS Excel-де жасалған электронды журналда оқушының бағалары  қорытылып шығады, диаграмма  түрінде беріледі. (2 мин)

Үйге  тапсырма: § 8.3.  Формуланы енгізу және  көшіру. (мазмұндау)