Delphi интегралды ортасында Standard панелі компоненттерімен қолданба әзірлеу

52

Сабақтың тақырыбы: Delphi интегралды ортасында Standard панелі компоненттерімен қолданба әзірлеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Delphi интегралды ортасында Standard панелі компоненттерімен жұмыс жасау, яғни компоненттерді формаға орналастыру, компоненттердің қасиеттерін өзгерту, компоненттерге оқиға жазу, оқиғаларды өңдеу жұмыстарын жүргізуді және қолданбаны орындауға жіберу мен бағдарламаны тестілеуді үйрету.

Дамытушылық: Студенттердің алған теориялық білімдерін практика жүзінде орындау дағдыларын шыңдау. Студенттердің таным белсенділігін арттыра отырып, шығармашылық, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік: Студенттерді тиянақтылыққа, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, шапшаңдыққа  тәрбиелей отырып білім беру.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдістері:  тестілеу, баяндау, студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ).

Пәнаралық байланыс: математика, ағылшын тілі.

Көрнекі құралдар: ДЭЕМ, проектор, интерактивті тақта, Delphi 7.0 интегралды ортасы, электрондық әдістемелік нұсқау, электрондық Hyper Test 1.0  тест бағдарламасы, слайд, студенттерді бағалау бағдарламасы, видеофайл, электрондық толықтыру тесті материалдары.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі: Студенттермен амандасу, студенттерді түгендеу. Кабинеттің сабаққа әзірлігін, компьютерлердің техникалық жұмыс жасау жағдайын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру:  үй тапсырмасына берілген Standard панелі компоненттері және олардың атқаратын қызметтері туралы теориялық білімдерін тексеру мақсатында студенттерге электрондық ашық тест тапсырмасын беру. Тапсырманы орындағаннан кейін студент электронды жауап парағын желідегі көрсетілген арнайы бумаға жіберу керек.

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Жаңа тақырыпта өткен дәрістер бойынша алған білімдерді пысықтай  отырып, Delphi интегралды ортасында Standard панелі компоненттерін қолданып, олардың қасиеттеріне мән, әдістеріне оқиға жаза отырып, қолданба  әзірлеуді интерактивті тақтада түсіндіру. Жаңа сабақтың тақырыбы – «Delphi интегралды ортасында Standard панелі компоненттерімен қолданба әзірлеу». Бұл сабақта студенттер:

  • Delphi интегралды ортасында компоненттерді формаға орналастыруды;
  • Standard панелі компоненттерінің негізгі қасиеттерін;
  • Компоненттердің қасиеттеріне мән беруді;
  • Компонент әдістеріне оқиға жазуды;
  • Бағдарламаны орындауға жіберу және тестілеуді меңгеруі тиіс.

Standard    панелінде мыналар орналасқан:

TMainMenu— программаның негізгі мәзірін  құруға арналған компонент.

TPopupMenu — программаның контекстік мәзірін құруға арналған компонент.

TLabel— статикалық тексттерге арналған компонент.  Түсініктеме  тексттерді бейнелеуге қолданылады.

TEdit-біржолды редактор, оның көмегімен ұзын тексттік жолды енгізуге және/немесе бейнелеуге болады.

TMemo- көпжолды редактор, ұзын текстті енгізуге, редакциялауға және/немесе бейнелеуге арналған.

TButton— программаларды басқаруға қолданылатын кнопка.

TCheckBox— иә/жоқ типті шешімді қабылдауға арналған тәуелсіз айырғыш.

ТRadioButton өзара жоққа шығарушы шешімдердің бірін таңдауға арналған тәуелді айырғыш.

TListBox стандарт таңдау тізімі, оның көмегімен қолданушы таңдау элементтерінің бірін немесе бірнешеуін таңдайды.

TComboBox құрастырылған таңдау тізімі, TlistBox тізімі және TEdit редакторы  комбинациясын көрсетеді.

TScrollBar жылжыту жолы, сандық шама мәнін визуалды басқаруға қолданылады.

