Орта факторлары және тірі ағзалар

44
Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Баймаханов Мейрамбек 9 «А» сыныбы

Оқушының саны —

Ақмола облысы

Бурабай  ауданы

Зеленобор мектеп-гимназиясы

4 апта 30.03.2013  
Сабақтың тақырыбы Орта факторлары және тірі ағзалар
Сілтеме Биология.  Жалпы биология. 9 сынып оқулығы.Алматы. «Алматы» 2009.  Ж. Шілдебаев, ж. Қожантаева, Л. Аманжолова
Жалпымақсаты Білімділігі: оқушылардың ойында абиоздық, биотикалық және антропогендік факторлардың ағзаға қалай әсер ететінін нақты дәлелдер арқылы түсіндіру.

Дамытушылық: Қоршаған ортаны сақтауда экологиялық факторлар  туралы

білімдерін тереңдете отырып ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауды құрбы – құрдастар арасында дисскусия жүргізу және олардың маңызын түсіндіре отырып салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.

 

 Міндеттер:

 

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері 1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу;

2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру;

3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау;

4. денсаулық сақтауда экологияның алтын орны

Сабақта туындаған негізгі идеялар 1.Оқушының  өмірдегі біліміне, білетініне сүйену;

2. Өмірде кездесетін экологиялық апаттар

Тапсырмалар Ø  Ойланып жауап беріңдер тапсырмасына хабарлама дайындау, дәптерлеріне кестені толтыру
1 сабақ. тақырыбы: Генетиканың маңызы. Денсаулық сақтаудың генетикалық проблемалары
Бездердің бөлінуімен танысу
Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер мен оқушылар іс-әрекеті.

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу  /0,5 мин/

СТО сұрақтары Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта  оқушыға қандай пайдасы бар?

Оқушылар өтілетін тақырыпты келтіріп шығарады

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды топқа бөлу. Оқушылардың қолдарына сурет қиындыларын тарату. Сол қиындылардан тұтас сурет құрастыру арқылы топқа бірігу./2 мин/

 

 

Сын тұрғысынан  ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

І. Қызығушылығын оятуСлайд1,2

1.      Әр топ құрастырған суреттеріне қарап бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын табу керек. Сабақтың тақырыбы келіп шыққаннан кейін топтарға қосымша 1 – 2 минут жұп болып бүгінгі сабағымыздың мақсатын келтіріп шығаруға уақыт беріледі.

Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсене қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану   арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу

— оқушыларды белсенділігін арттыру

 

ІІ. Мағынаны тану

Карусель стратегиясы.

Оқушыларға оқуға 5 минут беріледі. 4 топқа әртүрлі проблемалық сұрақтар жазып бересің?

Бірінші топ сұрақтарға жауап беріп, сағаттың жүретін бағыты бойынша жазып келесі топқа береді, ал екінші топ ол берілген жауапты қайталамау керек. Екінші топ жауаптарын жазып үшінші топқа береді.

 

Галерея  

Оқушылар карусельді болған соң, өз жұмыстарын тақтаға іліп қояды. Әрбір оқушы нақты және дұрыс жауапқа өз дауыстарын береді. Осы жолмен топтың қалай жұмыс істегендері бағаланады.

Сергіту сәті

Толғаныс (рефлексия)

-сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру

ІІІ. Ой қорытынды

4 топқа тапсырма беріледі. 1,2,3 топқа экологиялық факторларды үш бағанға ажыратып жазу. 4 топқа тақырыпқа байланысты оқиға беріледі соны сахналық көрініс ретінде көрсету.

1,2,3 топ тапсырмалары

Орта факторларын үш бағанға бөліп жазыңдар: орман өрті, қоянды қуалау, қар жауды, атмосфераны улау, таңқурайды аюдың жеуі, аптап ыстық, кәріз суының өзенге ағуы, өсімдіктердің тозаңдануы, жаңбыр.

Дарынды талантты балаларға арналған тапсырмалар.

Соңында ой қорытынды ретінде оқушыларға жер жаннаты бурабайға тілек айту.

 

Бағалау түрлері

—      оқушының өзін-өзі бағалауы;

—      топтық өзін-өзі бағалауы;

—      мұғалімнің бағалауы;

—      жалпы бағалау;

—      критерийлер арқылы бағалау

 

Бағалау: /4мин/ Өзін-өзі және достарын бағалау парағы

      Бірге ойлаймыз, сөйлейміз, орындаймыз

Менің есімім _______________________  Күні__________

Бұл сабақ: _________________________________________

Мен жұмыс істейтін топ мүшелерінің есімдері:

1.______________    2. ______________________    3. ________________

4. _______________                         5. ______________

Әңгімелесуге қатысушылар

Әңгіменің түрі

1 2 3 4 5
Жақсы сұрақ қойды
Қызық сын айтты немесе қарсылық білдірді
Жақсы ұсыныс айтты
Олардың пікірін өзгертті
Жақсы нәтиже берді
Тиісті ақпаратпен бөлісті
Мұқият тыңдады
Келісімге келуге тырысты
-сабақты қалай аяқтауды жоспарлау Тапсырмалар орындау арқылы аяқтау
Сабақты аяқтау түрлері

-бір пікірге келу…

-өз пікірін дәлелдеу…

-үйде жалғастыру…

Үй тапсырмасы:

/1,5 мин/                     45 мин. Сабақтың соңы

Сабақ барысын ұйымдастырудағы қосымша іс-әрекеттер немесе сабақ бойынша өзгертулер

-оқушы алған білімінің  деңгейін  қандай дәлел арқылы білуге болады?

— оқушының білмегенін жеткізе аламыз ба?

-мүкіндіктер мен уақыт жеткілікті болды ма?

оқушының белсенділігі, оған деген сенім, бірігіп жұмыс жасау ынтымақтастық арқылы  дәлелдей аламын. Мысалы: топтардың суреттерді талқылап, салыстыра алуы, жұмбақтар шешу, мәтіндегі анықтамаларды түсініп нәтижесін флипчартта салу, жазу арқылы ғана түсіндіруге болады. Мұнда  оқушылар ынтымақтаса отырып білім беру үдерісіне белсенді араласуы, жеке тұлға ретінде өз-өзіне сеніммен қарап жұмыс жасауы(өзін-өзі бағалауы), білім берудегі жаңа мүмкіндіктерді (достарымен бірге жұмыс жасау) пайдана алды. Бұл жердегі ең негізгі принцип сенім білдіру мен ынтымақтастық болды.

 

-қандай әдіспен олардан топ құрамын? (білім деңгейі, өз қалаулары, өзара үйрету топтары) 1.Топтарды құрастыру кезінде алдын ала іріктеу және саралау жүргізілген жоқ. Топтар сол сабақ үстінде ойындар арқылы топқа бөлінді.

2. Барлық оқушылар үшін тапсырмалар бірдей деңгейлі қиындықтары бар.

3. Бұл арада мұғалім балаларға сеніп, олардың білімін арттыру, кеңейту жайлы ғана іс-әрекеттер жасады. Мұғалімнің мақсаты мен міндеті әр бала- ның өзінің қабілет  қарымын аша түсуге күш салдым.

 

Кері байланыс парағы.

Оқушының аты-жөні_________________________________________

 

Сабақта ұнағаны Сабақта ұнамағаны Сабақта нені өзгерткің келеді