Мәліметтерді сұрыптау, іздеу және алмастыру

204

Сабақтың тақырыбы: Мәліметтерді сұрыптау, іздеу және алмастыру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:       Microsoft Access бағдарламасында кестедегі мәліметтерді сұрыптау, іздеу және  алмастыру жолдарын оқушы санасында қалыптастыру.

Тәрбиелік:                   Алған білімдерін еркін қолдана білуге, ұқыптылыққа және өзін-өзі бағалай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық:  Оқушылардың теориялық білімдерін практикада тиімді қолдану

дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Технологиясы: «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі»

Пән аралық байланыс: орыс тілі, география.

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютер,  Microsoft Access бағдарламасы, деңгейлік таратпа тапсырмалар.

Сабақтың кезеңдері:

 

 І.    Ұйымдастыру кезеңі.       (сабаққа оқушыларды жұмылдыру сәті 

 

 ІІ.   Қайталау.                          (оқытудың  тірек білімдерін қайталап, оқушылармен

бірлесе сабақтың мақсатын белгілеп, нақтылау)

 

 ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру.    (жаңа тақырыпты қабылдау және меңгеру)

 

 ІV. Жаңа сабақты бекіту.       (деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы алған  білімдерін 

                                                  практика жүзінде қолдану)

 

  1.  Қортындылау.                   (білімдерді жинақтау және жүйелеу)

 

VІ.  Бағалау.                              (тапсырмаларды орындау деңгейі бойынша бағалау)

 

VІ.  Үйге тапсырма.                  (үй тапсырмасын хабарлау)

 

Сабақтың өтілу барысы:

 

І.Ұйымдастыру кезеңі.  Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ІІ.  Қайталау.  Microsoft Access бағдарламасында алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы еске түсіріп, тірек-схема түрінде көрсету.

 

  • Microsoft Access бағдарламасын қайда қолданылады және не үшін қажет?

(кез-келген фирма, мекеме, шағын кәсіпкерлік шаруашылықтар бір-бірі турла мағлұмат алу үшін.)

  • Microsoft Access бағдарламасын тиімділігі.

(кесте түрінде, сызба түрінде, кез-келген фирманың толық мағлұматтарын алып, онымен тікелей жұмыс жасай беруге болады. Қағаздардың санын көбейтіп әуре болмайды.)

  • Сіздер Microsoft Access бағдарламасында қандай жұмыс жасау жолдарын үйрендіңіздер?

 (кесте құру, сақтау және оған мәлімет енгізіп, оның типін өзгерту. Кестеге жаңа өріс енгізу оны жою)

 

Кестедегі мәліметтерді іздеу, ауыстыру, сұрыптау
  • Ендеше бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай?

(Оқушылармен бірлесе отырып сабақтыңбілімділік  мақсатын айқындау. )

Сабақтың мақсаты:

 

 

 

 

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру. Оқушыларғмен бірлесе оқытудың мақсатын нақтылап алғаннан кейін  жаңа сабақты түсіндіру.

 

Оқушыларға алдынғы сабақтарда алған білімдерін еске түсіре отырып, «Оқушы» мәліметтер дерегін ашу.

 

 

І. Мәліметтерді сұрыптау.

 

Оқушы мәліметтер қорынан маған тегі Ж әріпінен басталатын оқушыларды табу қажет. Ол үшін не істейміз? (жауабын оқушылармен бірлесе отырып ашу)

 

Әрине сұрыптау қажет.

Ал сұрыптау дегеніміз не?

 

(Сұрыптауға анықтама беру және тәсілдерімен таныстыру)

 

ІІ. Мәліметтерді іздеу.

Іздеуге анықтама беру және  таныстыру.

 

 

IЗДЕУ.

 

 

  1. Окушы формасын ашу.
  2. батырмасына  шерту- iздеу/ауыстыру (найти/ заменить)  сұқбат терезесi шығады.
  3. С әрпiнен басталатын оқушылардың фамилиясын табу керек
  4. Үлгi өрiсiне — С ,  просмотр –все,  совпадение – с начало поля.
  5. Ары қарай іздеу (Найти далее) батырмасына шерту.
  6. Қашан табылғанша Ары қарай іздеу (найти далее) батырмасына шертiп орындаймыз.
  7. Терезенi жабу батырмасына шертiп жабамыз.