TGroupBox— рамкалы тікбұрышты терезе. Ішкі компоненттерді орналастыруға арналған контейнер.

TRadioCroup— тәуелді айырғыштарды орналастыруға арналған арнайы контейнер.

TPanel— жалпыға арналған контейнер.

 

  1. Standard панелі компоненттерімен қолданба әзірлеу
  2. Объектілер инспекторы терезесінің екі беті бар:Events және Properties беті компоненттің қажет қасиеттерін белгілеуді атқарады, Events беті компоненттің сол немесе басқа оқиғаға реакциясын анықтауға мүмкіндік береді. Объектілер инспекторының жоғары жағында формада орналасқан барлық компоненттердің ашылатын тізімі орналасқан. Properties бетіндегі форма қасиеттерін қараңыз.
  3. Формаға Pаnel1 компонентін орналастырыңыз.
  4. Pаnel1 компонентінің Align қасиетіне alBottom мәнін беріңіз. Align қасиеті орналасатын компонентің формадағы орнының  өзгерту әдісін көрсетеді.
  5. Pаnel1 компонентінің Caption қасиетін тазартыңыз.
  6. Pаnel1 компонентін қоршаған  қара  квадрат көмегімен қабырғаны жоғарыға созыңыз. Панель  биіктігін 175- ке қойыңыз. Объектілер инспекторының Height қасиетінде бұл мән бекітілгенін көреміз.
  7. Формаға Panel2 компонентін сол жағына орналастырыңыз. (Align қасиетіне alLeft мәнін енгізіңіз). Caption қасиетін тазартыңыз. Объектілер инспекторындағы Width қасиетіне 233 мәнін енгізе отырып панель енін өзгертіңіз.
  8. Формаға Мemo1 (көпжолды редактор) компонентін орналастырыңыз және Align қасиетіне alClient мәнін енгізіңіз. Компонент форманың қалған бөлігін алады.
  9. Көпжолды редактордың Lines қасиетін тазалаңыз. Ол үшін осы қасиетті сырт еткізіңіз және ашылған диалогтық терезеде Меmо1-  текстін жойыңыз  және  ОК кнопкасымен терезені жабыңыз.
  10. Pаnel2- ге Label1 компонентін орналастыр. WordWrap қасиетіне True мәнін енгіз. WordWrap қасиеті жолды тасымалдауды рұқсат етеді/ рұқсат етпейді. Caption қасиетіне мына мәнді енгіз «Салмақ мәнін граммен енгіз».
  11. Pаnel2 панеліне Edit1 редакторын орналастыр. Техt қасиетін тазалаңыз.
  12. Панелге Button1 кнопкасын орналастыр. Caption қасиетіне «Енгіз» мәнін енгіз. Font қасиетінің оң жақ жолына сырт еткізіп шрифтті өзгертетін диалогтік терезені ашыңыз және шрифт биіктігін өзгертіңіз.
  13. Панелге (Раnel1) Additional панелінде  орналасқан  BitBtn1 кнопкасын орналастыр. Kind қасиетін blClose – ға өзгерт. ТBitBtn компоненттері үшін Kind қасиеті диологтік терезеде кнопка реализациялайтын типтік функцияларды анықтайды. ВkClose мәні осы кнопкамен байланысқан терезені жабу  функциясын анықтайды. Кнопка өлшемдерін өзгертіңіз.
  14. Құрылған форма түрі 1- суретте бейнеленген.
  15. Button1 кнопкасын белгілеңіз. Объектілер инспекторында Button1 кнопкасының қасиеттері бейнеленеді. Events қосымшасына сырт еткізіңіз. Бұл қосымшада оқиғалар тізімі пайда болады. OnClick оқиғасы жолының оң жағына 2 рет сырт еткізіңіз. Экранда программалар терезесі пайда болады.
  16. Программалар терезесі программа текстін енгізуге және редакциялауға арналған. Бұл текстте программа жұмысының алгоритмі сипатталады. Бастапқыда терезеде стандарт текст пайда болады. Проектіні құру кезінде программист программаны толықтырады, жылжыту сызғышының көмегімен терезеде программа мазмұнын қараңыз.
  17. Программалар терезесіндегі  бастапқы программа тексті мынадай:

procedure Tform1. Button1. Click (Sender: TОbjeet);

begin

end;

