EХСEL-ДЕГІ МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫ

226

Сабақтың тақырыбы: EХСEL-ДЕГІ  МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Eхсеl-дегі мәліметтер базасын  жасау  және  редакциялау,    мәліметтер

базасының құрылымы  туралы білімдерін  қалыптастыру;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту,

пәнге деген қызығушылығын арттыру;

 Тәрбиелілік:  Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабаққа қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті  тақта, дербес компьютер,  MS Excel бағдарламасы.

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, таратпа қағаз.

Сабақтың  өту барысы: I .Ұйымдастыру кезені.

                                            II.Үй тапсырмасын сұрау.

                                            ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.

                                            IV.Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі.

                                            V.Сабақты бекіту.

                                         VI.Қорытындылау

                                         VІI. Үйге тапсырма беру.

                                         VІІI. Бағалау.                                            

                                       

I .Ұйымдастыру кезеңі: (1-минут)

    1.Сәлемдесу, түгелдеу.

  1.   Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.
  2.   Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

4.Үй тапсырмасын сұрау.

                                                                                                      

II.Үй тапсырмасын сұрау.  (7-мин)

  1.  1. Microsoft Excel – электрондық кестесін қалай ашамыз?

(Іске қосу  — программалар — Microsoft Excel)

  1. Excel-дің жұмыс парағы   дегеніміз не?

Excel-дің  жұмыс парағы  деп -бұл 256 бағаннан және  65 536 жолдан тұратын

кесте.

  1. Ұяшық дегеніміз не?

(Бағана мен жолдың  қиылысқан орны.)

  1. Электронды кестеде жалпы қосындыны  білу үшін қандай жұмыс жасаймыз

және қай  батырманы шертеміз?

Қосылатын ұяшықтардың  аумағын  белгілеп,  Автоқосынды (Автосумма)

батырмасын шертеміз.

5.Диаграмма дегеніміз  не?

Мәліметтерді  талдау мен салыстыру  ыңғайлы болу үшін  кестедегі

мәліметтердің   көрнекі   графиктік  түрде  берілуі.

6.Диаграмманың қандай түрлері бар?

Бағандық  гистограмма, Дөңгелек, Графиктік, Нүктелік, Сақиналық, Конустық,

Пирамидалық,  Сызықтық,  Цилиндрлік,  Жапырақшалық,  Көпіршіген.

7.Диаграмманы  құру  қандай  жолдармен жүзеге асырылады?

-диаграмма  құратын мәліметтерді  енгіземіз:

-диаграмма құруға қажет мәліметтерді  жұмыс парағында  белгілеп аламыз;

-Қою менюіндегі  немесе  Стандарт аспаптар  тақтасында  Диаграмма

батырмасын  шертеміз.

  1. Құжат беттерін рәсімдеп баспаға шығару үшін қандай жұмыс  жасаймыз?

1.Файл  — Алдын ала көру терезесінен  кестенің парақта қалай  басылып

шығатынын  көріп алып, егер  кесте форматы ұнамаса,  онда  Файл  — Беттің

параметрлері   командасын таңдау арқылы  — Бет өлшемін,  парақ бетінің тігінен,

көлденеңінен  орналасуын  таңдап, ОК  батырмасын шертеміз.

Содан соң  тағы да алдын ала көріп алып,  дұрыс  болған жағдайда

Файл – Қағазға басу ( Файл-Печать)  командасын  шертеміз.

                                        

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау. (7-минут)

       Практикалық жұмыс

№ 29 Александр Герцен атындағы орта мектебі

информатика пәнінен I-жарты жылдық қорытынды бағалары

сыныбы оқушы саны қатысқаны I-жарты жылдық  қорытындысы сапасы үлгерімі
5 % 4 % 3 % 2 %
1 7 «А» 6 6 1 5 100 100
2 7 «Ә» 7 7 4 3 57 100
3 8 «А» 7 7 3 2 2 71 100
4 9 «А» 8 7 1 3 4 57 100
5 9 «Ә» 7 6 1 5 1 100 100
6 10 «Ә» 10 10 5 4 1 90 100
7 11 «Ә» 7 7 2 5 100 100

 

  1. I Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі (10-минут)

Мәліметтер базасы  — қолданбалы  программаларға  тәуелсіз,  белгілі  бір  ережелер бойынша  ұйымдастырылған  мәліметтерді  сақтау,  сипаттау,  олармен  әр түрлі  әрекеттер  жасау  принциптері  қарастырылған мәліметтер  жинағы.

