Іскерлік ойын Деловая игра

152

Іскерлік  ойын Деловая  игра

Тақырыбы  : «Жеке тұлғаны қалыптастырудағы ақпараттық  технологияны

оқытудың рөлі».

Мақсаты :     а) Информатика пәніне оқушылардың қызығушылығын

арттыру,мамандыққа баулу.

Тәрбиелік     ә) Оқу-тәрбие барысында сабақ пен мақсатқа тыс жұмыстардың

өзара байланысын жетілдіру;

ең   бастысы  – оқушылардың өздігінен істейтін тапсырмалар-

ды орындау  арқылы, жауапкершілігін түсінуі мен

адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытуда     б)Оқушылардың білімге,жеке пәнге деген қызығушылығын,

логикалық ойлау,сөйлеу қабілетін дамыту;

Жұмысты жүргізу  әдісім:   Іскерлік ойын – авторлық кездесу.

Көрнекілігі :  Қанатты сөздер

а)  Жеке тұлғаны қалыптастырудағы ақпараттық  технологияны

оқытудың рөлі.

ә)  ХХІ-компьютер техника ғасыры.

б)  «Халықпен халықты,адаммен адамды теңестіретін-білім»

М.Әуезов

в) Бүгінгі оқушы –ертеңгі  маман .

Тікелей байланыс телефон  нөмірі   41-4-72,  41-2-75

E-mail: aigul.bisenova@ yandex.ru

Техникалық  құралдар:Компьютер.

Проекциондық экран,граф.проектор.

Телефон байланысы,  магнитофон,микрофон.т.б.

Журналист:    —  Сәлематсыздар ма, қайырлы  күн, Құрметті оқушылар !

Бүгінгі кездесу қонақтарымен таныс болыңыздар.

Дәрігег-психолог Қарабалаева Жазира, 8-11 сыныптардың информатика пәні оқулығының авторы Ермеков мырза, және Гумилев университетінің информатика кафедрасының меңгерушісі,техника ғылымдарының докторы Шәріпбаев мырза ғалым ағаларымызбен бетбе бет кездесуге қош келдіңіздер!

Бұл кездесудің мақсаты- ақпаратты технология және оны пайдалану туралы толығырақ мәлімет  алу.

Тікелей байланыс телефон  нөмірі   41-4-72,  41-2-75 арқылы сұрақтарыңызды бере аласыздар, және  E-mail: aigul.bisenova@ yandex.ru

электрондық поштаға сұрақтарыңызды жіберуіңізге болады.

(Телефон званогын жіберу)

Журналист:  Сәлеметсіз бе,айта беріңіз!

1.Сұрақ: Ало  сәлеметсіз  бе?  Мен 8а сынып  оқушысы Нұрбергенов  Әбілқайырмын. Интернеттен керекті  мәліметті қалай  іздеуге  болады?

Журналист-  Интернет нағыз ақпарат көзі ғой.Бұл сұраққа

Шәріпбаев ағамыз жауап береді:

Шәріпбаев: желідегі керекті мәліметті табу ісін арнайы іздеу жүйелері қамтамасыз етеді.Интернетті пайдалану үшін осы іздеу жүйесін дұрыс қолдана білу керек:Интернет жүйесінде мәліметтерді іздеуге арналған программалар бар.

Yahoo,Alta Vista,-com.Керекті мәлімертті Google kz-тен табуға болады.

Журналист: Электрондық поштаға ата-анадан келген сұрақ :

2.Сұрақ:Қазір балалардың компьютерге қызығушылығы жоғары болғанмен,пайдалы істерге мысалы, компьютермен программа құру,әртүрлі тапсырмалар орындаудан гөрі қатыгездік ойындарға әуестенеді.Ол зиянды емес пе?

Журналист:Бұл сұраққа психолог — дәрігер қандай жауап айтасыз?

Психолог — дәрігер:ХХІ- жаңа ғасыр технология,компьютер ғасыр деп жатырмыз ғой.Компьютер көптеген жұмыстарды жеңілдетеді,оқушылар компьютерді меңгеру керек.Барлық нәрселерді техниканы да білудің әдіс-тәсілдері, нормасы бар.Қатыгез кино,ойындар т.б.көріністер, музыканың шамадан тыс жоғары дыбысты болуы,құлаққа наушникпен ұзақ тыңдап жүру,құлақтың есту мембранасына пайдалы емес.Әсіресе ойындар олардың нерв жүйесіне қатты әсер етеді,өйткені жылдам жауап беріп,тез қимылдауды талап етіледі.Нервтік жүйелердің қысқа уақытта қатты жұмыс істеуі жас баланың шаршауын тездетеді.Сонымен бірге адамның әсіресе жас өспірімдерге өтпелі кезең жасындағы оқушылардыға жүйке жүйелеріне әсері,тез ашуланшақ болу,психологиялық құбылыстық әсерлері болуы мүмкін.Әсіресе,түнгі ұйқы мезгілінде компьютерді пайдалануды азайту,қорғаныш пленканы орнату,дыбысты шамалау,бөлменің ауасын тазарту, «кактус»гүлін отырғызуға кеңес беремін.

Журналист: Оқушылар сіздердің қоятын сұрақтарын  бар ма?

3.Сұрақ:10а сынып оқушысы Есмұханова  Жанардың сұрағы:

Модельдеуді қалай жасауға болады, тест,калькуляторды қандай программадан құруға болады?

