Ұяшықтарды қосу, біріктіру, өшіру

64

Сабақ тақырыбы: Ұяшықтарды қосу, біріктіру, өшіру

2.Сабақтың мақсаты : WORD текстілік редакторында кесте құру, өңдеу, пішімдеу.

  1. Тәрбиелік мақсаты : оқушылар алған білімдерін математика сабағымен салыстыру,

пайдалану.

  1. Дамытушылық мақсаты : MS WORD редакторында жұмыс жасау түсініктерін дамыту
  2. Сабақ жабдығы : Слайд, интерактив тақта.

Сабақ түрі: теориялық-практикалық

Сабақ әдісі : дамытушылық

Сабақтың жүрісі : а) үйымдастыру ә) түгелдеу б) сынып тазалығы в) бірынғай талап ережесі г) үй тапсырмасын тексеру.

  1. Жаңа сабақ : Ұяшықтарды қосу, біріктіру, өшіру.

Кей жағдайда дайын кестеге баған, жол, немесе жекелеген ұяшықтарды қосу қажеттігі туады. Кестеге баған немесе жол қосатын болсақ, онда деректердің жаңылысуы болмайды. Ал кестеге жеке ұяшықтарды абайлап қосу керек, өйткені егер программада ұяшықтардың қайда жылжитынын көрсетпесе, онда ұяшықтардағы деректердің жаңылысуы мүмкін.

Ұяшық  немесе бір блок қосу үшін , алдымен жанына жаңа ұяшық орналасатын ұяшықты белгілеңдер. Содан кейін ТаблицаДобавить ячейки  командасын орындаймыз.

 

 

Кестенің  жолын, бағанын немесе ұяшығын өшіру үшін , ең алдымен ұяшықтарды ерекшелеп, содан кейин Таблица Удалить ячейки командасын орындау керек.

Удаление ячеек диалогтік терезесінде ұяшықтың солға (ерекшеленген ұяшықтар өшеді), жоғары ығысуы және жол немесе баған өшірілуі көрсетіледі.

Жолдардың көрші ұяшықтарындағы ақпаратты біріктіріп, оларды бір ұяшыққа орналастыру үшін осы ұяшықтарды ерекшелеп Таблица Объеденить ячейки  командасын орындаймыз.

Кестенің ұяшықтарын бағандарға немесе жолдарға бөлу керек, ол үшін Таблица Разбить ячейки  командасын орындаймыз.

 

Бекіту : кестені құрып ұяшықтармен жұмыс жасау: біріктіру, туралау бөлу алып тастау.

Үйге тапсырма : мазмұнын қарап шығу, орындау командаларын үйрену.