Дербес компьютердің құрылғылары

516

Сабақ  тақырыбы: Дербес компьютердің құрылғылары

Сабақ  мақсаты :

Оқушылардың компьютерде өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра   отырып, іскерліктерін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың міндеттері:

-ДК-мен, оның негізгі құрылғыларымен және олардың міндетімен              таныстыру.

                     -Компьютердің құрылғылары туралы түсініктерін дамыту;

                     —  Жауапкершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру, практикалық;

Пәнаралық байланыс:орыс тілі, ағылшын,қазақ тілі, математика,

Программалық  дидактикалық  қамтылуы:

Оқулық, жұмыс дәптері, компьютер, интерактивті тақта, «Дербес компьютердің құрылғылары» презентация, тест, сәйкестендіру тесті,информатикалық диктант.

Оқыту формалары:жеке, топтық, ұжымдық;

 

Білім  мен  біліктілікке  қойылатын  талаптар:

Оқушылар білуі тиіс:

  • Компьютер деген не екенін, құрамын;
  • Ақпараттық не екенін;
  • Компьютердің құрылғыларының міндетін.
  • Жүйелік қорап ішіндегі құрылғылардың аттарын;

Оқушылар үйрену тиіс:

— ДК-мен, оның негізгі блоктарымен және олардың атқаратын міндеттерімен.

 

Сабақтың барысы: I.Қызығушылықты ояту

        а/ Тренинг «Көңіл күй»

        б/  Топқа бөлу

        в/ сұрақ –жауап

        г/ Тест жұмысы

  1. Мағынаны тану

        а/Жаңа тақырыпты түсіндіру.

        б/ Практика жүзінде көрсету.

III.   Ой толғаныс

         а/  Компьютерден тапсырмалар орындау.

         б/ «Көзге жаттығу»

         в/ Сәйкестендіру тесті

          г/ Бекіту сұрақтары.

        д /Информатикалық диктант

           Рефлексия

         д/Бағалау

 

 

 

 

 

I.Қызығушылықты ояту.

 

а/ «Көңіл күй»  Балалар өздерінің көңіл күйлерін бағалау сұралады: «Мен өзімнің көңіл күйімді 4 балдық жүйемен бағалаймын, себебі ұйқым қанған жоқ немесе  5 балдық жүйемен  бағалаймын,себебі  көңіл- күйім керемет!».

                   Осы тренинг арқылы топқа бөлу.

б/1 топ-«Ақпарат »                                                       2 топ-«Графика»

в/Сұрақ-жауап

1.Информатика нені зерттейтін ғылым?

  Информатика- бұл компьютерді қолдану арқылы ақпаратты түрлендіру, жіберу және сақтау   әдістері мен заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

2.Адам үшін ақпарат дегеніміз не?

Олардан алған хабарламаның мазмұны.Ақпарат адамның білімін толықтырады.

3.Ақпараттық үрдістер   неше түрге бөлінеді?

 3 түрге:Ақпаратты сақтау.Ақпаратты жіберу.Ақпаратты түрлендіру.

4.Ақпараттың өлшем бірліктерін ата?

Байт,килобайт,мегабайт,гигабайт,терабайт.

5.Ересектерге компьютер алдында қанша уақыт отыру керек?

2 сағаттан аспауы керек.

6.Компьютер дегеніміз не?

Компьютер-адамның ақпаратпен жұмыс істеуіне арналған әмбебап техникалық құрал.

7.Деректер дегеніміз не ?

Компьютер жадында арнайы түрде көрсетілетін өңделетін ақпарат.

8.Компьютер жадының неше түрі бар?

Екі.Ішкі және сыртқы

                                                  г/  Тест жұмысы.

-Алдарымыздағы ноутбуктардың бетінде 7сынып деген папка бар.Ашып ішіндегі тест жұмысын орындаймыз.

  1. Мағынаны тану

 

а/Дәптермен жұмыс.

-Қане балалар күннің жады мен тақырыпты жазып аламыз.

-Бүгінгі біздің қарайтын тақырыпшаларымыз.

1.ДК дегеніміз не?

