Графикалық ақпаратты компьютерде өңдеу

Сабақтың тақырыбы: Графикалық ақпаратты компьютерде өңдеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Экранның нүктелік, пикселдік өлшемдері, растрлық, векторлық, фракталдық графика туралы түсініктер енгізу;

Дамытушылық:  Графикалық ақпараттармен орындалатын амалдар, пж арқылы граф.ақпаратты өңдеудің бір түрімен таныстыру;

Тәрбиелік:  Эстетикалық тұрғыдан көркем өңдеу дағыдысын қалыптастыру.

Көрнекілігі: АКТ құрылғысы

Түрі: теориялық-практикалық

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі (3мин)

Үлкенге де «сіз»,

Кішіге де «сіз»,

Барша адамды құрметтеп

Иілеміз біз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.ТВ Бинго ойыны арқылы жүргізіледі. Лототронды айналдыру арқылы сұрақтың нөмірі таңдалады.

  1. Компьюлерлік графиканың түрлерін атаңыз.
  2. Суреттің қандай кеңейтілулері бар?
  3. Векторлық графикаға мысал ретінде қай бағдарламаныы алуға болады?
  4. Графикалық редактор терезесінің элементтерін атаңыз.

Жаңа сабақты практикамен ұштастыру

І тапсырма. Paint графикалық редакторының құралдарын пайдаланып, үйшіктің суретін салыңыз

ІІ тапсырма. Жұмбақтың шешуін тауып, суретін салыңыз

  1. Жаңбыр жауса нөсерлеп,

Әрі-сәрі болмаймын.

Алып жүрсең қолыңа,

Су болудан қорғаймын /қолшатыр/

  1. Қақаған қыста,

Өседі тыста.

Өзгертпей өңін,

Сақтауға ұста. /шырша/

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  • Алақанды уқалау.
  • Қолды қысу
  • Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

  • Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
  • Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса.
  1. Күндіз кірер «інге»,

Жұрт қалады білмей.

Шығады тек түнде,

Болам дейді күндей /ай/

  1. Көктем сайын жайқалып,

Жаңбыр суын ішемін.

Күз болғанда сарғайып,

Қурап-қурап түсемін /жапырақ/

ІІІ тапсырма. Еңбек құралдары мен ыдыстарды екі топқа бөліп жинақтаңыз.

Сабақты бекіту мақсатында ребус шешіледі.у