Аңыз әңгімелер. «Асан Қайғының жерұйықты іздегені»

1280

Сабақтың тақырыбы: Аңыз әңгімелер. «Асан Қайғының жерұйықты іздегені»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Аңыз әңгімелер туралы түсініктерін кеңейте отырып, оқушылардың ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін арттыру.

Дамытушылық: Оқушылардың тілін, ойлау қабілеттерін, мазмұндау дағдысын дамыту, сөздік қорын молайту. Аңыз әңгімелер арқылы халық ауыз әдебиетіне деген  қызығушылықтарын ояту.Мәтінмен жұмыс жасауға, сұрақтарға жүйелі жауап бере білуге, логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, өз ойын еркін жеткізудегі іскерлік дағдысын анықтау.

Тәрбиелік: Оқушылардың  бойына әдептілік, инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру. Ой ұшқырлығы мен тапқырлық арқылы кез келген жағдайдан  шыға білуге икемдеу.

Түрі:  Шығармашылық-ізденіс сабақ

Әдісі : Түсіндіру, ойландыру, салыстыру, жинақтау, сөз әдісі, логикалық әдіс

шығармашылық жұмыс

Пәнаралық байланыс:  география, тарих

Көрнекілігі: слайдтар, интербелсенді тақта, сурет,қосымша материалдар, карта.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:оқушыларды сабақ процесіне дайындау.

ә) Үй тапсырмасын тексеру:

(Интербелсенді тақтада берілген сұрақтар арқылы өткен сабақты пысықтау)

1) Фольклор дегеніміз не?

Ол ағылшын сөзі, халықтың ауызша шығарған шығармасы деген мағынаны білдіреді.

2) Ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар?

 

 

 

3) Ертегі дегеніміз не?

Ертегі- ауыз әдебиетінің көп тараған түрі. Ертегілерде халықтың жақсы өмірді аңсаған арман- қиялы айрықша  әсірелеп суреттеледі.

4) Ертегінің қандай түрлері бар?

 

Хайуанаттар туралы ертегілер. Қиял- ғажайып ертегілер. Шыншыл ертегілер.
Негізгі кейіпкерлер аң, құс, үй жануарлары Ер жүрек, батыр адамдардың басынан кешкен сан алуан оқиғаларды баяндайды. Өмірдегі шындық оқиғаларды баяндайды.

 

5) Қазақ ертегілерінің зерттелуі туралы не білесіңдер?

Жаңа сабақ: Аңыз әңгімелер. «Асан Қайғының жерұйықты іздегені»

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Мұғалім: Аңыз әңгімелер туралы түсініктерін кеңейту, сөйлеу шеберлігін арттыру. Сөздік қорларын молайту. Мәтінмен жұмыс жасауға, сұрақтарға жүйелі жауап беруге дағдыландыру. Балалардың бойларына әдептілік, инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

(Интербелсенді тақтада берілген сөзжұмбақты шешеді)

 

І. Сөзжұмбақ:

1.“Аяз би” ертегісінің кейіпкері кім?

  1. Аяз бидің жары Кім?
  2. Тазша бала неше өтірік айтты?
  3. “Қырық өтірік” ертегісінің басты кейіпкері кім?

 

  ж а м а н
м е ң д І  
  қ ы р ы қ
т а з ш а  

 

ІІ. Өзіндік ізденіс- білім негізі:

  • Аңыз дегеніміз не?

(Аңыз белгілі бір адам атына, іс- әрекетіне байланысты туады. Аңыз әңгіме көбінесе тарихта болған адамның басына құрылады.)

  • Аңыз кейіпкерлерін ата.

(Асан Қайғы, Қорқыт ата, Жиренше, Жошы хан, Қожанасыр, Алдар көсе)

  • Қандай аңыздарды білесіңдер? (Өздері білетін аңыз әңгімелер туралы айтып, ондағы аңыздың бізге берер қандай қасиеттері бар екендігін айтады.)
  • Аңыз әңгімелер туралы пікірлер.
  • Асан Қайғы деген кім?

