Қалижан Бекхожин «Ақсақ Темір мен ақын»

74
Қазақ әдебиеті 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қалижан Бекхожин «Ақсақ Темір мен ақын»
Жалпы мақсат: Берілген шығармаға әдеби-теориялық негізде талдау жасау, тілдерін, сөздік қорларын, сыни көзқарастарын шыңдау, Отанын қорғауға бағыт беру
Сілтеме: Қазақ әдебиеті (оқулық)

Қазақ әдебиет оқыту әдістемесі

Интернет материалдары

Оқу нәтижесі: Шығармаларды талдай алады, Отанын қорғауға әзір болады, тарихи тұлғалар туралы білімдері жүйеленеді
Түйінді идеялар: Бұл материалдан алған білімдерінің қажеттілігі туралы ойланады, «өзім» емес «өзіміз» деудің маңыздылығын ұғады
Сабақта қолданылатын материалдар: Үлестірмелі материалдар, А4, А3 қағаздары, маркерлер, интерактивті тақта
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер

АКТ

СТО

1.Диалог

2.Жұптық жұмыс

3.Топтық жұмыс

4.Жеке жұмыс

Дерек көздері: Мұғалімге арналған нұсқаулық
Тапсырмалар: Сұрақтар, салыстыру, зерттеу, түйіндеу
Оқуға арналған тапсырма: Мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс- әрекеті

I.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу Коучтің іс- әрекеті Мұғалімнің іс- әрекеті
2 минут Оқушылардың сабаққа дайындықтарын бағдарлау (сыныпты түгелдеу, көңіл күйлерін білу) Сұраққа жауап береді, өздерін өздері бағалайды
3 минут Сергіту «Қызыл өрік» Слайдты көреді, билейді, тыңдай-ды, өз көңіл күй-лерін көтереді
II.Үй тапсырмасын сұрау
4  минут

Ой толғау

·         Ақсақ Темір деген кім?

·        Хафиз деген ше?

 

жеке жұмыс жа-сайды, өз білім-дерін жүйелейді
2 минут

Венн диограммасы

·        Ақсақ Темір мен ақынды салыстырыңдар Салыстырады, білімдерін жүйелейді
ІІІ. Жаңа сабақ (мағынаны тану) 2 минут

— Балалар, төмендегі үзіндіні тыңдап көріңдерші…

Қарт шекпенін шешіп, бір бұрышқа қойды. Онан соң көйлегінің түймесін ағытып, мойнындағы бойтұмарын алды. Бақыттан тігілген кәдімгі үш бұрышты тұмар. Қарт тұмарды ерніне жақындатып, тәуіп етті. Сонан кейін қалтасынан бәкісін алып, тұмарды сөкті де төңкеріп сілікті. Тұмардың ішінен термен байланып қалған бір уыс қиыршық топырақ түсті жерге. Бұл-осыдан қырық жыл бұрын, жат өлкеге аттанарда, туған жерден түйіп алған топырақ еді.

Қарт ойына алғанжұмысын түгел орындап, шекпенінің үстіне «уh» деп жантая кетті. Мамық төселгендейтуған топырақ жамбасына бір түрлі жайлы тиді.

— Үзіндіден не ұқтыңдар?

1-тапсырма

5минут

Туған жер туралы мақал –мәтелдер айтыңдар Өз беттерімен жұмыс жасайды
2-тапсырма

10 минут

Балладаның композициялық құрылымын талдаңдар

Сюжеттің басталуы-кіріспесі, қарым –қатынасқа түспес бұрынғы жал-жағдай, оқиға орны.

Сюжеттік байланыс-адамдар арасындағы әрекеттің басы, тартыстың басталуы.

Шиеленісуі— оқиғаның, адамдар арасындағы іс –әрекеттің шиеле-нісуі,ширығуы.

Шарықтау шегі— ең жоғарғы сатысы, адамдар арасындағы қимыл-әрекеттің күшейіп, өрістеп шығуы.

Шығарманың шешімі— суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шынды-ғына өзі шығарған үкімі, нақты нәтиже, оқиғаға қатысушылардың ең соңғы халі

 Өз беттерімен жұмыс жасайды, білімдерін шың- дайды, өзгеге түсіндіреді, жауап- кершілікті сезеді, білімдерін толық-тырады, өзгені тыңдайды, оның пікірінің құнды-лығын сезеді, жеке жұмыс жасайды, әдебиет теориясын ұғады. Сөздік қор-ларын толық-тырады, тілдерін дамытады. Өз ой-ларын тиянақ-тайды, қорытады.
3-тапсырма

5 минут

«Туған жер» тақырыбында кластер жасаңдар

 

 

Өз ойларын жи- нақтайды, жазады, жүйелейді, талдайды
Рефлексия

7 минут

Эдворд Де Бононың «Алты қалпағы бойынша

Қызыл қалпақ— сезімталдық

Сары қалпақ- шығарманың сәтті кезеңдері

Жасыл қалпақ— қиялдау, ақылға сыйымсыз  идеялар

Ақ  қалпақ-  ақпарат  береді

Қара қалпақ— сәтсіз тұстары

Көк қалпақ— сабақты қалай түсіндім (топпен жұмыс, т\б

Ойланады, жауап береді, өз ойларын жинақтайды, жиелейді өзгелерді тыңдайды, білім-дерін жүйелейді, қорытады, арман-дайды.
Үйге тапсырма

3 минут

—         Шығарма бойынша ақын мен Ақсақ Темірге мінездеме беріңдер

—         «Егер мен ақын болсам, туған жерімді былай жырлар едім…»

Еркін жазу тәсілі

 

Сөздік қорларын толықтырады, тілдерін дамы-тады. Өз ойларын тиянақтайды, қо-рытады.
Бағалау

2 минут

 Жиынтық (сумативті) баға қою Марапаттар қабылдайды

 

 

Өткізген: Нургалиева Айгуль Владимировна