Ә.Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі.

Сабақтың тақырыбы: Ә.Тәжібаев  «Толағай» әдеби ертегісі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Ә.Тәжібаев туралы қысқаша мағұлмат беру. «Толағай» әдеби ертегісімен таныстыру.

Тәрбиелік:Мәнерлеп оқуға машықтандыру.Әдеби ертегіні халық ертегісінен ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық:Оқушыларды қайырымды болуға,жанашыр болуға тәрбиелеуОтанға деген сүіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың түрі:Жаңа білім беру.

Сабақтың әдісі:Әдеби ертегіні талдау,мәнерлеп оқу.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру:Оқушылырмен амандасып,назарларын сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасы:

/Өткен тақырыптар бойынша қайталау тест.5 мин

1.Құранда неше сүре бар?

А) 114    Б) 116  В) 112

  1. Кімнің тұсында Құранды кітап етіп шығарды?

А) Хазрет Оспан       Ә) Хазрет Омар

Б) Әбубәкір Сыдық

  1. Адам атаның шын аты?

А) Сапиолла Ә) Самиғолла Б) Сымағұл

  1. Алла тағала адамды неше күнде жаратты?

А) 7     Ә) 6     Б) 8

5.Смайылдың шешесі?

А) Сара Ә) Ажар

  1. Ажар мен Смайылды Ибраһим қайда апарды?

А) Палестинаға Ә) Софа тауына Б) Құлазыған шөл далаға

7.Құранды жаттап , үнемі есіне сақтаған адамдар кімдер?

А) Қари Ә) Хафиз Б) Сахаба

  1. Алла тағала адамды неден жаратты?

А) Судан Ә) Оттан Б) Балшықтан

9.Құранда неше аят бар?

А) 666    Ә) 6666  Б)9966

10.Алла тағала әлемді неше күнде жаратты?

А) 7      Ә)6       Б)9

 

III.Жаңа сабақ:/Ә.Тәжібаев өмірі мен әдеби ертегі туралы қысқаша мәлімет 15мин беру,оқушыларға оқыта отырып,ертегі мазмұнымен таныстыру./

Ә.Тәжібаев-туған әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі.Ол 1909 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.Әбділдә әкесінен жастай жетім қалып,бірыңғай ана тәрбиесінде болған.Ауылда оқып хат таныған.Ә.Тәжібаевтың «Күй атасы», «Ақын», «Портреттер»атты дастандар жазумен бірге,лирикалық поэмалардың қазақ әдебиетінде озық үлгілерін қалыптастыруға үлес қосты.

Әдебиетті зерттеумен де айналысты.Балалар тақырыбына да қалам тартты.Соның бірі «Толағай»атты әдеби ертегі.

Қазақ әдебиетіміздегі ертегілердің бір саласы-әдеби ертегілер.Әдеби ертегінің авторы болғындықтан оны әдеби ертегі деп атайды.Әдеби ертегілер көбінесе ел арасында ауызша айтылып келген әңгіме,аңыздардың негізінде туады.Әдеби ертегілер өлең және қарасөз түрінде айтыла береді.Әдеби ертегілер де туған елін сүюді,еңбек адамын қадірлеуді,адамгершілікті,шыншыл,әділетті болуға уағыздайды.

«Толағай»әдеби ертегісіне арқау болған Толағай тауын картадан көрсету.

Толағай тауы- Шығыс Қазақстан облысы  Көкпекті ауылынан солтүстікке қарай 12 шақырым жерде орналасқан жеке шоқы..Қалбатауының бір бөлігі.Биіктігі шамамен 700 метрдей. «Толағай»тауынан бастау алған бұлақтар Шегелек өзеніне қосылады.

IY«Толағай» ертегісін оқушылардың өздеріне жекелеп оқыту, слайдтар арқылы мағынасын ашу.10-мин
Y.Топтастыру:

Топтастыру стратегиясы бойынша Толағайға мінездеме беру.Толағайдың мінездерінің сипатын мәтіннен тауып оқу.

күшті

 

 

жанашыр                                                                          алып

 

 

 

мерген                                                    батыр

 

рақымшыл

YI.Дәптермен жұмыс:

Мәтіннен тұрақты сөз тіркестерін табу.

Мәтіндегі тұрақты сөз тіркестері:Тәтті ұйқы,көзін тікті,ат арытып.

Мәтіннен синонимдерді теріп жазу.

Жас бөбек,балғын бөбек.Тұлға,пішін.Айналды,толғанды.

Бекіту:

«Толағай»әдеби ертегісінің екі бөліміне ат қою.Ертегінің тақырыбы мен идеясын ашу. I бөлім.

Ерекше болып өскен Толағай.

II бөлім.

Ел үшін құрбан болған Толағай.

Ертегінің тақырыбы:Ерлік туралы.

Ертегінің идеясы:Отан үшін,ел үшін Толағайдай ерлер туса екен деген тілек,ниет.

Ертегінің композициялық құрылымы:

Басталуы:Саржан атты мергеннің ұлды болуы.

Дамуы:Толағайдың ер жетуі.

Шиеленісуі:Толағайдың халқын ойлап күйзелуі.

Шарықтау шегі:Толағайдың еліне тауды көтеріп әкеліп,жаңбыр жауғызуы.

Шешімі:Толағай-елі үшін құрбан болды.

.Ерлік,батырлық туралы мақал-мәтелдер жазып келу.

YIII.Бағалау:Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

№3 орта мектеп

 

 

 

 

 

Ашық сабақ

Тақырыбы: Әбдіда Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі.

5-сынып

 

 

 Өткізген: Есбергенова Мереке

 

 

 

 

  

Ақтау 2014 ж