(Асан Қайғы (шын аты- жөні Хасан Сәбитұлы ХІҮ ғасырдың 2- жартысында, Еділ бойы- т.ө.ж. белгісіз)- қазақ жырауы. Алтын Орданың ыдырауы дәуірінде өмір кешкен. Асан Қайғы Сарайда, біраз жылдардан кейін Қазандағы Ұлығ- Мұхаммед ханның жанында болған. ХҮ ғасырдың 50- жылдарында Дешті қыпшаққа қайта оралып, Керей, Жәнібек бастаған қазақ хандығының ақылшы биі болған. Толғауларына қарағанда елдің Еділ, Жайық, Жем өңіріне қоныс тебуін қалағаны байқалады.)

Шоқан Уәлиханов Асан Қайғыны «Көшпенді қазақ, ноғай ұлысының философы» деп атаған. Ел аузындағы аңыздарда да Асан Қайғы халқының қамын ойлап күңіренген абыз- жырау ретінде танылады. Ол малы мен жаны кемтарлық көрмей «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» жайлы қоныс іздейді. Елінің тыныш, бейбіт, бақытты болуын көксейді. Дүниедегі сондай «жерұйықты» іздеп, Асан Қайғы желден жүйрік желмаямен жердің жеті бұрышын кезеді. Болған, көрген мекендерінің бәріне де баға беріп, пайдалы және жағымсыз жағын саралап айтып отырады. «Жерұйықты» таба алмай, әбден қалжырап, Ұлытауға жеткенде дүние салады.

 

 

ІІІ. Оқулықпен жұмыс.(92, 93 беттер)

 

І топ: Бұл әңгіменің неге аңыз екенін мына белгілер бойынша айт:

а) Асан Сәбитұлының тарихта болғаны;

ә)Жерұйықты іздеудегі мақсаты, арманы;

б) Көрген жерінің бәріне қонымды баға беруінің мәні, оның шындыққа қатысы;

в) Әркімнің туған жері- жерұйық. Мүмкін сендердің туған жерлеріңе де Асан атаң барған шығар?

г) Сөздікпен жұмыс.

Желмая-түйенің бағалы тұқымының бірі

Бозторғай жұмыртқалайтын қоныс-тыныштық орнаған жер

“Жерұйық” –жұмақ жер, жайлы қоныс, құтты мекен, әркімнің туған жері

Жиһан – дүние, жер- жаһан

Түз— дала, мидай дала

 

ІІ топ:  Өзіңнің туған жеріңе Асанқайғыша баға беріп көр. Суретті пайдаланып, шығарма жазыңдар.

 

ІІІ топ: Асанқайғының барған, баға берген жерлеріне географиялық тұрғыдан сипаттама беріңдер.

 

 

 

  1. Каспий теңізіне сұғына орналасқан Маңғыстау түбегінде Маңғыстау таулары жатыр. Аласа жас таулар қатарына жатады. Ең биік тау жотасы- Қаратау,биік нүктесі Бесшоқы- 556 м. Маңғыстау таулары құм, кристалды тақта тастардан тұрады. Қара әктастан Қаратау, ақ әктастардан Ақтау түзілген. Маңғыстау тауларының оңтүстігінде теңіз деңгейінен төмен орналасқан терең ойыс Қарақия ойысы бар- 132 м. Төмен. Маңғыстауда мұнай мен газ өндіріледі, мол қоры бар. Түбекте Ақтау қаласы әктастан салынған.
  2. Жайық өзенінің сол жақ саласы Шыңғырлау өзені болып табылады. Өзен қар, жауын суымен қоректенеді. Шыңғырлау ауданы, Ақсай қаласының маңымен ағып өтеді, кейде Жайыққа жетпей қалады.
  3. ІІ дүниежүзілік соғыс басталар алдында 12 көмір шахтасы жұмыс істеп, түсті металлургияның ірі орталықтарының бірі Қарсақбай кен орны пайда болды. Орталық Қазақстандағы Жезқазған кен орны «Қазақстан магниткасы» деп аталады. Қарсақбай кен орны түсті металға бай.
  4. Қырғыз тау жотасынан басталатын Аспара өзені ағып өтеді. Мерке жерінде ежелгі Аспара қаласы болған. Аспара өзені Жібек жолы бойында орналасқан. Аспара өзенінің халық шаруашылығында маңызы зор. Мал жайылымына қолайлы.
  5. Баянауыл- Сарыарқаның солтүстік- шығыс бөлігіндегі таулы өлке. Батыстан шығысқа қарай 40- 50 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 20-25 км созылып жатыр. Таудың биіктігі 600 м- 1000 м дейін. Ең биік тауы- Ақбет 1026 м.

