Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері

Сабақтың тақырыбы: §4. Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері

Сабақтың мақсаты: білімділік: ақпарат саны түсінігін енгізу, ақпараттың өлшем бірліктерімен

таныстыру, ақпарат санын анықтауды, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірлігіне ауыстыруды үйрету;

дамытушылық: ақпарат санын анықтаудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру;

тәрбиелік: ізденімпаздыққа, жаңашылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: практикум элементтері бар көрсете түсіндіру.

Сабақтың жабдығы: оқулық, дербес компьютер, интерактивті тақта, суреттер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру.
  • 3 Ақпаратты өңдеу тәсілдері

 

  1. Білімді өзектендіру.

Сұрақтар:

  1. Біз ақпаратпен не істейміз?
  2. Ақпаратты қалай өлшеуге болады?

 

  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

Компьютер – электронды машина. Ол тек электр сигналдарын «қабылдайды». Сондықтан компьютердегі ақпаратты электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады. Ақпаратты компьютерге жазу үшін, компьютердегі әрбір белгі (әріп немесе цифр, дыбыс немесе видео) сигналдар тіліне аударылуы керек. Сигналдың жоқ болуы 0 арқылы, ал бар болуын 1-дің көмегімен белгілеу қабылданған.

Мұнда «нөл» мен «бір» бит деп аталады.

Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдай алады. Бит ақпаратты өлшеудің ең кішкене бірлігі болып табылады.

Ақпаратты өлшеудің келесі бірлігі байт деп аталады. 1 байт 8 битке тең. Әдетте 1 байттың көмегімен бір символ кодталады. Символ – ол кез келген белгі: әріп, цифр, тыныс белгісі немесе бос орын.

Сонымен біз ақпараттың өлшем бірлігі байт екенін білдік. Өмірде үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан ақпаратты өлшеудің ірі бірліктері де кездеседі:

1 Килобайт (КБ) = 1024 байт

1 Мегабайт (МБ) = 1024 КБ

1 Гегабайт (ГБ) = 1024 МБ

1 Терабайт (Тб) = 1024 Гб.

Хабарламаның ақпараттық көлемі – хабарламадағы битпен, байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және т.с.с. өлшенген ақпараттың көлемі.

100Мб көлемге «сиятын» ақпарат саны:

Мәтін беттері – 50000

Түрлі түсті слайдтар – 150

Музыкалық фрагмент – 10 минут

Фильм – 15 секунд

 

Енді сендер ақпаратты өлшей аласыңдар. Заманауи технологиялар көп көлемді ақпаратты тасымалдауға мүмкіндік береді, мысалы, Интернет желісі арқылы. Ақпаратты жеткізу жылдамдығы дегеніміз – бір уақыт бірлігінде жөнелтілетін ақпарат саны. Мұндай жылдамдық бит/с, байт/с және т.с.с. өлшенеді.

 

  1. Компьютермен жұмыс

А деңгейі

Компьютерде сақталған ақпараттың көлемін қарап шығыңдар.

  1. ПускКомпьютер батырмаларын таңдаңдар.
  2. Пайда болған терезедегі дискілердің бірін тышқанның оң батырмасымен шертіп, Свойства батырмасын басыңдар.
  3. Дискідегі толған және бос орындардың көлемін қарап шығыңдар.
  4. Дәптерге дискідегі бос орынның байтпен, Кбайтпен,Мбайтпен және Гбайтпен өлшенген көлемін жазып алыңдар. Санау үшін калкульяторды қолдануға болады.

 

В деңгейі

  1. А деңгейдегі тапсырманы орындаңдар.
  2. Документы бумасын ашыңдар.
  3. 1 Гбайт көлемді флэшкаға қандай файлдардың сиятынын анықтаңдар.

 

С деңгейі

Сыныптарыңдағы барлық балалар туралы ақпараттың сендердің компьютерлеріңнің қай дискісіне сиятынын анықтаңдар. Көлемі 376 Кбайт мөлшерлі суреттер мен 10 беттік (әрқайсысы 64 символдық 48 жолдан тұратын) ақпарат мәтіндік файлда сақталған. Санау үшін калькулятор программасын пайдаланыңдар.

 

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

  1. Ақпараттың өлшем бірліктерін (ең кішісінен ең үлкеніне дейін) атаңдар.
  2. Бат Кбайттан, Кбайт Мбайттан, Мбайт Гбайттан қанша шамаға кем?
  3. 1 байттан неше бит бар?
  4. «Кездесу қыркүйек айына тағайындалды» деген ақпаратта қанша көлемдегі ақпарат бар?
  5. «Алақай! Жазғы демалыс аяқталды!» хабарламасының ақпараттық көлемін өлшеңдер. Бұл көлемді битпен және байтпен көрсетіңдер.

6.* Оқулықтың бір бетінің және бүтіндей оқулықтың жуық ақпараттық көлемін өлшеңдер. Көлемі 600 Мбайт, 2Гбайт болатын дискіге осындай кітаптың нешеуі сыюы мүмкін?

 

  1. Сабақты қорытындылау.

Тәжірибелік жұмыс және есеп шығарғандары үшін оқушылардың білімдерін бағалау.

 

  1. Үйге тапсырма беру.
  • 4, тест сұрақтары бойынша өз білімдерін тексеру, сұрақтарға жауап беру. 4 – 6 тапсырмаларды орындау.