Read , Readln,Write, Writeln операторлары

119

Сабақтың тақырыбы: Read , Readln,Write, Writeln  операторлары

Сабақтың мақсаты:

А) бiлiмдiлiк: оқушыларды Паскаль тілінде сызықтық   алгоритмдерді  бағдарламалар құруға үйрету.

Ә) дамытушылық:   балалардың Паскаль тіліндегі білімдері мен дағдыларын, сызықтық  бағдарлама  туралы түсініктерін  дамыту.

Б) тәрбиелiк: оқушыларды еңбексүйгіштікке, сауатты азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнектілігі: Презентациялық бағдарлама,

Паскаль программалау бағдарламасы

Сабақтың түрі: Аралас, интерактивті сабақ

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру бөлімі

                                   2.Үй тапсырмаларын сұрау.

  • Алгоритм дегеніміз не?
  • Алгоритмнің қандай негізгі  қасиеттері  бар?
  • Алгоритмдерді қандай тәсілдермен бейнелеуге болады?
  • Блок-схема дегеніміз не?
  • Программалау тілі деген не?
  • Қызметші сөздерге нелер жатады? Оператор дегеніміз  не?
  • Меншіктеу командасының құрылымы қандай  және ол қалай жазылады?
  • Паскаль тіліндегі программаның негізгі құрылымы  қандай?

3.Жаңа тақырып.

 Read-  ? белгісін шығарып мәлімет енгізуді күтеді.

Readln-мәліметті жаңа жолдан бастап оқиды.

Write- апострафпен қоршаған мәтіндер немесе айнымалы болады.

Writeln -мәліметті жаңа жолдан бастап оқиды.

Мысалы:

var

I: real;

J: integer;

K: char;

begin

Read (I, J, K);

Программаға мынадай бастапқы мәндер енгізіледі делік:     212.5    38    ‘п’

Мысалы: VAR      A, B: REAL;

BEGIN

READ (A,B);

END.    

             

A, B айнымалылары үшін 4 5  Enter орындалса, онда машина оларды

А = 4.0, B = 5.0 түрінде қабылдайды.

Мысалы,

егер B =17.15 болып, мына команда орындалғанда:

WRITE (‘B мәні = ’, B);

экранда

В мәні = 1.715E+01

мысалы:

b айнымалысының бүтін түрдегі мәнін көрсетуWRITE (b:n

Мұндағы b — айнымалының атауы; n – мәні бүтін сан болып келетін тұрақты түрінде берілген орын саны, оны бірден бүтін санмен де жазуға болады. Егер b:5 пішімі беріліп, ал b = 56 болса, онда беске дейінгі толтырылмаған орындарға сол жақ шетте бос орын қалдырылады. b = 56 мәні үшін

WRITE (b :5)

операторы экранға

«   56»

тіркесін шығарады.

Мысалы:

нақты сан үшін пішім екі саннан тұрады:   I – санға берілетін барлық орын.    II – үтірден кейін алынатын бөлшек цифрлар саны.Мынадай оператор берілсін делік:   WRITE (Y : m: n)Мұндағы m – нәтижеге берілген барлық орын, n – үтірден соңғы бөлшек бөлігіне берілетін орындар саны. Мысалы, C = -145.7865 болғанда WRITE(C:8:3) операторы экранға -145.786 мәнін шығарады, мұндағы жалпы орындар саны – 8, ал бөлшек үш санмен бейнеленетіндіктен соңғы бір цифр жазылмай қалып отыр.

Егер нақты сан үшін: WRITE (‘Y =’, Y:8:3) пішімі берілсе, ал оның мәні Y = 1.76 болса, экраннан Y = 1.760 тіркесі көрінеді.  

Айталық X = 7,  Y = 15,  Z = 11,   ал R = 450,08

 Оператордың жазылуы     Экрандағы нәтижесі

7 15

7_,_15

X=7

7   11

X+Y = 22

11-cоңы

бітті

Write (X, Y);

Write (X, ’_,_’, Y);

Write (X =, X);

Write (X, ’ ’:3,Z );

Write (’X+Y  =’, X+Y);

Write (Z, ’-соңы’);

Write (бітті); 

 

мысал:

Радиусы R болатын шеңбер ұзындығын есептеу программасын құру қажет.

Шығарылуы: 

program B1;

const pi=3.14159;

var

      R:real;                                          

      L:real; 

begin

writeln(‘R мәнін енгізіңдер:’);

         read(R);

        L:=2*pi*R;

        writeln(‘нәтиже:’);

writeln(‘шеңбер ұзындығы L =’, L:8:3);

end.   

                    Экранда төмендегідей нәтиже көрінеді:

                                                R мәнін енгізіңдер:

0.2

нәтиже:

шеңбер ұзындығы L =1.257

4.Бекіту тапсырмалары.

1 тапсырма.Мәндерін табыңыз.  Экранға қандай мәлімет шығады?

 

WRITE(3*2) – шығады

WRITE(‘3*2=‘) – шығады

WRITE(‘12*2=‘, 12*2) – шығады

WRITE(‘Менің Отаным — Қазақстан’) — шығады:

WRITE(6div2+5mod2) –

WRITE(7/3:3:1) –

2 тапсырма. Тіктөртбұрыштың периметрін табу программасын құрыңдар.

 

3 тапсырма.Программа құрыңыз.ДК орындаңыз.

 Алг есептеу (бер нақ х,нәт нақ у)

 Басы

Енгізу х

:=

шығару у

 Соңы   

 

4 тапсырма.

Program k;

        Var x,y:integer;   z: real;

Begin

              z:=(sin(x)-y)/(abs(y)+cos(y));

Writeln(‘z=‘,z);

        

End.

Сематикалық карта.

Program p1;

Var A,B,X:Real;

Begin

           Readln(A,B);   

           X:=Sqr(A)+Sqr(b);

Writeln(‘Қосынды=‘,X:2:4);

End.

Program  R;

          Var a,b,h, s::integer;

Begin

            readln(a,b,h);

           s:=(a+b)*h/2;

            Writeln (‘s=‘,s);

End;

 

Program f;

          Var v, t, s::integer;

Begin

            readln(v, t);

           s:=v*t;

            Writeln (‘s=‘,s);

End;

5 тапсырма. Программа құрыңыз.

 

Дұрыс жауабы:

Program шеңбер;
Const  PI=3.14159;
Var  L: Real ;
R: Integer;
Begin
Writeln(‘R-ді енгіз’);
Read (R);
L:=2*Pi*R;
Writeln(‘L=‘,L:4:2);
End.

 

6 тапсырма.Қатесін тап.
Радиусы  R-ге тең шеңбер берілген. Шеңбердің ұзындығын есептеу программасын  құр.
Program шеңбер;
Const  PI=3.14159;
Var  L: Real ;
R Integer;
Begin
Writeln(‘R-ді енгіз’)
Readln (R);
L=2*Pi*R
Writeln(‘L=‘,L:4:2);
End

7 тапсырма. Есепте.

5.Үйге тапсырма.

 

№1. Y=(AX+B)-С   өрнегінің
алгоритмін,  блок-схемасын,программасын
құрып келу.
№2. y=x2+1 функциясын есептейтін программа жазыңыз.