Мәтіндік құжатты пішімдеу

Сабақтың тақырыбы:  Мәтіндік құжатты пішімдеу.

Сабақтың мақсаты:

1)Білімділік: мәтінді пішімдеудің мәні, пішімдеу режимдері,  символдарды пішімдеудің пернелер комбинациясы,

мәтінді туралау, оны тасымалдау туралы білім беру. Алған білімдерін компьютермен жұмыс жасауда пайдалана

білуге үйрету.

2)Дамытушылық: ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін, білік-дағдыларын дамыту, машықтандыру. Өз беттерінше

жұмыс жасау қабілеттірінің дамуына ықпал ету

 3) Тәрбиелік: алғырлық пен білімділікке, өзара жолдастыққа,ұйымшылдыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың типі:  аралас сабақ

Сабақтың түрі: саяхат сабағы

Сабақтың әдістері: түсіндіру, суретпен жұмыс, ребус, ойын, инновациялық әдістер, кеспе   қағаздармен жұмыс

іздену, ассоциация құру, компьютермен, электронды оқулықпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Астананың суреттері, ескерткіштерінің суреттері,  ойындар, слайд, интерактивті тақта,

электронды оқулық,  кестелер, компьютер, оқулық, кеспе

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасып, түгелдеу.
  • Оқушылардың оқу-құралдарын түгендеп, назарларын сабаққа аударту.

-Оқушылар, бүгінгі сабағымыз ерекше саяхат сабақ болмақ. Ол саяхаттың кай қалада болатынын білу үшін ребус шешейік                                                   Ребус шешу.

,,,,            ,                    ,,,,,           ,,,      ,,       ,,,,      ,,      ,,,

Жауабы: Астана

-дұрыс, біз  енді елордамыз -Астанаға саяхатқа шығамыз. Қонақтарды білімімізбен, тәрбиемізбен сыйлап жіберуіміз керек. Солай емес пе? Ендеше, бір-бірімізге жүрек жылуын беріп, сәттілік тілейік.

Поэзия сәті

«Астана»

Ел жүрегі – Астана, Менің туған мекенім.

Ел тілегі – Астана,  Әнім, жырым, өлеңім.

Бейбітшілік қаласы,   Атанған менің Астанам

Балалардың күлкісін, Бағалаған Астана- дей отырып, оқушылар, Астана туралы не білеміз?

Тарихқа шолу жасау.

-Ендеше, оқушылар қазір Астанаға сапар шегейік. Ол үшін біз  ұшаққа билет алуымыз керек. Билетті үй тапсырмасын орындау арқылы алайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

 «Ой шақыру» стратегиясы

  1. Microsoft Word –ты қалай іске қосамыз?
  2. Терезе элементтерін атаңдар.
  3. Тезедегі екінші панель қандай?
  4. Құжатты қалай сақтаймыз?
  5. Мәтіннің қандай түрлерін білесіңдер?
  6. Кеспе қағазбен жұмыс

Жарайсыңдар, оқушылар! Ұшаққа билет алынды. Енді ұшаққа мініп, Астана қаласына көк аспанда самғап ұшамыз. (Оқушаларға ұшақ билеті таратылады)

ІІІ.Жаңа  сабақ

Жаңа сабақты электронды оқулықтың көмегімен түсіндіру.

Пішімді режидері:

  1. Символдық пішімдеу – Ж «жартылай қарайтылған», К «курсив», Ч «асты сызылға
  2. Абзацтық шегіністер — Формат→ Абзац командасын орындау, Абзац диалогтік терезесі пайда болады, сол арқылы пішімдеу жүзеге асырылады.
  3. Туралау — Формат→ Абзац командасын орындау, Абзац диалогтік терезесі пайда болады, сол арқылы пішімдеу жүзеге асырылады.
  4. Жоларалық интервал – абзацтағы жолдардың арақашықтығы. Формат→ Абзац командасын орындау, Абзац диалогтік терезесі пайда болады, сол арқылы пішімдеу жүзеге асырылады.
  5. Тасымал жасау – Сервис → Язык→Расстановка переносов командасын орындау керек.

-Ал, оқушылар Астана қаласына қош келдіңіздер! Алғашқы саяхатты Астананың сиволы                    «Бәйтерекке» шығамыз. Ол үшін кестелерді толтырайық.

Интерактивті тақтамен жұмыс.(3 мин.)

Мәтінді ерекшелеу түрлеріІске асыру жолдары
Бір ғана сөзді белгілеу үшін
Бүкіл жолды белгілеу үшін
Сөйлемді белгілеу үшін
Абзацты белгілеу үшін
Бүкіл құжатты белгілеу үшін
Құжаттың үлкен бір бөлігін белгілеу үшін

«Президент сарайына» саяхат. Интерактивті тақтамен жұмыс.(3мин.)

ПернеПішім
< Ctrl + В>
< Ctrl +І>
< Shift  + F3>
< Ctrl + Shift +А>
< Ctrl + Shift +С>

«Хан шатырға» саяхат. Компьтермен  жұмыс. (7мин)

Ойын: «Қателерді анықтау»

Бір бала компьтерде қалай  жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Ол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар. Сол әңгімені компьтерге теріп, қатесін түзетуді орындатқызу.

Тапсырмасы: Мен компьтермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап динамик деп аталатын плоттерде ұжаттарымды сақтаймын.

Жауабы:

  1. монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет;
  2. әріптер пернетақта арқылы теріледі;
  3. сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылады;
  4. компьютерге дайын мәтінді жылдам енгізуде сканер пайдаланылады;
  5. мәтінді басып алу үшін, принтерге қағаз салады;
  6. ән тыңдау үшін динамик немесе құлаққалқан керек;
  7. құжаттар компьтердің сыртқы жадында сақталады;
  8. плоттердің екінші аты графиксызғыш құрылғысы.

ІV. Сергіту сәті

«Пирамидаға» саяхат. Компьтермен  жұмыс.

«Ненің түбі не?»- танымдық ойын

Мәтінді теріп жаз.

Мәтінге келесі параметрлерді орнат: Қаріп өлшемі: 14 пт, және туралауды орындау.

Еңбек түбі не?       (Береке)       Көптің түбі не?  (мереке)             Кәсіп түбі не? (нәсіп)

Бейнет түбі не? (зейнет)          Ынтымақ түбі не? (игілік)       Ұрлық түбі не? (қорлық)

  1. Жаңа сабақты бекіту.

«Мәдениет орталығына» саяхат. (2мин)

Ойын: «Сәйкесін тап»

Жартылай қалың әріп

Баспаға жіберу

Құжат құру

Оң жаққа туралау

Асты сызлған

Құжатты сақтау

Құжатты ашу

Сол жаққа туралау

Буферге қиып алу

Болдырмау

Курсивті әріп

Маркерлеу

Жалпы туралау

«Әсем банкке» саяхат.

Осы өлең жолдарын жоларалық интервалмен пішімдеу

VІ. Сабақты қорыту. (3 мин)

«Әуежайға қайту»

 ББҮ әдісі

БілемінБілгім келедіҮйрендім
   

 

VІІ. Үйге тапсырма беру

  • 20тақырыпты оқып, мазмұндау. Астанаға байланысты 8жол өлең жазып келу

VІІІ. Бағалау.

Оқушыларды  жинаған ескерткіш суреттері арқылы бағалау