CorelDRAW векторлық редакторында фигуралар: тіктөртбұрыш, шаршы, эллипс, доға, сектор, көпбұрыш, жұлдызша, спираль, тор, стандартты фигуралар салу және оларға мәтін енгізу

76
Сабақтың тақырыбы: CorelDRAW векторлық редакторында фигуралар: тіктөртбұрыш, шаршы, эллипс, доға, сектор, көпбұрыш, жұлдызша, спираль, тор, стандартты фигуралар салу және оларға мәтін енгізу
   
Сабақтың мақсаты: Редакторда геометриялық фигураларды салудың әдістерін және оларға өзгеріс енгізуді үйрету;

геометриялық фигуралармен түрлі бейнелер салуға дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

өз беттерінше бейнелер салып, оларды безендіре білуге үйрету, эстетикалық талғамын қалыптастыру, әсемдікке тәрбиелеу

   
Сабақтың барысы: 1.    Ұйымдастыру кезеңі

2.    Өткен сабақты қайталау

3.    Жаңа сабақты меңгерту

4.    Тірек конспект жаздыру

5.    Практикалық жұмыс

6.    Білім тиянақтау

7.    Оқушылар білімін бағалау

8.    Қорытынды, үйге тапсырма

Сабақтың түрі: Практикум элементтері қамтылған түсіндірмелі-демонстрациялық
   
Сабақтың типі: Аралас
   
Пән аралық байланыс: Бейнелеу өнері, сызу, геометрия
   
Өткен сабақты қайталау: 1.    Сызық салу панелінің саймандарын атаңыз (еркін форма, безье, перо, 3 нүктесі бойынша қисыз салу, көркемдік безендіру, сынық сызы, қосатын сызы, өлшенген сызық)

2.    Безье құралының көмегімен қандай фигура салуға болады? (түзу, қисық сызықтар)

3.    Еркін форма құралының атқаратын қызметі

4.    Перо мен безье қисығының айырмашылығы

5.    Көркемдік безендіру құралы қай кезде жұмыс жасайды?

6.    3 нүктесі бойынша қисық салу қандай кезде қолайлы?

 

 

Тіктөртбұрыштар мен шаршылар салу

CorelDRAW-да тіктөртбұрыштар мен шаршылар салу мүмкіндігі бар. Ол үшін тіктөртбұрыш құралын таңдап, курсорды таңдап алынған сайманның диагоналы бойынша жылжыта отырып, немесе 3 нүктесі арқылы салуға, базалық сызығын салып,

 

Курсорды диагоналы бойынша жылжыта отырып, шаршы немесе тіктөртбұрыш салу

Тіктөртбұрыш мәзірін ашып, тіктөртбұрыш сайманын таңдаңыз. Сурет салу терезесінде қажетті тіктөртбұрыш өлшемі пайда болғанша курсорды жылжытыңыз. Егер осы уақытта CTRL пернесін қоса бассаңыз, шаршы салынады. Сондай-ақ курсорды центрінен шетіне қарай тарту әдісімен де тіктөртбұрыш немесе шаршы салға болады. Егер тышқанмен бірге CTRL пернесін қоса бассаңыз, онда тіктөртбұрыш, ал егер CTRL+SHIFT пернелерін бірге бассаңыз шаршы салынады.

Енді салынған фигуралардың бұрышын дөңестетуге болады. Ол үшін фигураны ерекшелеп, қасиеттер панеліндегі сол жақ және оң жақ бұрышын дөңестету құралдарын пайдалынып, шаршыны немесе тіктөртбұрышты дөңес етіңіз.

Эллипс, дөңгелек, доға және секторлар салу

Эллипс салғанда мына құралды таңдау керек. Салу әдісі  тіктөртбұрышты салумен бірдей. Егер салынған дөңгелекті немесе эллипсті доғаға немесе секторға айналдыру керек болса, онда фигураны ерекшелеп, қасиеттер панеліндегі  батырмаларды басу керек.

 

«Эллипс» құралының көмегімен салынған жаңа объектілердің үнсіз келісім бойынша қасиеттерін өзгерту

  1. Мәзір қатарынан Инструменты[параметры командасын орындаңыз.
  2. Категориялар тізімінен Рабочее пространство, сонан соң Набор инструментов, келесі ашылған тізімнен эллипсті таңдаңыз.
  3. Жаңа объектілердің формасын өзгерту үшін сектор немесе доғаның біреуін таңдау керек
  4. Бастапқы және соңғы бұрышын көрсету
  5. Сағат тілімен бағыттас немесе қарама-қарсы екеуінің біреуін таңдаңыз. Сонан соң фигураға әрекеттерді орындауға болады.

