Paint графикалық редакторында сурет салу

79

Пәні : Информатика

Мерзімі: 19 ақпан 2011жыл .

Сабақтың тақырыбы : Paint графикалық редакторында сурет салу.

Сабақтың мақсаты :

  • Оқушылардың пәнге деген ынтасын, қызығушылығын  арттыра отырып, білімін бағалау.
  • Оқушының белсенділігін, ой-өрісін, дүниетанымын, тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
  • Оқушыны кішіпейілділікке, адамгершілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілі: ойын элементі бар практикум әдісі.

Сабақтың формасы : топтық, жұптық (2 топқа бөлінеді).

Сабақтың жоспары:

«Бақытты сәт» ойыны :

  1. «Бой сергіту»
  2. «Бөшкедегі бас қатырғылар»
  3. «Көкпар»
  4. «Шығармашылық тапсырма»:
    • 1-топ : «Гүлдер әлемі»
    • 2-топ: «Құстар әлемі»

 

  1. «ЭССЕ» жазу
  2. «Топ басшыларының сайысы» . Техникалық диктант.

Сабақтың барысы :

Пайдаланылған көрнекіліктер :

 

«Бой сергіту» сұрақтары:

  1. Графикалық редакторды іске қосу жолын ата.
  2. Салынған суретті сақтау үшін қандай әрекет орындалады?
  3. Тұйық контурдың ішін бояу үшін қандай құрал пайдаланылады?
  4. Түстер тақтсын жұмыс алаңына шақыру үшін қандай әрекет орындалады?
  5. Құралдар тақтасын шақыру қандай пернелер комбинациясы көмегімен орындалады?
  6. Жұмыс үстеліндегі суретті бірден жою үшін қандай әрекет орындалады?
  7. Жаңа бет ашу үшін қандай әрекет орындалады?

«Бөшкедегі бас қатырғылар» ойының тапсырмасы :

«Көкпар» ойынының тапсырмасы :

 

Редактордың терезе элеметтерінен сұрақтар қойылады. Жауап жылдам берілуі керек.

 

«Техникалық диктант» :

 

Графикалық редактор ____________ сурет салуға, графикалық объектілерді өңдеуге арналған бағдарлама.

Бағдарлама мынадай терезе элеметтерінен тұрады ________________________________________________________________________.

Негізгі түсті таңдау үшін мауыстың _____________ батырмасын, фонды таңдау үшін _____________батырмасын шертеміз.

Мәзір қатары мынады әрекеттерден тұрады ……………………………………………………………………………………………………………………………