Киелі жерім менің Баянаул,

Тау- тасы, өзен- көлі бәрі асыл,

Осындай жер жанатта туып өскен

Бақытты ғой, шіркін барша қауым.

  1. Сарыарқаның оңтүстік- батысында Ұлытау жүйесі орналасқан. Ұлытау құмтастан, аралас жыныстардан, кристалды тақтастан, граниттен тұрады. Ұлытаудың биіктігі- 1134 м. Ұлытау қуаңшылық климатымен көзге түседі. Жылдық жауын- шашын мөлшері 180-230 мм. Шоқ- шоқ қарағай өседі. Жусан, бетеге, боз, көде, еркекшөп, сораң өседі.
  2. Әулиеатаның батысындағы Жуалы Жамбыл облысындағы аймақта орналасқан. Ауыл шаруашылығы және ірі қара мал шаруашылығымен айналысады. Жуалы теміржол станциясы бар, ірі жол торабының бірі.
  3. Жоңғар Алатауының солтүстік- шығысындағы созылып жатқан Жетісу тау сілемі Алакөл ойысының оңтүстік- батыс жағындағы ендік бағытта созылып жатыр. Биіктігі- 2605 м. Қызыл қоңыр топырағында әр түрлі астық тұқымдасты шөптер өседі. Шыршалы орман өседі. Жетісу халық шаруашылығында мал жайылымына қолайлы.
  4. Жетісу Алатауы, Жоңғар Алатауы- Қазақстандағы ірі, әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйесі. Солтүстігінде Балқаш- Алакөл ойысы, оңтүстігінде Іле аңғары аралығында батыстан шығысқа қарай 450 км- ге, батыстан ені 100 км, шығысында 250 км- ге жетеді.

 

ІҮ. Сергіту сәті:

Асанқайғы аралады қазақ жерін,

Мінген көлігі Желмая түйе дермін.

Аралап,  шырайлы жер өлкесін,

Бірсыпыра жерге баға бердің.

Асанқайғы аралап таңғалыпты,

Ақындар жырға қосып, ән салыпты.

Жеріне қойған бағасының

Болжамына халықтар таңғалыпты.

Бабамыздың жері құтты мекен,

Бағасын Асанқайғы берген екен.

Баянауыл тауын көргенде,

Баянауылды өзіне жайлау еткен.

 

Ү. Сайдағали Анельдің орындауында Қорқыттың күйі

«Ел айрылған».

ҮІ. Кестені  толтыру.

Білдім. Білемін. Білгім келеді.
     

 

ҮІІ. Білімді бекіту: өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Аңыз әңгімелер дегеніміз не?
  2. Қандай аңыздарды білесіңдер?
  3. Аңыздар өмірде болған уақиғаларға құрыла ма?

ҮІІІ. Балалар, «Синквейн» әдісі бойынша бес жолды өлең құрастыра қойыңдар.

ІХ. Үйге тапсырма:

Ғаламтордан,кітапханалардан ізденіп, Асан Қайғының өмірі жайлы зерттеушілердің пікірін жазу. (Міндетті)

  1. “Жерұйық” тақырыбына сурет, өлең, эссе, ән, т. б. шығармашылық

жұмыс жаса. (Мүмкіндік)

Х. Бағалау.