Ермеков:  Мына сұраққа мен жауап берейін:Модель-объектінің нақты немесе ойдан шығарылған әлем процесінің елеулі жақтарын бейнеленетін көрсетім.Модельдеуді программалардың барлығынан құруға болады. Delphi,Qbasic, Visual  Basic программасынан тест,калькуляторды құруға болады.

Журналист: Электрондық поштаға ата-анадан келген сұрақ :

4.Сұрақ:  Сәлеметсіз бе?! Мен ата –анамын. Менің психолог –дәрігерге қоятын сұрағым : Жасөспірім балдар- компьютер алдында қанша уақыт отыру қажет,адамға компьютердің қандай зиянды әсері бар?

Психолог — дәрігер:Компьютерде аз уақыт,1-сағаттан аспайтын жұмыс істегеннің өзінде жасөспірімдердің 73%-ының көзі  және жалпы өзі де шаршайтыны белгілі болып отыр,ал басқа сабақтарда 54%-ы ғана шаршайды екен.Компьютерге қызығып,эмоцианалдық деңгейі көтерілген оқушы шаршағанын байқамай,ары қарай жұмыс істей береді. Қазіргі кезде компьютер алдына кішкентайлар да отырады.Егер ол балабақшада,мектепте  болса,оларды көп отырғызбайды.Ал үйде оларды ешкім бақыламауы мүмкін.Соның нәтижесінде кешкілік бала қызып,ашуланшақ болып, ұйықтағанда жиі оянып,ата-анасын мазалай береді,оңай айтқанда көнбестей күйге келеді.  Компьютердің рентгендік сәулелерін өлшегенде ,олардың жер бетіндегі табиғи сәуледен аспайтыны белгілі болды.Сапалы компьютердің электромагниттік сәулелері де қалыптан аспайды.Бірақ сапасыз жасалған компьютердің бүйір және артқы қабырғаларынан шығатын төменгі жиіліктегі

электромагниттік сәулелер қалыптан асуы мүмкін.Жұмыс істейтін компьютер орналасқан бөлмедегі ауаның физикалық параметрлері өзгереді:температурада 26-27 градусқа дейін көтеріліп,ауа ылғалдығы да қалыптан төмен түсіп кетеді,яғни 40-60% және көміртегі тотығының да мөлшері көбейеді.Оған қоса ауа иондалады,олар адамның жұмыс қабілетіне кері әсер етеді.Ауа түйіршіктеріне  қонған иондар адамның дем алу органдарына барады.Кейбір адамдар,оның ішінде балалар бірінші кезекте,ауа құрамының осындай өзгерістеріне өте сезімтал келеді де,олардың жалпы халі нашарлайды,тамақтары жыбырлап,жөтеле бастайды.Міне осындай себептермен балдардың компьютер алдында отыру ұзақтығын қадағалануы тиіс.Монитор алдында ересек адамдар әр1 сағат,ал балалар 25-30 жарты сағат сайын үзіліс жасап отыру керек.Көзге арналған жаттығулар жасап,техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау керек.

(Телефон званогын жіберу)

Телефон қоңырауынан: Ало сәлеметсіз бе?!

Журналист:  Сәлеметсіз бе!

Сұрақ:Мен 9а сынып оқушысы  Меңдібаев Бағдатпын.Ұнаған пәнімнен жасаған шығармашылық жұмысымды қай программадан анимация түрінде көрсетуге болады?

Журналист:Бұл  сұраққа Шәріпбаев ағамыз жауап берсін:

Шәріпбаев: Жаппай компьютерлендіру кезеңінде компьютерлік технологяны оқу үрдісінде пайдалану арқылы оқушылардың өзінің ұнаған пәніне шығармашылық жұмыс орындауы өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастырып,дамытуда үлкен жетістіктерге жетуге болатындығы практика жүзінде дәлелденіп отыр…Шығармашылық жұмыстарды анимация түрінде презентациялық материалдарды дайындауға арналған Power Point, Delphi т.б. программасынан көрсетуге болады.

Журналист:Телефон қоңырауынан сұрағын тыңдайық.

Мен 8 а сынып оқушысы Мұқашев Қалдыбаймын,Сәлеметсіз бе,

Журналист:Сәлеметсіз бе,айта беріңіз.

Сұрақ:Оқулық авторы Ермеков мырзаға қояр  сұрағым.Компьютерді өзбетімен үйренушілерге де оқулықты пайдалануға бола ма?

Ермеков:Әрине,оқулықты мектеп оқушыларына,информатика пәніне арналған болғанымен,жұртшылыққа ортақ, тілі түсінікті пайдалануға болады деп есептеймін.

Журналист:Оқушылардың жалпы жұртшылықтың ақпараттық технологиясымен байланысуы жылдан-жылға артып келеді.Интернет арқылы көптген мәліметтер алады,білімін толықтырады.Мұның бәрі біздің

өркениетті дамытуымыздың,әлемдік ақпаратты пайдалану мүмкінділігіміздің мол екендігін көрсетеді.

Осымен хабарымызды аяқтайық.Келесі кездесуге аман қауышайық.

Қорытынды:

Мұндай сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың нәтижесі:
а) Оқушыларға берілген жекелеген  тапсырманы ұжымдық тапсырмаға ұластырып, ұжымдық сезім туындайды,оқушылар қоғамдық пайдалы жұмыстар атқарады.
ә)  Оқушылардың білімі  толығып,пәнге қызыушылығын, ғылымды сүюге ынтасы,шығармашылық белсенділігі артады және кәсіптік бағдар алуға ықпал жасайды.