Компьютерлік графика

159

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика

Сабақтың мақсаты:  ақпараттық технологияны  меңгерген,  компьютерлік сауатты, интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру.

Білімділік: Компьютерлік графикалық редакторлармен танысып, олардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін толық меңгеру.

Дамытушылық:

-практикалық  дағдыларын   дамыту

— өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру

Тәрбиелілік:   өз бетімен жұмыс жасауда   ұқыптылық, еңбекқорлық, жинақылық, шапшаңдық  қасиеттерін тәрбиелеу

Сабақ түрі:   Аралас

Қолданылатын материалдар:  интерактивті тақта, проектор, слайдтар,  тест.

Білу керек: Жоба жүргізу барысында оқушыларға тақырыпты өз бетінше түсінуге қолайлы жағдай тудыру, жаңа тақырыпты ұғындыру негізінде ақпаратты қорғау, графикалық редакторлар ұғымдарын түсіну

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі          

І. Оқушылармен сәлемдесу, журнал бойынша түгелдеу, сабаққа дайындау.

ІІ. а)Өткен материалдар бойынша сұрақтар,  б) Тест арқылы тексеру: 20 сұрақ

Сұрақтар:

  1. Операциялық жүйе деген не?
  2. Операциялық жүйенің бөліктері қандай, қызметі?
  3. Қандай операциялық жүйелерді білесің?
  4. Көптапсырмалы операциялық  жүйенің біртапсырмалы операциялық жүйелерден айырмашылығы қандай?

 

  1. Пікір деген не?
  2. Логика деген не?
  3. Логикалық амалдарды айтып беріңіз?
  4. Амалдарды пайдалана отырып мысал келтір.

 

  1. Бума дегеніміз не?
  2. Файл деген не?
  3. Файлдың нақты аты бойынша іздеу қалай іске асады?
  4. Ақпараттың өлшем бірліктерін ата?

 

  1. Компьютерлік вирус деген не?
  2. Компьютерлік вирустардың негізгі түрлерін ата
  3. Зақымдалған деп қандай программаны айтамыз?
  4. Компьютерді және файлдарды  сақтау үшін пайдаланушы компьютерлік вирустардан қорғанудың қандай негізгі әдістерін білу керек?
  5. Қандай вирусқа қарсы программаларды білесің?

 

Жаңа сабақ.  Қанеки, балалар, сіздер компьютердің мониторы екі режімде: мәтіндік және графикалық режімдерде жұмыс істей алатынын 7 сыныптан білесіңдер. «Компьютерлік графика» деген сөз тіркесі қазіргі уақытта жиі қолданылады. Компьютерлік графика дегеніміз не? Қандай түрлерін білеміз?

Компьютерлік графика олар әр түрлі жарнама агенттігінде, әсемдеуші бюрода, редакция және баспаханаларда басқа да кәсіби бағыттарда қолданылады.

Графика арқылы өте күрделі суреттерді құрайды, электронды құжаттарда қолданады, объектілердің моделі мен құрылысын зерттейді.

Компьютерлік графика өте қарқынды дамып келе жатқан ғылыми индустрия. Сондықтан компьютерлік графика негізін кез келген жоғарғы білікті маман білуі керек.

Компьютерлер   көмегімен    құрылған  кескіндер  компьютерлік  графика деп  аталады.

Компьютерлік  графиканың   әр  түрлі  топтамасы  бар.

Түс  ерекшелігіне   қарай: қара-ақ   және   түрлі-түсті  болып  ажыратылады.

Қолдану  бағыты:

1)Инженерлік  графика;

2)Web-графика;

3)Ғылыми графика

4)Iскерлік  графика

5)Конструкторлық графика

6)Иллюстрациялык көрнектi графика

7)Көркем және жарнамалық графика (Художественная графика) т.б

 

 

 

 

Компьютерлік графика:

1)Растрлық  графика.

2)Векторлық  графика.

3)Фрактальдық  графика  болып бөлінеді.

Растрлық  графика.

Дисплей экранында жекелеген нүктелерден (пиксельдер) тұратын графикалық бейнені кескіндеу түрі растрлық деп аталады. Растрлық гарфикалық редактордағы ең кіші (минималь) объект нүкте болып табылады. Растрлық графикалық редактор сурет, диаграмма жасауға арналған.

Растрлық  кескіндер  мозаика тәріздес

Растрлық  кескін үлкеюге  де  кішіреюге  сезімтал.Оны кішірейткенде    ұсақ  бөлшектердің  айырмашылығы   бұзылады.

Үлкейткенде: сатылы   эффект  пайда  болады

Векторлық:

Бұл  нүктелер, сызықтар, шеңберлер, төртбұрыштар  және  т.б   геометриялық  примитивті  пайдаланып, компьютерлік  графикада  кескінді   өрнектеу.

Құндылығы:

Сапаны  жоғалтпайды. Шексіз   үлкейтуге  болады.

Айырмашылықтары:

Растрлық  графикада  кескіндердің  базалық  элементі — нүкте.

Векторлық  графикада — сызық.

Пиксель — монитор   экранындағы  кескінінің   минималды  пішіні

Фрактальды графика:

Математикалық  есептеулерде  негізделген. Кескіндердің   негізгі   элементі — математикалық  формула. Фрактальды  детальді сипаттау   жады  талап  етілмейді, ол кескіндердің   бүтін  бір  бөлігін  сипаттауға  мүмкіндік  береді.

Компьютерлік   графикада  фрактальдар   табиғи құбылыстарды, мысалы: бұлттар, қар.

 

Компьютерлік кескіндерді өңдеу үшін арнайы программалар — графикалық  редакторлар пайдаланылады.

Графикалық  редакторлар — бұл  графикалық  кескіндерді   құруға, редакциялауға, қарап   шығуға  арналған  программалар. Қазіргі кезде компьютерлік графикамен жұмыс жасауға арналған көптеген программалық құралдар бар. Графикалық редакторларды да екі категорияға бөлуге болады: Растрлық, векторлық.

Растрлық редакторларға: Adobe  Photoshop, Сorel  PhotoPaint, Paint. Түсірілген суреттер мен жалпы суреттерді өңдеуге Растрлық редакторлар ыңғайлы

Векторлық графикалық редакторларға: Word мәтіндік  редакторына  құрамдас  графикалық  редакторды, CorelIDRAW,  Adobe IUustrator, т/б .

Компьютерлік гафиканың пайдасы:

1)Графикалық  примитивтерді (сызық,төртбұрыш  т.б) салу.

2)Кескіннің  кез  келген  бөлігін  кесіп  алу.

3)Сурет  салу, бояу.

4)Ұсақ  бөлшектерді  анықтап  зерттеу.

5)Көркем   хабарлама  дайындау.

6)Сақтау. Редакциялау.

 

Растрлық бейнелер:

 

 

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға тапсырма беріледі:

 

«Құттықтау парағы» Өзіңнің досыңа деген құттықтау парағын құрыңыз.

 

Бағалау: Күнделікпен жұмыс

Үйге тапсырма: Компьютерлік графика