Графикалық ақпаратты өңдеу

84

Сабақтың тақырыбы: Графикалық ақпаратты өңдеу

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мәтіндік құжаттың  графикалық мүмкіндіктерін  көрсету. Графикалық бейне, фигуралық мәтін кірістіруді үйрету.
Білімділік:Графикалық ақпаратты өңдеу 
мәтіндік
құжатқа графикалық кескіндерді кірістіру, фигуралық мәтін енгізу;

Дамытушылық:  сурет кірістіру    туралы білімдерін қалыптастыру;Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту,
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік:жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс жасауға, ЕТ кабинетіндегі техника қауіпсіздік ережелері сақтауға тәрбиел

Сабақтың  түрі:                  Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың   әдісі:        сұрақ-жауап, жеке  оқушымен жұмыс, сөзжұмбақ

шешу,интерактивті тақтамен жұмыс

Көрнекілік құралдар:         кеспе парақтар, оқулық құралдары, компьютер,

интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, қазақ тіл

 

І. Ұйымдастыру кезеңі:  (2 мин)  (оқушылар зейінін сабаққа бейімдеу)

а) Сәлемдесу,

ә) Түгендеу

б) оқушылардың сабаққа деген ынтасын көтеру және психологиялық дайындау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: (3 мин)сұрақ-жауап

  1. Paint – графикалық редактор дегеніміз не ?
  2. Ақпарат дегеніміз не?
  3. Құал –саймандар тақтасы дегеніміз не?

 

 

 

 

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру: (10 мин)

а) Жаңа ұғымдар: мәтінге сурет, мәтіндік фигура енгізу

ә)жаңа ұғымның негізін қалыптастыру

Енді біз бүгінгі сабақта мәтіндік құжатқа  графикалық мүмкіндіктерін енгізу жолдарын қарастырамыз.. Мәтіндік құжатта  тек мәтін енгізіп қана емес оған әртүрлі суреттерді кірістіріп те, безендіру үшін фигуралық мәтін енгізіп те жұмыс жасауға болады.

Графикалық кескіндерді немесе суреттерді дайын суреттер кітапханасынан қоюға  немесе өздерің білетін графиктік редакторларда дайындап алып, оны мәтіндік құжаттарыңа кірістіруге де болады.

Ол үшін:

1.Мәтінге сурет қою;
2. Дайын сурет қорынан сурет кірістіру жолдары;
3. Фигуралық мәтін кірістіру;
4. Орын ауыстыру, бұру  жәнеөлшемін өзгерту
5. Құжаттағы фигураны жою.

IV.Мәтіндік құжатта автофигураны қалай пайдалана аламыз???
1. Сурет салу аспаптар нанелі.

V.Оқушыларға  практикалық  тапсырмалар беріледі?

.Тапсырма.Тапсырыс  келіп түсті!!!

«8 сынып» Информатика оқулығының сыртқы мұқабасын көркемдеу

1.Word мәтіндік редакторын іске қосу.

  1. Беттің параметрін өзгерту ( №1 тапсырма)
  2. Бетке түс беру ( №2 тапсырма)
  3. Бетті жиектеу. (№3тапсырма)
  4. Автордың аты-жөнін жазу. Мәтіннің қаріпін, өлшемін және түсін

таңдау.

  1. Кітаптың тақырыбын және сыныбын фигуралық мәтінмен жазу.

 

 

 

 

  1. Алдын-ала көріп шығу батырмасының көмегімен бетті көру.

(№4 тапсырма)

  1. Кескінді кірістіру. (№5 тапсырма)
  2. Алдын –ала көріп шығу батырмасының көмегімен кітаптың мұқабасын көру. Суретті бұрып, орын ауыстырып және өлшемін өзгертіп, қалаған жерге апарып кою. ( №6 тапсырма)
  3. Кітаптың сыртқы мұқабасы дайын. Жұмысымызды өзіміздің

сыныбымыздың атымен сақтау.

Сабақты бекіту сұрақтары:?

  1. Алмасу буфері дегеніміз не?
    2.Объектілерді жоюдың қандай жолдары бар?

Ү. Оқушыларды бағалау


ҮІ. Үйге тапсырма::
Корзинаны қалай тазалайды?

V.Өзін-өзі бағалау парағы .

Аты-жөні:  ___________________

Мәтінді теріп мына пішімдерді орындап, мәтінге байланысты сурет кірістір:

1-деңгей (қәріп-15, түсі – қара, жартылай қарайтылған)

2- деңгей (қәріп-17, түсі- көк, қисайтылған)

3-деңгей (қәріп-11, түсі-қызыл, асты сызылған)

4- деңгей — (Бірінші сөйлемді ағылшын тіліне аудар)

Кітап- қымбат дос. Ол сенің айыбыңды ашпайды, сырыңды сыртқа шашпайды. Кітап- көп ақылдың құйылған көлі, ортақ мүлік, халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы. Соған әр уақытта үндемей  көмектеседі. Бірақ сен де кітапқа қайырымды бол. Оны сүй.

Мәтінді теріп мына пішімдерді орындап, мәтінге байланысты сурет кірістір:

1-деңгей (қәріп-15, түсі – қара, жартылай қарайтылған)

2- деңгей (қәріп-17, түсі- көк, қисайтылған)

3-деңгей (қәріп-11, түсі-қызыл, асты сызылған)

4- деңгей — (Бірінші сөйлемді ағылшын тіліне аудар)

Гүлді өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы орасан зор. Өсімдіктер – адамға тамақ өнімдерін береді және ауыл шаруашылық жануарларына қажетті жемшөп қоры. Олар шикізат ретінде өндірістің әр түрлі салаларында қолданылады.

