Сәйф Сараи «Түркіше Гүлстан»

«Манашы орта мектебі» ММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Сәйф Сараи «Түркіше Гүлстан»

Сыныбы:     8 «Ә»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: Муканова И

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2014-2015 оқу жылы

Сәйф Сараи «Түркіше Гүлстан»

 

Сілтеме:8-сынып Әдебиет оқулығы
Жалпы мақсаты:Оқушыларға Сәйф Сараи туралы малғұмат беру. «Түркіше Гүлстан» шығармасын түсініп оқып, ондағы негізі ойды анықтауға, ойларын жүйелі баяндауға және ой-өрісін, тіл байлығын дамыту, талдау, салыстыра білу дағдыларын қалыптастыру. Жақсыны үйреніп, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:Әңгімедегі мәселені талқылауда оқытудың стратегиялары арқылы оқушының пәнге қызығушылығы, белсенділігі артады. Әңгімедегі  негізгі ойды анықтап, мазмұны бойынша қорытынды пікір айтуға және кейіпкерлерді салыстыра отырып, мінездеме беріп, өздеріне өмірлік сабақ алады. Сыни тұрғыдан ұсынылған әдістер негізінде нақты әрі саналы шешім қабылдауға үйренеді.
Сабақтың түрі, әдіс-тәсілдері:Дәстүрден тыс топтық жұмыс,  сыни тұрғыдан ойлау, ұжымдық, әңгімелеу, іздену, талдау, салыстыру, қолдану, бағалау.
Керекті жабдықтар:АКТ, суреттер, постер, маркер, стикер, бояу, парақтар.
Пәнаралық байланыс:Тарих, география, этнопедагогика, қазақ тілі
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері:Мұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
Ұйымдас-тыруПсихологиялық ахуал қалыптастыру.

Топқа бөлу.

Топ ережесімен таныстыру.

Оқушының қызығушылығы оянып, назары сабаққа ауады.

1-топ—Қазақ, 2-топ—Қырғыз,

3-топ—Өзбек, 4-топ—Татар.

Оқушылар өздеріне тиесілі жерге отырады.

Үй тапсырма-сын пысықтауҮйге берілген тақырыпты қаншалықты меңгергендігін білу мақсатында сұрақтар қоямын.

Сұрақтар:

1.     Қазақ жерінде Алтын Орда мемлекеті қашан құрылды? Ол кезде түркі әдебиеті мен мәдениеті қалай дамыды?

2.     Рабғузидің қиссалар кітабы қашан жазылды?

3.     Кітапта не туралы жазылған? Неліктен ол «Қиса-сул әнбиа» деп аталған?

 

4.     Рабғузидің «Қарлығаштың адамға достығы» үзіндісінде не туралы айтылған? Бұл үзінді қазақтың қай ертегісімен ұқсас?

5.     Рабғузидің әңгімелерінде адамгершілік идеясы қалай көрінеді?

6.     Лұқман хакім әңгімелерінен үзінді айт. Әңгімеден қандай тәлім-тәрбие алдыңдар?

7.     Лұқман сөзі қай елдің сөзі. Қазақша баламасы қандай?

Оқушылар сұрақтарға жылдам жауап береді.

Сұрақ-жауап арқылы сөйлеу қабілеттері артады.

Өткен тақырыпты тереңірек меңгереді.

Жаңа сабақСәйф  Сараидың «Түркіше Гүлстан» кітабынан үзінділер өтеміз.

Сәйф Сараи өмірінен ақпарат беру.

Топтық тапсырма беріледі.

Мәтінмен жұмыс.

 

Оқушылар топпен жұмыс атқарады.

1-топ: 1-2-әңгіме

2-топ: 3-4-әңгіме

3-топ: 5-6-әңгіме

4-топ: 7-8-әңгіме

Сөздікпен жұмысҚарық болу—бұл әңгімеде суға кету деген мағынада.

