Медальон

39

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс «Медальон»

Сабақтың мақсаты: PowerClip  объектілерін құру, бір объектіден екінші объектіге эффектілер көшіру. Редакторда объектілерге эффектілер жасап үйрену.

Объектілермен жасалатын жұмыс түрлерін меңгерту өз беттерінше бейнелер салып, оларды безендіре білуге үйрету, эстетикалық талғамын қалыптастыру, әсемдікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Бекіту сабағы

Сабақтың типі: Практикалық сабақ

Сабақтың көрнекілігі: ДК, таратпа құралдары

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Практикалық жұмыс «Мектеп эмблемасын жасау»

Практикалық жұмыс №1

Медальон

  1. Эллипс (Ғ7 батырмасы) құралын пайдаланып шеңбер сызыңыз.
  1. Еркін форма (F5-«свободная рука»)   құралын пайдаланып, «Лавр» жапырағы формасын салыңыз.

 

  1. Оны белгілеп алып,  градиент(F11-диалог градиентная заливка)  батырмасын басып, жапырақты «gold» түсімен бояңыз.

 

 

  1. Лавр жапырағы алтын түске боялған соң, оны белгілеп алып , Правка –Копировать және Правка— Вставить командасын орындап, жапырақ көшірмесін алыңыз. Оны белгілі бағытқа бұру үшін суретке барып тышқанды екі рет шертіңіз. Қалауыңызша жапырақты бұрыңыз. Осы әрекетті бірнеше рет орындаңыз.
  1. Пайда болған гүл шоғын толық белгілеп алып, Изменение—Групп командасын орындаймыз.
  2. Екінші дәл осындай гүл шоғын алу үшін, белгілеп көшірмесін алыңыз
  3. Оны қарама-қарсы бағытта бұру үшін  Қасиеттер панеліндегі бұру батырмасын басыңыз
  4. Шеңбердің ішкі бөлігіне заливка жасаймыз. Заливка түсі алтын түспен болуы қажет.
  5. Құралдар қатарындағы  текс енгізу батырмасын таңдап, шрифт өлшемін 120пт қойып, Қалың қою түрін таңдап «KZ  kazakstan» сөзін жазыңыз.
  6. Оны Шеңбер ішіне орналастырыңыз.

ІУ. Сабақты қорытындылау, бағалау. Жасалынған жұмыс нәтижесі бойынша және теорияны ұштастыру мақсатында ауызша сұрақтар қою

  1. CorelDRAW векторлық редакторында объектілермен жұмыс: ерекшелеу, көшірмесін алу, дубликатын жасау, клонировать ету, бекіту, бұру, теріс қарату, топтау, бұрмалау үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?
  2. . PowerClip объектілерін құру, бір объектіден екінші объектіге эффектілер көшіру үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?.

У. Үйге тапсырма: Трек конспектіні оқу, мазмұндау