«PowerPoint компьютерлік презентациясы» тақырыбы бойынша жеке жоба жұмыстарын қорғау сабағы

90

Сабақтың тақырыбы: «PowerPoint компьютерлік презентациясы» тақырыбы бойынша жеке жоба жұмыстарын қорғау сабағы

Сабақтың  жалпы  мақсаттары:

  • Қазіргі жағдайдағы жалпы ғылыми және жалпы интеллектуалдық сипаттағы біліктілік пен дағдыны қалыптастыру.
  • Нақты шешімдер таңдауға бағытталған ой-өрісін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімін арттыру.
  • Қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды қолдану дағдысы мен біліктілігін дамыту.

 

Тәрбиелік мақсаты: алған білімдерін болашақ өмірлеріне пайдасы бар екендігін оқушыларға түсіндіре отырып, танымдық қызығушылығын арттыру, ақпараттық мәдениет-тілікке тәрбиелеу.

Білімділік мақсаты: Қазіргі заманғы қолданылатын бағдарламалармен жұмыс жасаудың негізгі дағдыларын қалыптастыру және оқыту.

Дамытушылық мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту.

 

Сабақтың типі: “Power Point компьютерлік презентациясы” сабағы бойынша қорытындылау сабағы

 

Сабақтың түрі: Компьютерлік жоба жұмыстарын қорғау, интегративті сабағы

 

Құрал-жабдықтар: Компьютерлік сынып, проектор, тақта.

 

Сабақтың жоспары:

  1. Мұғалімнің алғы сөзі.
  2. Баяндамашылардың сөзі.
  3. Былтырғы жылғы жұмыстарын көрсету.
  4. Әділқазылардың сөзі және бағаларын қорытындылау.

 

Дайындық жұмыстары:

Оқушы өзіне ұнаған тақырып бойынша алдыңғы екі сабақта Power Point программасында баяндамаларын электрондық түрде дайындайды. Мұғалім оқушының жетекшісі болады. Өтетін сабақта мұғалім жүргізуші ролін атқарады.

С А Б А Қ Т Ы Ң     Ж Ү Р І С І :

  1. Мұғалімнің алғы сөзі (3 минут)

 

Тақырып бойынша оқушылардың білімін актуалдау үшін мұғалім сұрақ қояды: «Презентация құру үшін нені білу, нені жасай білу керек?»

Бұрынғы уақыттарда баяндамашылар ватман қағазға әртүрлі схемалар, кестелер, формулалар, диаграммалар салып, кнопкамен тұрғызып жүретін еді.

Мультимедиа – біруақытта ақпаратты әртүрлі жағдайларда көрсетуге көмектесу технологиясы (сандарды, мәтіндерді, графикаларды, анимацияларды, дыбысты, бейнефильмдерді).

Слайд сияқты презентация және бейнепрезентациялар жоғары дәрежеде көрініп келеді.  Көптеген көңілдерді өздеріне аударады.

Бұл тақырып жоғарғы сыныптар үшін маңызды, өйткені олар ғылыми жоба жұмыстарын, баяндамаларын, рефераттарын қорғауда үлкен көмегін тигізеді.

Бірінші сабақта 5 адам өзінің жоба жұмыстарын қорғайды, қалған оқушылар қазылар болып баға қояды. Келесі сабақта қазылар мен баяндамашылар орындарын ауыстырады.

 

  1. Жұмыстарды қорғау тәртібі мен бағалауды түсіндіру (2 минут)

 

А) Жұмыстарын қорғайтын оқушылар:

1) Оқушылар өздері суырған жреби тәртібімен жұмыстарын 4 минут ішінде қорғайды. Қорғап болғаннан кейін барлық қатысушылар сұрақтарын немесе ескертулерін айтады.

2) Баяндамашы сөйлеп болғаннан кейін, өз орынынан  барлық ескертулерді ескере отырып, берілген критерийлер бойынша өзін-өзі бағалайды. Бағалап болғаннан кейін есептеу комиссиясына береді.

 

Ә) Қазылар мүшелері:

Сондай критерийлер бойынша баяндамашыларға өздерінің балын қойып, есептеу комиссиясына береді.