 

Көпбұрыштар мен жұлдызшалар салу

CorelDRAW-да дұрыс және күрделі көпбұрыштар мен жұлдызшалар салуға болады.  Дұрыс жұлдызшалар – ол кәдімгі жұлдыздар, оларды бояуға болады. Ал, күрделі жұлдызшалардың қиылысатын жақтары болады, оларды бояғанда керемет нәтиже беруі мүмкін. Төменде градиентті боялған фигуралар:

 

 

 

 

 

 

 

көпбұрыш                        дұрыс жұлдызша                        күрделі жұлдыз

 

Көпбұрыштар мен жұлдыздарды өзгертуге болады, мысалы, жақтары мен төбелерінің санын, төбелерін үшкірлеу етуге болады.

Көпбұрыш салу

Көпбұрыш  мәзірін ашып,  көпбұрыш сайманын таңдаңыз.

SHIFT  батырмасын басып тұрып, көпбұрышты центрінен бастап салуға болады. Ал CTRL пернесін басып тұрып, симметриялы көпбұрыш салу мүмкіндігі бар.

Көпбұрышты өзгерту

Көпбұрыштың жақтарының санын өзгерту – ол үшін қасиеттер панелінде  көпбұрыштың, жұлдыздың, күрделі жұлдыздың жақтарының немесе төбелерінің санын енгізіп, Enter пернесін басу керек. Көпбұрышты жұлдызға ауыстыру үшін, көпбұрышты және форма сайманын таңдап, көпбұрыштың түйінінде тышқан батырмасын жылжыту арқылы қажетінше жұлдызша жасау керек.

 

 

 

Спираль салу

Спираль салудың екі түрі бар: симметриялы және логарифмдік. Симметриялы спираль біркелкі оралымдардан тұрады, ал логарифмдік орам айналған сайын оның қадамдары үлкейе түседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тор салу

Торды бағаны мен қатарының санын көрсетіп салуға болады. Тор – тіктөртбұрыштардың тобы, оларды ажыратуға болады.

Саймандар қатарынан  таңдап,  қасиеттер панелінде жоғарғы сан – бағандар санын, төменгі сан – қатарлар санын көрсетіңіз. Егер торды центрінен бастап салу керек болса, SHIFT  батырмасын басып тұрып, ал торлардағы ұялар өлшемі бірдей болу керек болса, онда CTRL пернесін басып тұрып салыңыз. Ал егерде, торды алып тастау керек болғанда,  сайманын таңдап, Упорядочить[отменить группировку командасын орындау керек.

 

Стандартты фигуралар салу

Дұрыс фигуралар коллекциясын пайдаланып, стандартты фигуралар салуға болады. Белгілі бір фигуралар, мысалы, негізгі фигуралар, бағыттауыш фигуралар, баннер фигураларын және ескертпе фигураларында глифтер бар. Глифті жылжыту арқылы фигураны өзгертуге болады. . Глиф – ромб түріндегі маркер, оны жылжыту арқылы  фигураны өзгертуге болады.

 

Стандартты фигураға мәтін қосу

  1. мәтін сайманын таңдаңыз.
  2. Курсорды мәтін жағдайына өзгеретіндей етіп фигура абрисінің ішіне орналастырыңыз.
  3. Мәтінді енгізіп, қарібін таңдап, форматтаңыз.

 

Фигураларды тану функциясын қолданып, фигура немесе сызық салу

  1. Интеллектуалды сурет салу сайманын таңдаңыз
  2. Қасиеттер панелінен Уровень распознавания және Урофень сглаживания көрсетіңіз
  3. Терезеде сызық немесе фигура салыңыз.

 

Тіктөртбұрыш, көпбұрыш, эллипс, стандартты фигуралар, тор, жұлдызша, дөңгелек, доға салу

Практикалық сабаққа тапсырма:

  1. Тіктөртбұрыштың көмегімен үйдің негізін салыңыз.
  2. Көпбұрыштың көмегімен шатырын салыңыз.
  3. Тіктөртбұрыштың көмегімен терезелерін салып, оның бұрыштарын дөңестетіңіз.
  4. Енді есікті салыңыз.
  5. Интеллектуалды сурет салу сайманының көмегімен бұлттарды салыңыз.
  6. Тордың көмегімен шахмат тақтасын салыңыз
  7. Спиральдың көмегімен бірнеше түсті орамдар салыңыз
  8. Көркемдік безендіру құралының көмегімен үйдің айналасына шөптер салып, гүл отырғызыңыз.
  9. Күрделі жұлдыздың көмегімен шуағын шашып тұрған күнді бейнелеңіз.
  10. Баннер фигурасын салып, оған құттықтау мәтінін жазыңыз.
  11. Эллипстің көмегімен аулада балалар ойнайтын айналдырғыш (карусель) салыңыз.

 

Жұмысыңызды өзіңіздің қалауыңыз бойынша безендіруге болады.