Тамыр . Тамыр жүйесі

Сабақтың тақырыбы: Тамыр . Тамыр жүйесі

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға тамырдың өсімдіктің вегетативті мүшесі екендігі , тамырдың дамуы , тамыр жүйелерінің типтері ,олардың құрылысының ерекшеліктері , тамыр қызметі туралы түсінік беру.

2.Тамырдың өсімдік тіршілігіндегі , табиғаттағы маңызын тамыр күтімін зерттеп талдау арқылы оқушыларды ізденімпаздыққа , еңбек сүйгіштікке , өзара ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

3.Өсімдік шаруашылығы үшін тамыр жүйелерін дамыту туралы білімнің маңызын ашу , зертханалық жұмысты сауатты орындау дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Құрал – жабдықтар: электрондық оқулық, флипчарт

Әдіс: сұрақ-жауап,терминдік тренажер,зертханалық жұмыс

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың  сабаққа дайындығын бақылай отырып , зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

1.Ұлпа дегеніміз не? Қандай ұлпаларды білесің?

2.Түзуші ұлпа өсімдіктің қай жерінде болады және қандай қызмет атқарады?

3.Жабын ұлпа нешеге бөлінеді , әрқайсысына жеке сипаттама бер.

4.Негізгі ұлпалар нешеге бөлінеді?

5.Өткізгіш ұлпа деп неліктен аталады және қандай қызмет атқарады?

6.Бөліп шығарушы ұлпалар өсімдіктің қай жерінде кездеседі?

7.Жапырақта түзілген органикалық заттарды жер асты мүшесіне жеткізетін ұлпа.

ІІІ.Оқушылардың білімдерін жан-жақты тексеру:

1.Биологиялық диктант.        (флипчарт 1)

-Тек…жасушалары ғана бөлінуге қабілетті.

-Өңнің кейбір жасушалары ұзарып өсіп…айналады.

-Жоғар сатыдағы өсімдіктердің төменгі сатыдағы өсімдіктерден айырмашылығы өте жақсы дамыған… болуы.

-Қоректік ұлпа мен фотосинтездеуші ұлпаны қосып…деп атайды.

-…жасуша  қабықшасы жұқа бір-бірімен тығыз орналасқан ұсақ тірі жасушалардан тұрады.

-Тамырдың топырақтан сорып алған минералды тұздарының судағы ерітіндісін,жер үсті мүшелеріне …жеткізеді.

-Жапырақ сағағына, жүйкелеріне беріктік қасиет беретін…

-Жабын ұлпа …деп бөлінеді.

2.Жасушаның құрылысын көрсет. (флипчарт 2)

 

3.Инт ерактивті тапсырма  (флипчарт 3)

 

цитоплазма   тірек                     қор жинаушы

негізгі                                       өткізгіш

                                                                  

 

 

IV.Жаңа сабақты түсіндіру:

1.Жасуша –ұлпа-мүше –ағза. Мүше  ағзаның бір бөлігі , себебі өзіндік құрылысы бар және белгілі қызмет атқарады.Өсімдік мүшелері өсімді (вегетативті) және көбею (генеративті) деп екіге бөлінеді.Өсімді мүшелер өсімдіктің өсуін , жеке тіршілік етуін қамтамасыз етсе , көбею  мүшелері әрбір дарақтың санын көбейтіп , ұрпақ қалдыру үшін керек , төменгі сатыдағы өсімдіктердің мүшелері жіктелмеген. (флипчарт 4)

 

Гүлді  өсімдіктердің  мүшелері

Тамыр

Сабақ

Жапырақ

  Гүл

тұқым

 

 

2.Тамыр туралы

 

Кластер құру. (флипчарт 5)

 

 

 

тамыр

 

3.Тамыр-топырақтың ішінде жататындықтан өсімдіктің жер асты мүшесі.Оның атқаратын қызметі:

1.өсімдікті топыраққа мықтап бекіту;

2.қоректік заттарды қорға жинау;

3.топырақтан сіңірілген суды,минералды заттарды сабаққа жеткізеді;

4.көбеюге қатысады.

4.Тамыр шығу тегіне қарай негізгі , жанама , қосалқы болып бөлінеді. (флипчарт 6)

 

Негізгі тамыр  тұқымның ұрық тамыршасынан дамиды.Төмен қарай бағытталып , топыраққа тереңдей береді.