Осы күні ЭЕМ-ы неше түрлі болып келеді,бір бөлмеде толық орналасатынан бастап,үстелде, портфельде және қалтаға салып жүруге арналған.Әрқайсысы әр түрлі мақсатта қолданылады.Бүгінгі күні ең көп тараған ЭЕМ –ң түрі-ДК.ДК-ның түрлері көп: стационар/тұрақты бір орнында тұратын/ және  стационар емес/ноутбуктер , планшетті ДК, немесе қалталы ДК.

2.ДК –ның құрылғылары.

«Компьютер» сөзі «есептеуіш дегенді білдіреді, Компьютер деректерді программалап өңдеуге арналған электрондық құрылғы.

ДК өнеркәсіп бұйымы ретінде өзара жалғастырушы кабельдермен байланыстырылған бірнеше блоктардан тұрады. Блоктардың номенклатурасы (тізімі) әр түрлі болуы мүмкін, бірақ кез келген компьютер жұмыс істеуі үшін үш блоктан тұратын жинақ керек (компьютердің негізгі жинағы). Басқа құрылғылардың барлығы қосымша деп аталады.

Компьютердің аталған негізгі жинағының басты элементі – жүйелік блок. ДК-дің жүйелік блогы – компьютердің негізгі тораптары орналасқан тік төртбұрышты қорапша, онда:

  • Аналық (материнская, системная)
  • Процессор
  • Қоректендіру блогы
  • Жедел жад
  • Қатты диск
  • CD-ROM
  • Көрініс платасы
  • Дыбыс платасы
  • Және т.б. құрылғылар орналасқан.

 Монитор (дисплей)-бұл кез-келген ақпараттарды (текстік, графиктік және т.б) экранға шығаруға негізделген құрылғы.

Пернетақта (клавиатура)-бұл кез-келген ақпараттарды (сандық, символдық және т.б) компьютерге енгізуге негізделген құрылғы.

Бұлардан басқа, компьютердің көптеген құрылғылары бар, оларды енгізу-шығару құрылғылары деп атайды.

Тышқан (мышь)-бұл компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы

Басу құрылғысы (принтер)-бұл кез-келген ақпараттарды компьютерден қағаз бетіне шығаруға негізделген құрылғы.

Сканер-бұл графиктік немесе текстік ақпараттарды компьютерден тікелей оқитын құрылғы.

Дыбыс колонкалары -дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы

Құлақшын — дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы

Микорфон — Дыбыстық ақпаратты енгізуге арналған құрылғы

Джойстик — Компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын тетік

Модем-бұл телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен ақпараттарды алмасуға арналған құрылғы

Бұл құрылғылардың әр қайсымен тереңірек алдыңғы сабақтарымызда танысатын боламыз.

Оқулықтағы 2,8 суретте стационар ДК кешені, ал 2,9 суретте ноутбук берілген .Ноутбукта барлық қажетті компоненттер бір корпус ішінде орналасады және ол кітап сияқты бүгіліп жабылады.Сыртқы жадтың барлық құрылғылары , онымен қоса енгізу арқылы өзара байланысқан.онымен қоса диск жетекші бақылаушысы, монитор бақылаушысы, принтер бақылаушысы және т.б болады.

Жақын арада ДК құрамында әмбебап алып-салу құрылғысы /юзби/ арқылы басқа құрылғыларды : принтер, монитор, пернетақта, тінтуір  және т.б қоса алатын әмбебап бақылаушы пайда болды.

3.ДК құрылғылары өзара байланысының магистральды қағидасы.

Компьютер құрылғылары арасындағы ақпараттық байланыстың ұйымдасу қағидасы -өзара байланыстың магистральды қағидасы деп аталады.

Процессор магистраль /шина/ деп аталатын көпсымды желі арқылы басқа құрылғылармен байланысады.Құрылғылардың өз нөмірі бар, ал ол нөмір бұл құрылғының рөлін орындайды.Ақпарат осы адреске жіберіледі де, бақылаушыға беріледі.

б/ -Балалар алған білімдерімізді одан әрі толықтыру үшін тақтаға қарайық.

 

  • Ой толғаныс

-Ендеше , алдарыңыздағы ноутбуктердің бетінде Sin Kaz деген электронды оқулық берілген. Соны ашамыз.

                   а/Сондағы тапсырмаларды орындаймыз.1-4 дейін.

    б/«Көзге жаттығу»

                     Шаршаған көздерімізге жаттығу жасап алайық, тақтаға қарап көздеріміздң бірге қозғалтамыз.

