Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

468

Сабақтың тақырыбы: Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың білім дағдысын қалыптастыру

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өзін – өзі дамуына жетелеу және оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбие және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты игеру

Сабақтың көрнекілігі:

І Кіріспе 

Ұйымдастыру кезеңі:      — оқушылармен амандасу

— сыныптың тазалығын тексеру

— сыныптың кезекшілігін анықтау

— оқушыларды түгендеу

— сабаққа дайындықтарын тексеру

 

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

  1. Денесінде қылтандары болмайтын буылтық құрт.
  2. Құрамы нәруызға бай, сүліктің сілекейінде болатын, қанды ұйытпайтын ерекше зат.
  3. Егістік жерді жыртқанда қарғалар теріп жейтін буылтық құрт.
  4. Әрі аталық, әрі аналық жыныс мүшелерінің бір құрттың бойында болуы
  5. Көпқылтанды буылтық құрт
  6. Буылтық құрттар типінің теңізде мекендейтін түрі.
  7. Шұбалшаңның қанның түсі

Жауаптары.

  1. Сүлік 5. Құмқазар
  2. Гирудин 6.Нереида
  3. Шұбалшаң 7. қызыл
  4. Гермафродит

 

ІІ Негізгі бөлім. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі

Ұлулар денесі жұмсақ, үш қабатты, екіжақты симметриялы көпжасушалы омыртқасыз жәндіктер. Олардың денсі бастан, тұлғадан, аяқтан, бақалшақтан және бақалшақ қалдығынан тұрады. Ұлулар типіне бұрын «былқылдақденелілер» деген атау пайдаланылған. Ұлулар типінде 130 мыңнан астам түр бар деп есептеледі.

Ұлулар типі

 

Бауыраяқтылар         Қосжақтаулылар            Басаяқтылар

Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі ерекшелігі – денесі бунақтарға бөлінбейді. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат – шапанша (мантия) түзіледі. Тұлға мен шапанша аралығында шапанша қуысы болады, ал шапаншаның үстіңгі бетінен бақалшақ қалыптасады.

Асқорыту жүйесі едәуір күрделі. Дененің алдыңғы бөлігіндегі ауыз тісшелері – үккі тілге және жұтқыншаққа жалғасады. «Бауыр» деп аталатын асқорыту безінің аузы қарынға ашылады. Көпжасушалы жәндіктерден бұрын кездеспеген асқорытуға қатысатын без бауырды ұлулардан бірінші рет байқаймыз.

Тағы бір ерекшелік – ұлуларда қантарату жүйесі ашық. Көптеген ұлулардың қаны түссіз. Қанның түсі көгілдір (басаяқтылар) ұлулар да бар. Жүректе бір немесе екі құлақша, бір қарынша болады.

Құрлықта тіршілік ететін ұлулар өкпемен тыныс алады. Суда тіршілік ететіндерінің тыныс алуы шапанша астында орналасқан желбезектер арқылы жүзеге асады.

Ұлулардың зәршығару жүйесі бір немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен құралады.

 

Ұлулар типі

 

Бауыраяқтылар         Қосжақтаулылар            Басаяқтылар

 

  • Бауыраяқты ұлулар класы.

Бұлар – теңізде және құрлықта тіршілік тееттін жәндіктер. Оларды көлдерден, тоғандардан, суқоймалардан да кездестіруге болады. Түйіртек, жұмырлақ көлдерде және тоғандарда өмір сүреді. Шалшық ұлуы, тоспаұлу және қошмармүйіздер баяу ағатын суқоймаларда кездеседі. Жүзім ұлуын – жүзімдіктен, ал жалаңаш шырышты бау – бақшалар мен өзге заттар астынан кездестіре аламыз.

 

  • жүзімұлу; 2 – тоспаұлу, 3 – жалаңаш шырышты, 4 – қошқармүйіз

 

  • Қосжақтаулы ұлулар класы.

Бұлар – Жер шарына кең таралған көпжасушалы жәндіктер. Олар мұхитта, теңізде, тұщы суқоймаларында, өзендерде тіршілік етеді. құрлықта кездеспейді. Қосжақтаулы ұлулар класының өкілі айқұлақ. Олардың бақалшағы ашып – жабылатын екі жақтаудан тұрады. Сондықтан  бұл жәндіктер қосжақтаулы ұлулар деп аталған.

  • Басаяқты ұлулар класы.

Олар – ең жоғары құрылымды жәндіктер. Бұларда бақалшақ жойылып кеткен. Суы тұзды және оңтүстіктегі теңіздерде, мұхиттарда ғана өмір сүреді. Басаяқты ұлулар – өте ірі жәндіктер. Басаяқтылардың денесі бастан және тұлғадан құралады. Қармалауыштардың ішкі жағында бірнеше қатар сақиналанған сорғыштар бар. Сегізаяқтар қармалауыштардың  жәрдемімен су түбінде жүріп, корегін аулайды. Каракатица және кальмар өте баяу жүру үшін қармалауышы мен басын алдыға қаратып жүзеді.

 

4 – сегізаяқ, 5 – кальмар, 6 – каракатица

 

ІІІ Қорытынды. Бекіту кезеңі.

Кесте толтырып, дұрысына (+) белгісін, дұрыс келмегеніне (-) таңбасын қойыңдар

 

 

 

Ұлулар типі

Дене қуысы Асқорыту жүйесі Артқы ішек Аналь тесігі Тынысалу жүйесі Қантарату жүйесі Сорғыштар  

Пайда болған жаңа жүйе туралы қысқаша баяндап жазыңдыр

1.      Жүзімұлу

2.      Айқұлақ

3.      Кальмар

               

 

Жұмбақ шешу

Аяғы, тұлға, басы бар,                                            Аяғы бар басы жоқ,

Сыртында сауыт тасы бар.                                     Тұлғасы бар қарны тоқ.

Ойланып көр балалар,                                            Екі жақтау қорғаны,

Шешуін оның табыңдар.                                        Ол болмаса сорлады.

(Ұлу)                                                         (Айқұлақ)

 

Бақалшағы жоқ сыртында,

Үккісі бар ұртында.

Корегін ұстар таяғы,

Арқанға ұқсас аяғы               (Сегізаяқ)

 

IV Үй тапсырмасын беру кезеңі: §45 оқу, 209 беттегі «Біліміңді сына»

V Бағалау. Оқушыларды бағалау.