Мәтінді теріп мына пішімдерді орындап, мәтінге байланысты сурет кірістір:

1-деңгей (қәріп-15, түсі – қара, жартылай қарайтылған)

2- деңгей (қәріп-17, түсі- көк, қисайтылған)

3-деңгей (қәріп-11, түсі-қызыл, асты сызылған)

4- деңгей — (Бірінші сөйлемді ағылшын тіліне аудар)

Компьютер- ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал. Ақпараттарды автоматты түрде өңдеуге арналған аппараттық және программалық құралдар кешенін компьютер деп атайды. Компьютер алдын ала берілген программа бойынша ақпаратты өңдеуді алғашқы мәліметтерді енгізуден бастап нәтиже алғанға дейін жүргізеді.

 

Мәтінді теріп мына пішімдерді орындап, мәтінге байланысты сурет кірістір:

1-деңгей (қәріп-15, түсі – қара, жартылай қарайтылған)

2- деңгей (қәріп-17, түсі- көк, қисайтылған)

3-деңгей (қәріп-11, түсі-қызыл, асты сызылған)

4- деңгей — (Бірінші сөйлемді ағылшын тіліне аудар)

Интернет –бүкіл жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамассыз ететін  желілер жиынтығы. Өзара байланыстырылған миллиондаған компьютерден құрылған біртұтас ақпараттық кеңістікті Интернет деп атайды. Интернет адамзаттың ақпараттық технология саласындадағы жеткен жетістіктерінің бірі.Интернеттің ең қарапайым анықтамасы желілердің желісі деп аталады.

 VII. Жаңа сабақты бекіту

Сабақты бекіту сұрақтары:?

  • Алмасу буфері дегеніміз не?
    • Объектілерді жоюдың қандай жолдары бар?
    Ү. Оқушыларды бағалау


ҮІ. Үйге тапсырма::
Корзинаны қалай тазалайды?

Білімділік сатысы.
Жаңа түсініктер мен іс — әрекеттер тәсілін қалыптастыру
а) Жаңа ұғымдар: мәтінге сурет, мәтіндік фигура енгізу
ә) Жаңа ұғымның негізін қалыптастыру
Енді біз бүгінгі сабақта мәтіндік құжатқа графикалық мүмкіндіктерін енгізу жолдарын қарастырамыз.. Мәтіндік құжатта тек мәтін енгізіп қана емес оған әртүрлі суреттерді кірістіріп те, безендіру үшін фигуралық мәтін енгізіп те жұмыс жасауға болады.
Графикалық кескіндерді немесе суреттерді дайын суреттер кітапханасынан қоюға немесе өздерің білетін графиктік редакторларда дайындап алып, оны мәтіндік құжаттарыңа кірістіруге де болады.
Дайын сурет қорынан сурет кірістіру жолдары:
1. Мәтіннің сурет кірістіретін жеріне курсорды орналастырасыңдар.
2. Вставка — Рисунок — Картинки командасын орындайсыңдар.

3. Коллекция картинок командасын орындайсыңдар.
4. Избранное терезесі ашылады.
5. Терезенің сол жақ бөлігінен Коллекции Microsoft OFFICE бетін ашасыңдар.
6. Суреттері бар бөлімдердің ішінен қажетті бөлімді таңдап, оң жақ бөліктен қажетті суреттің жанындағы стрелка батырманың үстінде маус батырмасын шертесіңдер.
7. Шыққан динамикалық менюден Копировать батырмасын шертесіңдер.
8. Терезені жауып, сурет енгізетін жерге курсорды қойып, Правка — Вставить командасын орындайсыңдар.
9. Сонда сурет мәтінге кірістіріледі.
10. Суреттің өлшемі ұнамаса оны кішірейтуге немесе үлкейтуге болады. Ол үшін суреттің үстінде маустың сол жақ батырмасын бір рет шертіңдер. Суреттің жақтауларында сегіз төртбұрыш пайда болады. Сол төртбұрыштардың үстіне маус нұсқағышын апарсаңдар екі жаққа бағытталған стрелка пайда болады. Сол стрелка бағытымен суреттің өлшемін маустың сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап созып өзгертуге болады.
11. Суреттің өлшемін өзгерткен соң оның үстінде маустың сол жақ батырмасын шертіп, Формат рисунка командасын орындаңдар. Формат рисунка терезесінде Положение қосымшасында шертіңдер де, Поверх текста опциясының жалаушасын алып тастаңдар. ОК — ді басыңдар. Енді суреттеріңді қалаған жерлеріңе апарып қоюға болады.
12. Кірістірген сурет мәтіннің оң жақ немесе сол жақ шетінде орналасуы үшін, Обтекание қосымшасын таңдау керек. Одан кейін қажетті жағдайды таңдап ОК — ді басу керек.
Фигуралық мәтін кірістіру.

Егер мәтіннің тақырыбын немесе мәтін ішінде кездесетін ерекше сөздерді әдемілеп жазу керек болса, онда фигуралық мәтін енгізуге болады.
Ол үшін:
1. Меңзерді фигуралық мәтін орналасатын жерге қойып, Вставка — Рисунок — Обьект WORDART командасын орындау керек.
2. Коллекция WORDART терезесінде ұнаған қаріп стилін шертіп, ОК — ді басыңдар.
3. Изменение текста WORDART терезесі пайда болады. Ондағы Текст надписи өрісіне өздеріңнің мәтіндеріңді енгізіңдер де, ОК — ді басыңдар.
4. Мауспен фигуралық жазбаны орнатыңдар