Кәуап—шоққа пісірілген ет.

Уағза-уәде.

 

Оқушылар сөздікпен жұмыс жасайды. Жаңа сөздерді меңгереді.
Сергіту сәті

Ұжымдық жұмыс

Әңгімені талдау.

1.     Кемедегі адамды суға тастағаннан кейін ол неге жылауын тоқтатты?

2.     «Бейнет көрмеген адам рақаттың қадірін білмес» дегенді қалай түсінесіңдер?

3.     Сұлтан неге үш баласының ішінен аласа бойлысын жақтырмайды?

4.     «Ұзын бойлы ақымақтан, аласа бойлы ақылды артық»  дегеннің мәнісі неде?

5.     Наршаруан құлын тұзға жұмсағанда неліктен «Ақшасын төлеп ал»,-дейді?

6.     Ақымақ адам шынымен жөнделмей ме?

7.     Өлген кісінің басына зәулім күмбездер салған дұрыс па?

8.     Дәулетті адам дегенді қалай түсінесіңдер?

 

 

Оқушылар сергіп, сабаққа ынтасы арта түседі.

Оқушылардың ойы жинақталып, өз ойын дәлелдеп үйренеді.

Шығармашылық тапсырма.

«Адамгершілік-ұлы қасиет» тақырыбында шығарма жазу

 

Балалар берілген  тақырып бойынша шағын шығарма жазады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытады.
БекітуБұл тақырып  ежелгі дәуір әдебиеті бойынша соңғы тақырып болғандықтан өткен тақырыптарды қаншалықты меңгергендіктерін білу мақсатында сұрақтар қоямын.

1.     Әбунасыр Әл-Фараби  кім? Ол ғылымның қандай салаларымен айналысты?

2.     Әл-Фарабидің қандай еңбектері бар? Оның өлеңдерінде қандай ойлар айтылады?

3.     Ахмет Иасауи өмірі туралы не білесіңдер? Иасауи нені жырлады? Нені насихаттады?

4.     Иасауи шығармаларынан өз өмірлеріңе пайдалы нәрсені таптыңдар ма?

5.     Жүсіп Баласағұн туралы не білеміз? Оның шығармасы не деп аталады?

6.     «Құтты білік» кітабында не айтылған? Қандай тәрбиелік мәні бар?

7.     Махмұт Қашқари кім? Қандай еңбектері бар?

8.     Қашқари  жинаған мақал-мәтелдерді жатқа айт. Олардың ішінді қазіргі тілімізде кездесетіні бар ма?

9.     Алтын Орда мемлекетінің көрнекті өкілдері кімдер? Олардың қандай шығармаларын білеміз?

10.                       Рабғузидің «Қиса сул-әнбиа» кітабы не туралы?

11.                       Сәйф Сараи өмірі туралы не білдік?

12.                       Сәйф Саридың  «Түркіше Гүлстан» кітабын кімнен аударды. Арабша атауы қандай?

 

13.                       Сараидың өз туындысы не деп аталады. Онда не жазылған? Ондағы  әңгімелер ұнады ма? Несімен ұнады? Қандай әсер алдық?

Оқушылар өткен сабақтарды еске түсіріп, білімдері арта түседі. Өз ойларын дәлелдеп үйренеді, сабақта алған білімдері жүйеленеді.

Өздігінен қорытынды шығару қабілеті артады.

Үйге тапсырма1-топ: С.Сараи өмірі туралы мәлімет жинау.

2-топ: «Түркіше Гүлстан» кітабындағы басқа да әңгімелерді тауып оқып, мазмұнын ашу.

3-топ: Түркі әдебиет өкілдерін терең зерттеу.

4-топ:  «Ұлылармен үндестік» тақырыбында шығарма жазу.

БағалауӘр топтың бағалауы.

Мұғалімнің бағалауы

Кері байланысОқушылар сабақ жайлы өз пікірлерін жазады.