Файлдарды мұрағаттау

542

Сабақтың тақырыбы: Файлдарды мұрағаттау

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды архиваторлар түрімен    таныстыру; файлдарды мұрағаттау және    мұрағаттқа орналастыруды үйрету.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: практикум элементі бар түсіндірмелі сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі.

 

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру.
  • Үй жұмысын тексеру.

Үй жұмысын тексеруге арналған сұрақтар.

  1. Компьютерлік вирус дегеніміз? (Компьютерлік вирус – «көбейтілуге» және басқа программаларға «жұғуға» қабілетті, әдетте өлшемі шағын (200-ден 5000 байтқа дейін) арнайы компьютерлік программа).
  2. Вирустар компьютерге қалай түседі? (Компьютерге вирус, негізінен дискеттер мен лазерлік диск, сондай-ақ компьютерлік желі арқылы кіріп, қатқыл дискіні зақымдайды).
  3. Вирустардың негізгі топтарын атап шығындар? (Жүктейтін, файлдық, драйверлік, желілік вирустар).
  4. Ақпаратты қорғаудың қандай түрлерін білесіндер? (Резервтік көшірме жасау, ұрлық программаларды қолданбау, дискілерден файлдарды оқымай тұрып, оларды вирусқа тексеру).

 

  1. Жаңа сабақ.

 

Тұрғылықты дискіде немесе ауыстырлатын тасымалдаушыда бос орын аз болғанда, немесе файлды электронды поштамен жөнелту кезінде орынды үнемдеу қажеттілігі туындайды. Мұндай жағдайда ақпаратты бүлдірмей сығуға мүмкіндік беретін арнайы программалар қолданылады.

Ақпаратты сығу – файлда жадтың сақтау көлемі кішірейтетін ақпаратты түрлендіру процесі.

Файлда ақпаратты сығу процесі деректерді мұрағаттау терминімен аталады.

Мұрағатталған файл – арнайы әдіспен ұйымдастырылған файл, оның ішінде бір немесе бірнеше файл немесе сығылған қапшық болуы мүмкін.

Мұрағаттан алу – бұл файлдарды мұрағатқа орналастырғанға дейін қандай түрде болса, архивтен тура сондай түрде қалпына келтіру процесі.

Файлдарды қаттау мен шешуді жүзеге асыратын программалар мұрағаттаушылар деп аталады.

Көлемі бойынша үлкен мұрағатталған файл бірнеше дискілерде (томдарда) орналасуы мүмкін. Мұндай мұрағаттар көптомды деп аталады. Том- бұл көптомды мұрағаттың құраушы бөлігі. Мұрағатты бірнеше бөліктерден құрастыра отырып, оның бөліктерін бірнеше дискетке жазуға болады.

 

WinZIP

Бұл мұрағаттаушылардың бәрі мұрағаттаудың негізгі функцияларын орындайды:

  1. жаңа мұрағат жасау;
  2. мұрағаттан файлдарды шығару;
  3. бар мұрағатқа файлдарды қосу;
  4. өзі шешілетін мұрағат жасау;
  5. көптомды мұрағат жасау;
  6. зақымдалған мұрағатты толық немесе жартылай қалпына келтіру;
  7. мұрағатты бөгде адамдардың қарауынан және өзгертуінен қорғау.

Мұрағатты әзірлеу үшін жетектегішті ашып, мұрағатталуы тиіс файлды табамыз. Оны түнттуірдің он жақ пернесімен шертіп, мәтінмәндік мәзірден Мұрағаттқа үстеу әмірін таңдаймыз. Мұрағаттаушы бағдарламаның Мұрағаттың аты және параметрлері деген сұхбат терезесі ашылады, онда Жарайды батырмасын басу керек. Жасалған мұрағаттық файл файлдар тізімінің соңында көрініс табады.

Қажет болса, мұрағаттаушы бағдарлама терезесінде мұрағаттық файлдың қысу параметрлерін, атын және орналасатын жерін өзгертуге болады.

Мұрағатталған файлды қайтып қалпына келтіру үшін жетектегішті ашып, мұрағаттық файлды тауып алып, түнтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, Ағымдағы қалтаға бөліп алу әмірін таңдаймыз. Ағымдағы қалта файлдары тізімінің соңында мұрағаттан бөліп алынған файлдар пайда болады.

 

  1. Бекіту кезеңі.
  2. Әр оқушы жұмыс орындағы компьютерде өзінің бумасын мұрағаттау.
  3. Мұрағатталған файлмен алдыңдағы бума көлемін салыстыру.

(үлестірмелерді толтыру)

Мұрағатталатың файл, бума Мұрағатталған файл, бума
атауы көлемі атауы көлемі
1 8 сынып 198 МБ 8 сынып 21,1 МБ
2
3
4

 

  1. Мұрағатталған файлды мұрағаттан алу.
  1. Қорытындылау.

Сұрақтар:

  1. Ақпаратты сығу дегеніміз не?
  2. Мұрағат дегеніміз не?
  3. Файлдарды мұрағаттау не үшін қолданылады?
  4. Көптомды мұрағат дегеніміз не.
  5. Мұрағаттан бөліп алу дегеніміз не?
  6. Мұрағаттаушылардың түрлерін атаңдар.
  7. Мұрағаттаушылардың міндеттерін атап шығындар.
  1. Бағалау.
  2. Үйге тапсырма.

7.1 «Мәтіндік және дыбыстық ақпараттардың ұсынылуы» тақырыбына дайындалу.