Begin және End операторлық жақшаларының арасына Objeet Pascal тілінің мына операторларын енгіз:

x:=strtofloаt (Edit1. Text);

y:= x/ 400;

Memo1.Lines.Add(Formatfloat(‘####.##граммов=’,x)+formatFloаt (‘####.## фунт’, у)) ;

Модулдің  айнымалыларды сипаттау жолын  толықтырыңыз.

Var form1: Tform1  жолынан kейін енгізіңіз:

x,y:Real;

  1. Бірінші оператор редактор терезесінің мәнін нақты санға айналдырады. Екінші оператор- түрлендіру формуласы. Есептеу нәтижесін ТМеmо терезесінде бейнелеу үшін осы компоненттің Add әдісі қолданылады. TStringList класының Add әдісі Lines жолдар тобына жаңа жол қосады. Қосылған жол экранда бейнеленеді. Әдіс параметрі — жолдық айнымалы. Formatfloat функциясы мәнді сипатталған формат көмегімен форматтайды.
  2. <Ғ9> клавишін баса отырып программаны орындауға жіберіңіз. Редактор терезесіне кез- келген санды енгізіңіз, <Енгізу> кнопкасын басыңыз. Көпжолды редактор терезесінде сіз жауап аласыз.
  • сурет. Жалпы мысалдың Windows- терезесі.

 

форма (Tform), панель(TPanel), белгі  (TLabel), біржолды редактор (TEdit), көпжолды редактор (TMemo), кнопка (TButton), кнопка (TBitBtn).
Сіз мына қасиетер мен әдістермен таныстыңыз.
 

Қасиеттер

Height, Width Компоненттің биіктігі мен ені.
Align Орналасқан контейнеріне сәйкес компонентті формаға

келтіру әдісі.

Caption Тақырып.
Text Енгізу жолының мәні.
Name Программадағы компонент аты.
Kind BitBtn кнопкасы үшін диалогтік терезеде

реализацияланатын типтік функцияларды анықтайды.

Lines Редакцияланатын текст орналасады.
Word Wrap Жолды тасмалдауды рұқсат етеді/ рұқсат етпейді.
Font Компонент шрифтінің параметрлері.
              Әдістер.
Add Lines жолдар тобына жаңа жол қосады.
              Оқиға
OnClick Тышқанмен сырт еткізу.

 

Жаңа тақырыпты бекіту: Жаңа сабақ бойынша айтылған теориялық білім мен көрсетілген жұмысты қорытындылап, бекіту мақсатында ListBox1, TgroupBox, TcheckBox, TSсrollBar компоненттерін қолдана отырып, әдістемелік нұсқаулықта көрсетілген өзіндік жұмысты орындату. Өзіндік жұмыстың орындалу ретін видеофайл көмегімен көрсету.

Студенттердің орындаған өзіндік жұмыстарын интерактивті тақтада демонстрациялай отырып, тексеру.

Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты өткен дәрістермен байланыстыра отырып қорыту мақсатында студенттерге компьютерде Hyper Test 1.0  бағдарламасы арқылы тест тапсырмасын орындату.  Тапсырмада үй тапсырмасы және жаңа тақырып бойынша таңдау тесті беріледі.

Үй тапсырмасын беру:  Standard панелі компоненттерінің қызметтерін, негізгі қасиеттері мен әдістерін оқып келу.

Бағалау: «Бағалау» бағдарламасы көмегімен студенттердің сабақ барысындағы білімділік және белсенділік көрсеткіштері бойынша бағалау нәтижесін шығару .