Мыс,  мәліметтер  базасына  кітапхана  каталогін  немесе  қызметкерлері  жайында  жинақталған   кез  келген  мекеменің кадрлар  бөлімінде  жатқан   бумаларды,   оқушылардың  журналын  келтіруге  болады.

Мәліметтер базасы,  негізінен,  үлкен  ақпаратты  сақтауға  және   іздеп  табуға  қызмет  етеді.  Сол  сияқты  мәліметтер  базасына  қала дәріханаларының  дәрілері жайлы,  тұтынушылардың  сұранысы  бойынша  сол  дәрінің  қай  жерде және  қандай бағаға  сатылатыны  жайында ғы  мәліметтер  жатады.

Мәліметтер базасының ең алдымен  жасалатын  бірінші  амалы  толтыру,   мәліметтер  өзгерісінің  барлық  түрлерін  енгізу (мысалға алатын болсақ,  жаңа  дәрілердің  түсуі  немесе  бағасының  өзгеруі, т.с.с),   қажет  мәліметтерді  іздеу  және  іздеуді  жеңілдету  үшін  реттеу.

        Мәліметтер базасы (МБ) – дегеніміз  белгілі  бір  қасиеттерге  ие  мәліметтер  жиыны  жөніндегі  жүйелі  түрде  мәлімет  сақтауға  мүмкіндік беретін  информациялық  модель.

Microsoft Excel-дің  көмегімен  мәліметтер  базасын  жасауға  және  редакциялауға   болады. Мұндай  жағдайға  электронды  кестеге   Excel-дегі  тізім  немесе  мәліметтер  базасы  және  мынадай  термин  сөздер  қолданылады:

тізімнің жолы   — мәліметтер  базасының   жазылуы;

тізімнің  бағаны – мәліметтер  базасының  өрісі.

 

Бағанның  аты  бір  ғана  ұяшықта  болуы  мүмкін   және  ол  кестемен

жұмыс   барысында  өріс  атымен  аталады.

ЕХСЕІ-де  мәліметтер  базасы жол  және бағандармен ұқсас құрылады,

мұнда кестенің бағаны – өріс,  ал әрбір жолы – жеке жазба болып табылады.

Әрбір өріс бойынша ақпарат кестенің жеке ұяшықтарына енгізіледі.

Мысал   ретінде оқулық  бойынша  (9.1-сурет)  кесте  арқылы  түсіндіріп

өтетін болсақ,  кестенің  А2:F1 аумағын  мәліметтер  базасы  ретінде

қарастыруға  болады,   бұл  жерде А, В, С, Д, Е, Ғ бағандары   өріс,  ал 3-12

жолдар  жазулар  деп  аталады.

Мәліметтер  базасының  құрылымдарына  шектеулер бар:

— мәліметтердің  бірінші  қатарында  қайталанбайтын  өріс аттары  болуы

керек;

— мәліметтер  базасының  қалған  қатарларында  жазулар  болуы  керек;

— өріс(баған) боынша  ақпараттар біртекті,   яғни  тек  сандар  немесе  тек

қана мәтін  болуы  керек.

     Мәліметтер  базасында жазбалармен орындалатын жұмыс

Мәліметтер  жазбасын  экранда көру үшін меңзерді  мәліметтер  базасының кез-

келген ұяшығына орналастырыңдар  да  Берілгендер  — Пішін (Данные  Форма)  

     командасын   орындаңдар.

Мәліметтер  базасында жазба іздеу үшін  Назад   және Далее  батырмаларын

қолдануға  болады.   Жазба табылғаннан кейін өзгерістер енгізуге болады.

Егер дерек базасы өте үлкен болса критерий батырмасын қолдануға болады.

Кестедегі  өлшем  бірліктердің  қолданыуы:

— орбита  бойымен айналу  периоды – Жер жылы;

— Күннен  орташа  қашықтық – млн километрмен берілген;

— орта сызықтық  диаметр – мың  километрмен берілген.

