Excel-дің графикалық мүмкіндіктері

55

Сабақтың тақырыбы:   Excel-дің графикалық мүмкіндіктері.

Сабақтың мақсаты: 1/ Білімділік: Оқушыларға мәліметтерді жазу, өңдеу, функцияларды есептеуді және әртүрлі типті диаграммалардың түрлерін салуды меңгерту арқылы бағдарламаның мүмкіндігін көрсету.

                                         2/ Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру,бірін-бірі тыңдай білуге, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

                                        3/ Дамытушылық: Ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өз ойларын тиянақты жеткізуін,  білім іскерлік дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: Білім мен білікті практикада қолдану.

Сабақтың түрі: «Брейн-ринг» ойыны.

Сабақтың көрнекілігі: Практикалық тапсырмалар, тест сұрақтары,  фишкалар, бағалау парағы.

Пәнаралық байланыс: Математика,шет тілі, СӨС, география, биология.

Сабақтың барысы:

1/ Ұйымдастыру кезеңі.

«Брейн- ринг» ойыны 4 кезеңнен  тұрады.  Ұпайларды есептеу команда бойынша және жеке-жеке оқушы үшін де жүргізіледі. Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топтан 1 адамнан топ жетекшісін сайлайды.

 

 1-кезең. «Блиц-турнир». Үй тапсырмасын тексеру мақсатында «Кім жылдам?» тест сұрақтары беріледі. Бұл бөлімде әрбір топ мүшесі қайталау тақырыбы бойынша тест  сұрақтарын орындайды. Тест жұмысы ACTIVote  құрылғысымен жүргізіледі.  Жауаптарына байланысты фишкалар алады.

 

 2-кезең. Топтық жұмыс. Жаңа сабақ бойынша 4 топқа 4 түрлі тақырып беріледі, сол бойынша жұмыстарын қорғайды. Жауаптарына байланысты фишкалар алады.

 

 3-кезең. Практикалық жұмыс. Әр топтан 2 оқушы  компьютерде практикалық жұмыс орындайды. Орындаған жұмыстарына байланысты фишкалар алады.

 

 4-кезең. Қалған оқушыларға «5 айырмашылықты тап», «Информатикалық диктант» қосымша тапсырмалары беріледі.

 

Үйге тапсырма.  §8,5 оқып келу. HTTP://RU.SCIENCE.WIKIA.COM/WIKI/ сайтынан

“ВЕНН диаграммасы” туралы қосымша дайындалып келу.

 

Ойынды қорытындылау. «Шығу парағы» таратылады. «Брейн-ринг» ойынын қорытындылап, оқушылардың жинаған фишкаларын есептеп, бағалау.  

 

 

Практикалық жұмыс.

 

1-тапсырма. Кестедегі заттардың жалпы құнын есептеп, діңгектік /гистограммалық/  диаграмма тұрғыз, түсіндір.

 

Зат атауы Саны Бағасы Жалпы құны
1 Торт 2 400  
2 Кітап 3 250  
3 Нан 10 25  

 

 

2-тапсырма. Кестедегі заттардың жалпы құнын есептеп, цилиндрлік диаграмма тұрғыз, түсіндір.

Тауар Саны Бағасы Жалпы құны
1 Тоқаш 130 10  
2 Бәліш 130 10  
3 Сусындар 140 10  

 

 

3-тапсырма. Кестедегі заттардың жалпы құнын есептеп, конустық диаграмма тұрғыз, түсіндір.

Тауар Саны Бағасы Жалпы құны
1 Тақтайшалар 50 50  
2 Швабралар 15 100  
3 Орындықтар 10 200  

4-тапсырма. Кестедегі заттардың жалпы құнын есептеп, пирамидалық диаграмма тұрғыз, түсіндір.

Тауар Саны Бағасы Жалпы құны
1 Қарындаш 20 50  
2 Дәптер 30 15  
3 Кітап 5 250  

 

 

 

 

 

5- тапсырма.  Шет тілі. Look at the pie chart below. Interpreting a pie chart.

Popularity of colors: blue-37%, red- 20%, green- 12%, black- 8%, rosy- 5%, yellow- 5%, white- 3%, violet- 3%, golden- 2%, brown- 2%, grey- 1%, silver- 1%, orange- 1%.

Осы мәтінді қазақшаға аударып, пайздарына сәйкес діңгектік /гистограмма/ салыңыз.

 

6- тапсырма. СӨС. Адамның денсаулығы көбінесе оның немен және қалай тамақтануына байланысты. Күніне төрт рет тамақтанғанда асты былай мөлшерлеу дұрыс:

Ертеңгі ас 15%
Түскі ас 40%
Сәскелік ас 15%
Кешкі ас 20%

Тамақтанудың төрт мезгілін бөліп көрсететін дөңгелек диаграмма сал.

 

7-тапсырма. География.  Жер көлемі жағынан Қазақстан әлемдегі ең ірі тоғыз мемлекеттің бірі (Ресей, Канада, АҚШ, Бразилия, Австрия, Индия, Аргентина, Қазақстан).

Жалпы көлемі 2717 мың шаршы шақырымдай кең байтақ тұрағы бар. Қазақстанның территориясына Франция, Жапония, Ұлыбритания, Югославия, Италия, Испания, Швеция және Дания мемлекеттері еркін сыйып кетеді. Осы елдердің жер көлемдерін көрсететін дөңгелек диаграмма сал:

Мемлекеттер Жер көлемі км²
Қазақстан 2717
Франция 544
Ұлыбритания 244
Дания 45
Италия 301
Швеция 450
Югославия 256
Испания 305
Жапония 372

 

8- тапсырма. Биология. Организмдегі судың қалыпты мөлшерінің сақталуы тірі организмнің өмір сүруі үшін қажетті жағдай. Адам массасының 65%-і, жануарлар массасының 50%-і, үй жануарлары массасының 59%-і, үйректер массасының 70%-і, балықтар массасының 75%-і, және медуза 99%-і су. Аталған организмдердегі судың проценттік мөлшерін пирамидалық диаграмма түрінде көрсетіңіз.