Файлдар мен қапшықтар

Сабақтың тақырыбы: Файлдар мен қапшықтар

Сабақтың мақсаты: Файл мен қапшық туралы ұғымды түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

  • Файлдың түрлері, жасалу жолдары, қапшықтар, олардың түрлерімен танысады.
  • Жаңа сабақ барысында оқушылар файлдардың, қалталардың түрлеріне қарай топтастыруға, файлдардың жасалу жолдарын анықтауға үйренеді.
  • Реттілікке, жинақылыққа тәрбиеленеді.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: Сұрақ — жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Экран, проектор, презентация, электронды оқулық, оқулық,

бағдарламалар.

Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ қою арқылы (слайд – 2-4).

ІІІ. Электронды оқулықпен жұмыс. Жаңа тақырып (слайд – 5-6).

  1. IV. Электронды оқулықтың тапсырмаларын орындау (слайд – 7-10).
  2. V. Сабақты қорытындылау (слайд – 11).
  3.      VI. Бағалау.

VII. Үйге тапсырма (слайд – 12).

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Сұрақтар (слайд – 2-4).

ІІІ. СИН оқулығын іске қосу. 3 – модуль “Файлдар мен

қапшықтар ”. Парақтап модульді оқыту.

Қапшық – бұл объектілер бірлестігі. СИН оқулығындағы анықтамамен салыстыру.

Windows объектілерін негізгі және арнайы деп шартты түрде бөлуге болады. Windows – дің негізгі объектілеріне қапшықтар, программалар, құжаттар және таңбашалар жатады.

Арнайы объектілеріне: Бас меню (Главное меню), Басқару тақтасы, Менің компьютерім (Мой компьютер), Себет (Корзина) жатады.

Қапшықтар компьютерде белгілі бір тәртіппен орналасады, оны иерархия деп атайды. Windows – дің қапшықтарының иерархиясының ең бастысы Жұмыс үстелі қапшығы болып табылады. Бұл барлық қапшықтардың аналық қапшығы ретінде қолданылады. Оның бірқатар ерекше қасиеттері бар. Жұмыс үстелі барлық терезелердің астында болады.

Жұмыс үстелі қапшығына Мой компьютер, Себет қапшықтары салынған. Өз кезегінде Мой компьютер қапшығында бірнеше қапшықтар бар. Олар: А:, С:, D: дискілерінің белгішелері болып табылады. Ол қапшықтардың ішінде басқа да қапшықтар, файлдар мен таңбашалар болады.

Файл дегеніміз не? Файл – аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не программа, не құжат болуы мүмкін. Windows – та программалардың басқа атауы – қолданба да қолданылады.

Әр файлдың аты бар. Оның оң және сол жақ бөліктерден тұратын екі аты болады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және олар файлдың типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1-ден 255 символға дейін жетеді, оның пайдаланушы үшін құжаттың қызметін анықтайтын мазмұндық жүктемесі бар. Файл атында  \ ? : * “ < > / символдарын пайдалануға болмайды.

Компьютер файлдың типі бойынша оның программа немесе құжат екендігін анықтайды. Егер файлдың типіне .exe немесе .com  белгілеулері тұрса, онда бұл программа болғаны. Ал қалған белгілеулерді құжат деп анықтайды.

Файлдың типтерінің кейбір негізгі «құжат ретінде» белгіленуінің тізімі төменде келтірілген.

.bmp               Paint графикалық қолданбасының суреті

.doc               Word және WordPad мәтіндік редакторының құжаттары

.txt                  Блокнот қолданбасының құжаты

.wav               Фонограф қолданбасының дыбыстық файлы

.avi                 Бейнеклип

.xls                 Excel кестелік процессорының құжаты

.ppt                 PowerPoint қолданбасының презентациясы

 

ІV. Электронды оқулықтағы тапсырмалардың орындалуын тексеру.

Схемада көрсетілген қалталардың иерархиясы бойынша «Менің құжаттарым» қапшығына қалталар құр

  1. Сабақты қорытындылау (слайд – 11).

Бекіту сұрақтары:

  • Жаңа қапшық құру үшін не істедіңіз?
  • Қапшықтың ішіне қапшық құруға бола ма?
  • Бір қапшықтан екінші қапшыққа құжатты көшіргенде өзгеріс пайда бола ма?

 

  1. Бағалау. Қойылған сұрақтарға алынған жауаптар бойынша және тапсырмалардың нәтижелеріне қарай бағалау.

 

VIІ. Үйге тапсырма (слайд – 12).