Шешендік өнер

59

Өтегенова Набия Төлегенқызы

БҚО, Казталов ауданы, Казталов ауылы. Казталовка ОЖББМ.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.


Мерзімі: 27.09.2012 ж.

Сыныбы:

Пәні: Қазақ әдебиеті

Тақырыбы: Шешендік өнер

Сабақтың мақсаты:

                                а) білімділік – Шешендік өнердің алуан сипаттары,

шешендік сөздің түрлері мен ерекшеліктері туралы толық

мағлұмат беру; өсиет-нақыл, даналық, аталы сөздердің,

шешендік толғау, арнау, даулардың мазмұнын меңгерту,

мәнін ашу; Шешендік сөз тарихынан алған білімдерін

ғылыми түрде тереңдету, сөз асылы – шешендік туралы ой-

танымдарын  қорытындылау.

 

                             ә) дамытушылық – Шешендік өнер туралы білімдерін

тереңдете отырып , ой белсенділігін дамыту,шығармашылық

ізденіске бағыттау,сөйлеу мәдениетін

қалыптастыру. Сезімтал, шешен бола білуге ұмтылдыру,

оқушының тіл байлығын, сөздік қорын байыту;

тапқырлыққа, шешен сөйлей білуге баулу.

 

б) тәрбиелік – Оқушыларды халықтық мұра – шешендік

сөздерді айтып үйренуге, тәлім-тәрбие алуға және халықтық

салт-дәстүрімізді сақтап, шешендік өнерді қадірлеуге,

ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу болып

табылады.

Халықтың баға жетпес рухани байлығын, ауызша жасалып, ауызша таралып, заманнан-заманға, бүгінгі күнге жеткен шешендік сөз өнерін меңгерген, шешендік сөздерді өз заманына, ортасына лайық қолдана білетін, сөз құдіретін бағалайтын, сөз сөйлеуде үлкен жауапкершілікті                сезінетін, тіл байлығы мол, жан-жақты білімді, саналы азамат қалыптастыру.

 

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, топтастыру,шығармашылық тапсырма т.б.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, үнтаспа, қанатты сөздер, тірек

сызбалар, портреттер.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, шешендіктану, қазақ тілі

 

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үй тапсырмасын тексеру.
  3. Жаңа сабақ

І.. Билер ауылына саяхат.

ІІ. «Атаның сөзі – ақылдың кені» атты интелектуалды ойыны

  1. Бекіту.

 

Жаңа сабақ

Мұғалім: –  Балалар, Өткірдің жүзі

Кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас.

Білгенге маржан

Білмеске арзан

Надандар баһра ала алмас.

Толғауы тоқсан қызыл тіл

Сөйлеймін десең , өзің біл, – деген Абайдың бұл өлең жолдары не туралы деп ойлайсыңдар?

(Сөз өнері, шешендік туралы)

– Ендеше, бүгінгі сабағымыз осыған дейін өтілген шешендік сөздерді қаншалықты меңгергенімізді анықтауға бағытталмақ.

Қазақ  – сөз қадірін өз қадірім деп білген, кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған халық. Қазақ халқында сөздің орны ерекше. Бітпес даудың, бәтуәсіз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаяр, лып еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат, мұң мен сыр –  бәрі сыйған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай-ақ білсін. Қазақ халқы –  қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай өнеге — үлгі ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан, басынан сөз асырмаған, ешкімге есе бермеген, бір ауыз сөзге тоқтаған данышпан  халық. Шешендік сөздер қашанда  халықтың қажетті мұрасы болып табылған. Сонымен  бірге олар –  тәрбие құралы . Қазақ елі қандай ауыр жағдайда өмір сүрмесін, өзінің би-шешендерінің сөзін жадында сақтап, жаттап айта жүруді, одан үлгі-өнеге алуды тоқтатқан емес. Шешендер мен билер әрқашан шындықты айтып,  аз сөзге көп мағына  сыйғызып, халықтың рухани қажетін өтеп отырған. Шешендіктің негізгі қасиеті – айтылған ойға тапқыр, әрі жедел жауап қайтару.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айту.

Жиренше, Асанқайғы, Саққұлақ шешен, Ақтайлақ шешен, Төле, Қазыбек, Әйтеке билер – қазақ шешендік өнерінің  майталман өкілдері.

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Билер ауылына саяхат.
  • Шығармашылық тапсырма:

1-топ. «РАФТ»

2-топ. «5 жолды өлең»

3-топ. «Таза, мінсіз асыл сөз»

 

Бекіту.  «Атаның сөзі – ақылдың кені» атты интелектуалды ойыны.

– Ал, балалар, би-шешендеріміздің  өнегелі сөздерін жадымызға жаттап,  қаншалықты санамызға сақтағанымызды байқау үшін

«Атаның сөзі – ақылдың кені» атты интелектуалды ойынын жүргізбекпіз.

Ойын талабы –  ұяшықтарда берілген би-шешендердің сөздерін жалғастыру, сұрақтарға жауап беру.

 

Қорытындылау.

Мінеки, балалар, біз бүгін би-шешендер ауылына  саяхат жасай отырып, шешендік сөздер туралы ойымызды дамытып, қиынынан қиыстырып,  төтеннен төге сөйлейтін олардың аталы да баталы сөздерінен мол ғибрат алдық. «Аталы сөзге арсыз тоқтамайды»  дегендей сөз қадірін түсініп, орынды қолдана білуге, ана тіліміздің асыл құндылықтарын еркін қолдана білуге үйрендік. Ерлікке, бірлікке шақырған осындай халықтың көңіліне ұнаған, жадында сақталған сөзі мәңгі өмір сүретіні сөзсіз.

 

Үй тапсырмасын беру. Шешен-билердің сөздерін жаттау.

Бағалау.