Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

68

Сабақтың тақырыбы: Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылар слайд жасақтап,презентацияларды құру менбезендіру шаблондарыныңжаңа мүмкіндіктерімен танысып,жұмыс істеу принципін түсінеді.

Дамытушылық:Презентация құруда слайдтармен жүйелі жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып ойлау  ұшқырлығын  дамытады.

Тәрбиелілік:PowerPoint программасын қолдану аймағын анықтауды, программаны іске қосу мен компоненттерін ажырата білуді қалыптастырып оқушыны білімділікке, сауаттылыққа тәрбиелейді.

Міндеттері:

  1. Мазмұнға байланысты міндеті: Power Point бағдарламасында презентацияны басқарудың мүмкіндіктерін толық  игереді.
  2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту: Оқушы ойланып, толғанады. Зерттей отырып, жаңалықты қабылдайды. Салыстыру арқылы теориялық білімін лабораториялық жұмыста көрсете алады.
  3. Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеті: Өз ойларын айту арқылы бірін-бірі оқытады. Басқалардың жауабын тыңдайды. Қорытынды пікір шығарады.

Сабақтың типі: кіріктірілген сабақ.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.

Көрнекілігі: компьютерлер, мульти-проектор, парақшалар, плакаттар.

Стратегиялар: «БҮҮ», «Өзім үшін жазу», «Топпен зерттеу», «Топтастыру»,

«Бес жолды өлең»

Бағалау: Мұғалімнің бақылауы бойынша.

 

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру. (3 минут)

Сабағымызды бастайық. Бүгін жаңа сабақ өтеміз және жарыса отырып үй жұмысын қайталап, жаңа сабақты практикалық игеруді де жарыса отыра жүргіземіз. Ол үшін үш топқа бөлінейік:

1-топ: «Слайд» тобы

2-топ: «Дизайн» тобы

3-топ: «Анимация» тобы болсын, әр топ өз басшысын сайлап алсын.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

І-кезең. «Бәйге»(5-минут)

Өткен тақырыпты тексеру бөлімін  «Бәйге» деп атайық. Бәйгеден қай топ озып алда келеді екенін білейік.

  1. Презентация ұғымы қандай мағына береді? Латынша praesento тапсырамын немесе ағыл.present – ұсыну
  2. Презентация дегеніміз не? Өзін көрсету,баяндама,жобаны, есеп беруді қорғау,жұмыс жоспарын,дайын өнім мен қызмет,енгізу нәтижесін бақылауды,сынауларды және басқа да көптеген дүниені ұсыну
  3. Power Point программасын іске қосу үшін: Пуск-Программы-Microsoft Office- Microsoft Office Power Point
  4. Қандай бағдарлама көрмелерді жоспарлауға, жасауға және өңдеуге арналған? Microsoft Power Point
  5. Әр түрлі нысандардан тұратын презентацияның құрамдас бөлігі қалай аталады?Слайд
  6. Терезе элементтерін ата?
  • Тақырып жолағы
  • Стандартты/пішімдеу құралдар сайманы
  • Меню жолы
  • Слайдтардың кішірейтілген үлгісі
  • Жұмыс аймағы
  • Қалып-күй жолы

 

І. Қызығушылықты ояту. (10 минут)

 ІІ-кезең. «Білгіш топ»

Стратегия: «БҮҮ»

Балалар, Power Point бағдарламасы туралы жалпы не білесіңдер, соны «Білетінім» графасына, бұл бағдарлама туралы жалпы не білгің келеді, соны «Үйренгім келеді» графасына жазыңдар. (3-минут)

Топ басшылары  жазғандарын оқиды.

Ендеше дәптерлеріңе бүгінгі сабағымыздың тақырыбын жазыңдар.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары».

 

ІІ. Мағынаны тану. (10 минут)

Стратегия: «Өзім үшін жазу»

Слайдпен көрсетіп, түсіндіру:

1-слайд – Презентацияны жасақтауда келесі ұсыныстар ескерілгені жөн:

  • Презентацияның мақсаты мен жалпы мазмұнын жан-жақты жоспарлау;
  • Әрбір слайд мазмұнды және есте қалатындай болып құрылуы қажет;
  • Слайдтағы ақпараттар қарапайым және мазмұнды болуы керек;
  • Слайдтарды безендіруде түстерді  таңдау қажет;
  • Тыңдаушылардың назарын аударатындай анимациялық өтеулер, видеодыбыстар қолданылу ұсынылады.

2-слайд — MS Power Point  — көрмелерді әзірлеуге арналған бағдарлама.

3-слайд – Дизайн — фонды таңдау.

4- слайд – Анимация –анимация таңдау – Применить ко всем

5-слайд – Переходы (Өту)– Түр таңдау

6-слайд –    1.  Главная –Создать слайд

  1. (Ctrl+M)
  2. Enter
  3. Тышқанның оң жағы-Копировать-Вставить

7-слайд – Вставка – WordArt

8-слайд – Анимация – Настройка анимация – Добавить эффект

9-слайд – 1. Показ слайдов– С начала

  1. (Ғ5)
  2. Показ слайдов – С текущего слайда

ІІІ-кезең. «Компьютерлер әлемі» (10 минут)

Стратегия: «Топпен зерттеу»

(Топ басшылары қорғайды)

Тақырыбы “Ғарышкерлер күні”, «Атырау-туған өлкем», 9 мамыр «Жеңіс күні»

Тапсырма: Берілген тақырыптар бойынша /3 слайд/ презентация құру, дизайн таңдау, анимация таңдау, әдемілеп жазу, яғни:

  1. Тақырыбы
  2. Суреті, өлең, мәтін жазу
  3. Мазмұны

IV-кезең. «Кім жылдам?» (5 минут)

Стратегия: «Бес жолды  өлең»

Ортаға топ басшыларын «Айтысқа» шақырып, «Презентация» деген бір парақ ұсынып, бес жол өлеңді құрастырту.

  1. зат есім — бір сөзден
  2. сын есім — екі сөзден
  3. етістік – үш сөзден
  4. сөз тіркесі – төрт сөзден
  5. синоним – бір сөзден

 

Стратегия: «БҮҮ»(5 минут)

«Үйренгенім»  графасын бүгінгі жаңа сабақпен толықтыру.

 

ІІІ. Ой толғаныс.

 Қорытынды.

 

Стратегия: «Топтастыру

Бағалау. Жеңіске жеткен топтарды бағалау.

Үйге тапсырма: «Power Point бағдарламасы» тақырыбында слайд жасау, қорғау.