Жанама тамыр  негізгі тамырдың жан-жағынан таралады.Топырақтан қоректік заттарды соруға қатысады.

Қосалқы тамыр сабақ пен жапырақтан өсіп шығады.Өсімдіктің топыраққа берік орнығып,қоректенуін күшейтеді.

5.Тамыр жүйесі –бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі,жанама,қосалқы) жиынтығы.Кіндік тамыр жүйесі және шашақ тамыр жүйесі деп екі типке бөлінеді.Кіндік тамыр жүйесінде білеуленген жуан негізгі тамыры бар,оның жан-жағынан әр түрлі бағытқа жанама тамырлар таралады.Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдіктер:сәбіз , картоп ,қызанақ , орамжапырақ т.б.

 

ҚОСАЛҚЫ

 

ЖАНАМА
ТАМЫР ЖҮЙЕСІ

 

НЕГ3ІЗГІ

 

 

 

Шашақ тамыр жүйесінде ерекшеленіп білінетін негізгі тамыр болмайды.Қосалқы тамырлардың  қаулап өсуі біркелкі жуандықта шашақталып жан-жаққа жайыла өседі,көбінесе дара жарнақты өсімдіктерде  (бидай ,жүгері ,күріш ,тары ,пияз ,т.б.) болады.

V.Жаңа сабақты түсінгендерін тексеру:

1.Мүше дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай мүшелер болады?

2.Вегетативті мүшелерді ата. Вегетативті мүшелер өсімдікке не үшін қажет?

3.Тамырдың қызметін ата.

4.Тамырлар шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді? Олардың айырмашылықтарын ата.

5.Тамыр жүйесі дегеніміз не?

6.Дара жарнақты және қосжарнақты өсімдіктердің тамырларын салыстырыңдар.

2.Зертханалық  жұмыс. (флипчарт 7)

 

Көрнекілігі: Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдіктердің кеппешөптері.Алдын ала өсірілген тұқымдар.

Орындалатын тапсырмалар:

1.Өсімдік кеппешөбінен тамырларын мұқият қарап тамыр типтерін ажыратыңдар;

2.Қосалқы тамырды әрі шашақ тамыр жүйесін қарау үшін суға салынған пиязшықтың жаңа өсіп шыққан тамырларын талдаңдар;

3.Шашақ тамыр жүйесін кеппешөптерден қарап анықтандар;

4.Кіндік тамырлар мен шашақ тамырлар жүйесінің ерекшеліктеріне  көңіл аударып,оқулықтың суреттерімен салыстырыңдар;

VI.Жаңа сабақты бекіту:

1.Терминдік тренажер  (флипчарт 8)

 

1.Тамыр түгі өсіп шығатын алғашқы жабын ұлпа – негізгі.

2.Тамырдағы су мен минералды заттар сабаққа өтуіне себепші –тамыр қысымы.

3.Қор жинаушы және фотосинтездеуші ұлпа қосылып бірге түзеді –негізгі.

4.Жапырақ сағағына ,жүйкеленуіне беріктік қасиет беретін ұлпа – тірек.

5.Түзуші ұлпаның басқаша атауы –меристема.

6.Жабын ұлпа бөлінеді –өң ,тоз , қыртыс.

7.Жапырақта түзілген органикалық заттарды жер асты мүшелеріне жеткізетін ұлпа – өткізгіш.

Венн диаграммасын құру. (флипчарт 9)

 

 

VIІ.Рефлексия  (флипчарт 10)

 

Бүгін біз не білдік?

  1. Тамыр- өсімдіктің вегетативті мүшесі.

2.Тамыр өсімдікті топыраққа бекітеді.

  1. Өсімдік тамыр арқылы су мен минералды заттарды алады.

4.Тамыр өсімдікті топыраққа бекітеді.

  1. Өсімдік тамыр арқылы су мен минералды заттарды алады.

6.Тамырға қандай жүктеме түсетінін  елестету үшін, күшті жел кезінде

қолшатырды ашып, ұстап тұру керек.

7.Бүкіл тіршілік бойы өсімдіктерде жаңа тамырлары түзіліп, ескілері өсіп

отырады.

8.Өсімдіктің барлық тамырларының  жиынтығын  тамыр  жүйесі

   деп атайды.

 

VIII.Оқушылардың білімдерін бағалау. Үйге тапсырма:§ 7.