 

Б) Есептеу комиссиясы:

Қойылған балдарды Excel бағдарламасына енгізіп, жалпы балын есептейді және сабақтың хаттамасын толтырады.

 

В) Барлық қатынасушылар:

Баяндамашылар қорғап болғаннан кейін өздерінің қалауы бойынша сұрақтарын қойып, ескертулерін айтуға болады.

 

 

 

  1. Оқушылардың сөзі (5 адам х 5 минут = 25 минут)

 

Әрбір қатынасушы қорғау жоспарын алады. Проектор көмегімен презентация слайттарын үлкен экранда көрсетеді. Қорғау – 4 минут, пікірлесу – 1 минут.

 

Жоба жұмысын қорғау жоспары:

  1. Тақырыбы
  2. Жалпы ақпарат.
  3. Безендіру элементтері
  4. Жоба бойынша не көрсеткің келді?
  5. Қорытынды жасау

 

  1. Былтырғы жылғы бітірушілердің жұмыстарын көрсету. (5 минут)

 

Қазылар мен есептеу комиссиясы қорытындылағанша, мен мыналарды айтқым келеді. Сіздер ұсынған жоба жұмыстарыңның авторлары боласыңдар. Егер өздерің рұқсат етсеңдер бұл жұмыстарыңды гимназияда мұғалімдерге ұсынып, оларды өз сабақтарында қолдануға беріледі.

Уақыт болып тұрғанда, сендерге былтырғы бітірушілердің жұмыстары көрсетіледі. Ал сіздер сұрақтарға жауап беруге дайындалыңдар.

  • Презентацияда қандай қателіктер бар.
  • Қандай жаңалық естідіңдер, не ұқтыңдар.
  • Ұсынылған жұмысқа қандай баға берер едіңдер.

 

  1. Қазылардың сөзі және баға беру. (3 минут)

 

Қазылар мүшелері мен есептеу комиссиясына жоба жұмыстарын қорғаған оқушылардың  бағаларын айту сұралады.

 

  1. Қорытынды (2 минут)

 

  • Қазылар жұмысын бағалау
  • Ең үздік баяндамашыларды атап өту және дұрыс шықпай қалғандарға нұсқау беру.
  • Ұсынылған презентациялардың ең жоғарғы қасиеттері мен кемшіліктерін атап өту.

 

№ 1 қосымша:

 

  Слайдтар құру Мазмұны Ұйымдастыру  
Тақырыппен тиутлдық слайд Ең  аз  слайд саны -10 Power Point қосымша мүмкіндіктерін қолдану (слайдтарды ауыстыру, дыбыс, графика) Анимация  мүмкіндіктерін қолдану Кесте және графиканы орнату Интерактивтілік (гиперссылканың  болуы, басқару батырмалары) Логикалық рет бойынша слайдтарды орналасуы Көркемделуі Грамматикасы, қателер болмауы Регламентті сақтауы (уақытта аяқтау)
Ең үлкен балл 5 10 5 10 5 10 5 10 10 5 Өзін-өзі бағалау
Оқушының аты-жөні                      

№ 2 қосымша:

 

  Слайдтар құру Мазмұны Ұйымдастыру  
Тақырыппен тиутлдық слайд Ең  аз  слайд саны -10 Power Point  қосымша мүмкіндіктерін қолдану (слайдтарды ауыстыру, дыбыс, графика) Анимация мүмкіндіктерін қолдану Кесте және графиканы орнату Интерактивтілік (гиперссылканың  болуы, басқару батырмалары) Логикалық рет бойынша слайдтарды орналасуы Көркемделуі Грамматикасы, қателер болмауы Регламентті сақтауы (уақытта аяқтау)
Ең үлкен балл 5 10 5 10 5 10 5 10 10 5 Өзін-өзі бағалау
Оқушының аты-жөні                      

 

 

Компьютерлік жоба жұмыстарды қорғау хаттамалары

 

 

Аты-жөні Тақырыбы Өзін-өзі бағалау Қазылар бағалауы Мұғалімнің бағасы
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.

Бағалау:

60-75 балл – «5»

40-60 балл – «4»

30-40 балл – «3»