        в/Сәйкестендіру тесті

        г/Информатикалық диктант

д/Бекіту сұрақтары:

1.ДК құрастыратын ең аз құрылғылардың жиынтығын атаңыз?

Монитор,жүйелік қорап, пернетақта, тышқан немесе тінтуір.

2.Жүйелік блок құрамына қандай құрылғылар кіреді?

 микропроцессор,ішкі жад,дискжетектер, электр қоры

3.Бақылаушы дегеніміз не?

Сыртқы құрылғылар ДК де бақылаушы арқылы байланысады.

4.Қалайша ДК түрлі құрылғыларын өзара физикалық тұрғыда байланыстырады?

ДК-де барлық құрылғылар магистраль немесе шина деп аталатын көпсымдармен.

5.Қалайша шина бойынша жіберілетін ақпарат қажетті құрылғыға түседі?

Адрестік шина бойынша жіберіледі.

 Рефлексия.

Бүгінгі сабақта көзің арқылы нені меңгердің?

Бүгінгі сабақта құлағың арқылы нені меңгердің?

Бүгінгі сабақта қолың арқылы қандай қызмет атқардың ?

Бағалау.

а/Топты

б/жекелеп 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информатикалық диктант

 

 

1.     Компьютерлік жүйенің негізгі бөлшектерінің атауларын жаз:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Қалдырып кеткен сөздерді аяқтап жаз.

Пернетақта

Пернетақтаның көмегімен компьютерге …………….. енгізуге және басқаруға болады. …………………жүзден астам пернелер бар……………….. көбінесе информация енгізу міндетін атқарады, бірақ олардың кейбіреулері ……………………басқару үшін қажет.

 

 

 

3. Қалдырып кеткен сөздерді аяқтап жаз

Тышқан

Тышқан ………………….. басқаруға арналған. Оның екі……………… бар, бірақ олардың көмегімен әртүрлі көп жұмыс жасауға болады. Тышқанды үстел бетінде жылжытқанда, онымен бірге ……………….. экранында тышқанның нұсқағышы да жылжиды. Команда беру үшін нұсқағыш графикалық басқару элементіне апарып, содан кейін тышқанның батырмаларының бірімен жылдам шерту керек. Шерткен кезде …………………. команда алады.

 

 

 

4. Төмендегі сөйлемдерді толықтырып жаз.

                       мәтіндерді, бейнелерді экранға шығару міндетін атқарады.

………………….. компьютерге мәтіндік информацияны енгізуге арналған.

…………………… компьютерді басқаруға арналған.

Компьютер орындайтын барлық есептеулер ………………………….. жүреді.

……………………дыбысты информацияны шығаруға арналған.

 

1       Компьютерлік жүйенің негізгі бөлшектерінің атауларын жаз:

 

 

 

монитор

 

 

 

 

 

 

пернетақта

 

 

  1. Қалдырып кеткен сөздерді аяқтап жаз.

Пернетақта

Пернетақтаның көмегімен компьютерге информацияны енгізуге және басқаруға болады. Пернетақтада жүзден астам пернелер бар. Пернелер көбінесе информация енгізу міндетін атқарады, бірақ олардың кейбіреулері компьютерді басқару үшін қажет.

 

 

  1. Қалдырып кеткен сөздерді аяқтап жаз

Тышқан

Тышқан компьютерді басқаруға арналған. Оның екі батырмасы бар, бірақ олардың көмегімен әртүрлі көп жұмыс жасауға болады. Тышқанды үстел бетінде жылжытқанда, онымен бірге монитордың экранында тышқанның нұсқағышы да жылжиды. Команда беру үшін нұсқағыш графикалық басқару элементіне апарып, содан кейін тышқанның батырмаларының бірімен жылдам шерту керек. Шерткен кезде компьютер команда алады.

 

 

  1. Төмендегі сөйлемдерді толықтырып жаз.

Монитор мәтіндерді, бейнелерді экранға шығару міндетін атқарады.

Пернетақта компьютерге мәтіндік информацияны енгізуге арналған.

Тышқан компьютерді басқаруға арналған.

Компьютер орындайтын барлық есептеулер жүйелік блокта жүреді.

Дыбыс колонкалары дыбысты информацияны шығаруға арналған.