— масса – 1024 кг-ға көбейтіледі.

Кесте өлшемінің  үлкендігі  оның  мәліметтер  базасы  ретінде

қарастырылуының  негізгі  ерекшелігі  болып  табылады.

 

А В С В Е F
1                            Күн жүйесіндегі  планеталар
2 Планета Период Арақашықтық Диаметр Масса Планетаның серігі
3 Күн 0 0 13929 2000000 0
4 Меркурий 0,24 58 4,9 0,32 0
5 Шолпан 0,62 108 12,1 4,86 0
6 Жер 1 150 12,8 6 1
7 Марс 1,88 288 6,8 0,61 2
7 Юпитер 11,86 778 142,6 1906,98 16
9 Сатурн 29,46 1426 120,2 570,9 17
10 Уран 84,01 2869 49 87,24 14
11 Нептун 164,48 4496 10,2 103,38 2
12 Плутон 247,7 5900 2,8 0,1 1

     V.Сабақты бекіту. (3-мин)

  1. Мәліметтер базасы  дегеніміз не?
  2. Excel –де тізім немесе мәліметтер  базасын құру үшін қандай  терминдер

қолданылады?

  1. Жазба,  өріс, дегеніміз не?
  2. Мәліметтер базасының   құрылымдарына  қандай  шектеулер  қойылады?
  3. Данные — Форма командасын қолданғанда қандай амалдар орындалады?
  4. Мәліметтер базасының  сипатталуы бойынша белгілерін атаңдар?

 

  1. Практикалық жұмыс: Сыныптағы оқушылар  тізімін жасаймыз. 7- минут
Фамил иясы, аты Туған жылы Жынысы Ұлты Көзінің түсі Шашының түсі
1 Ақылбаев Нұржан 199 ұл қазақ қой көзді қара қоңыр
2 Асуов Асылжан 199 қыз қазақ сұр сары
3 Жарылқасын  Ж 199 ұл қазақ көк қара
4 Зепен Сара 199 қыз қазақ қой көзді ақ  сары
5 Қуанышбек Аружан 199 қыз қазақ қой көзді қара
6 Керімбай Ажар 199 қыз қазақ қой көзді қара қоңыр
7 Маратқызы Диана 199 қыз қазақ қой көзді қара
8 Төлегенов Нұрбек 199 ұл қазақ қөк сары
9 Тоқмырза Гүлназ 199 қыз қазақ қой көзді қара қоңыр
10 Төребай Гүлназ 199 қыз қазақ қөк ақ сары

VI.Қорытындылау.   Ой шақыру.  (3-минут) 

Місrosoft Excel   кестелік   мәлімет  базаларымен қандай операциялар  орындауға болады?

  • Мәліметтер базаларын құруға және оларға ат қойып, дискіде сақтауға;
  • Сақталған мәліметтер базаларын ашуға және оларды түзетуге;
  • Мәлімет базаларындағы  жазбаларды, өрістерді қосуға;
  • Мәлімет базасындағы жазбаларды, өрістерді өшіруге;
  • Жазбалардың, өрістердің мазмұнын көшірмелеуге және ауыстыруға;
  • Мәлімет базасындағы жазбаларды қарауға,  іздеуге,  реттеуге,  сүзуге ;
  • Есеп беруде басуға, яғни   принтерге шығаруға

«Графика» сөзжұмбағы: (2-минут) 

Сөзжұмбақ сұрақтары:

  1. Ол мәліметтерді графикалық түрде көрсетуге арналған. (диаграмма)
  2. Бағандық диаграмманың басқаша атауы. (гистограмма)
  3. Диаграмма типінің бір түрі. (сақиналық)
  4. Ол активті ұяшықтың ішіндегісін көрсетеді. (формула жолы)
  5. Диаграмма осі. (вертикаль)
  6. Excel қандай бағдарлама? (кестелік)
  7. Жалпы қосындыны есептейтін батырма  (Автоқосынды)

 

СТО элементі  3-минут

VІI. Үйге тапсырма беру: (1-минут)

EХСEL- дегі мәліметтер базасы.     

        Үйде кестелік түрде кез келген мәлімет жазып келу.

 

VІІI. Бағалау. (1-минут)