 

ІІІ. Мәліметтерді ауыстыру.

 

1.Окушы формасын ашып іздеу жұмыстарын жасағаннан кейін

 

  1. Кестелер (Таблицы) қосымшасын таңдап окушы кестесiн ашу.
  2. Мектеп өрiсiнiң атын мектеп-лицей деп өзгерту  керек , ол үшiн  өрiстiң атына тышқанның  курсорын  екi рет шерту және пернелiк тақтадан жаңа атты терiп енгiзу.

 

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

Оқушылардың әрқайсысы өз мүмкіндігі деңгейінде жұмыс істейді.

І деңгей

№1 тапсырма «Қазақстанда сирек кездесетін жануарлар» туралы мәліметтер кестесін аш.

а) Саны өрісі бойынша кему ретімен сұрыпта.

ә) Ең ұзақ өмір сүретін 3 жануар:  _________________________________________

___________________________________________________

б) Жануарлар өрісі бойынша өсу ретімен сұрыпта;

 

Жануарлар Мекендеу ортасы Саны (шамамен) Қорегі
Тау ешкі Алтай,Тянь-Шань 2000 Өсім. қорек
Қоңыр аю Орман 1000 Ет қорек.
Қамыс мысығы Жағалау 350 Ет қорек.
Бүркіт Дала 1500 Ет қорек.
Қасқыр Орман, дала 600 Ет қорек.
Тау қыраны Тянь-Шань 2000 Ет қорек.
Құндыз Сырдария 2500 Өсім. қорек

 

ІІ  деңгей

Тапсырма №2

а) Кестеге өріс енгіз. Атын «Өмір сүру ұзақтығы» деп сақтап, өріске сандарды енгіз

Жануарлар Мекендеу ортасы Саны (шамамен) Қорегі Өмір сүру ұзақтығы
Бүркіт 5
Қамыс мысығы 7
Қасқыр 10
Қоңыр аю 17
Құндыз 5
Тау ешкі 8
Тау қыраны 5

 

ә) Кестеге «Барыс» туралы мәлімет енгіз;

Жануарлар Мекендеу ортасы Саны (шамамен) Қорегі Өмір сүру ұзақтығы
Барс Алтай,Тянь-Шань 1000 Ет қорек. 17

 

б) Өмір сүру өрісі бойынша кему ретімен сұрыпта.

в) Ең көп өмір сүретін 3 жануар:    _________________________________________

___________________________________________________

 

ІІІ  деңгей

Тапсырма №3“Өзендер” мәліметтер қоры кестесінмен жұмыс

 

а) Ұзындығы қазақстанда 725 болатын өзен: _________________________________________

ә) Осы _________________өзеннің 725 дегенді 815 деп алмастыр.

б) Су алып жатқан ауданы (мың кв.км) ең аз 3 өзен:___________________________________

в) Ең ұзын (жалпы ұз.) з өзен:  _____________________________________________________

 

Өзен аты

 

Жалпы ұзындығы Қазақстандағы

ұзындығы

Су алып жатқан аудан

(мың кв.км.)

Жыл бойғы су ағысы

(мың куб м.)

1 Ертіс 4248 1700 234 2743
2 Есіл 2450 1700 115,261 1622,9

 

 

  1. Қортындылау. Оқушылардың жауабымен кестені толтырып сабақты қорытындылау.

 

 

Білем Білдім Білгім келеді

 

VІ. Бағалау. Оқушылар өзіне-өзі толық  баға беруге үйренеді.

Әр оқушыға өзін-өзі бағалауға берілген парақтарымен мұғалім қойған бағалау парағындағы бағаларды салыстыра отырып, бағалау

 

VІ. Үйге тапсырма.

«Компакт-дискілер коллекциясы»  мәліметтер кестесін құру.