Пішін. Пішіннің қасиеттері

47

Тақырыбы: Пішін. Пішіннің қасиеттері

Мақсаты:     Windows қосымшаларын құрастырғанда пішін түсінігі негізгі обьекті екендігін қалыптастыру, пішіннің оқиғалары мен негізгі қасиеттерімен таныстыру.

а) білімділік;

Оқушылар пішіннің мәнін, қасиетін, оқиғалар мен әдістерін білуі, пішінге қатысты: пішіннің қасиетін терезеде және бағдарламалық жолмен өзгерте білуде, әдістер мен оқиғаларды қойылған есептері шешуге пайдалануды, екі және бірнеше пішіндермен жұмыс жасай білуі керек.

ә) тәрбиелік;

Ұқыптылыққа тәрбиелеймін;

б) дамытушылық;

Оқушыларға пішінмен жұмыс жасау тәсілдерін үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Visual Basic

Сабақтың әдісі:  Түсіндіру

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасы

ІІІ Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V  Сабақты қорытындылау

VI Үйге тапсырма

І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.

ІІ Үй тапсырмасы:

  1. Қасиет дегеніміз не?
  2. Қасиеттердің қандай түрлерін білесің?
  3. Пішін макетінің терезесі.

ІІІ Жаңа сабақ

Visual Basic-тің негізгі обьектісі-пішін.Жобада бір пішінде бірнеше пішінде болуы

мүмкін. Жаңа пішін жобаға Projec-Add Form командасын таңдау арқылы қосылады.Пішіндер frm кеңейтумен файл түрінде дискіде сақталады. Файлды немесе жаңа пішіннің түрін (типін) таңдаған соң, Открыть батырмасын басыңыз.

1-мысал. Экранның мөлшерін салыстыратын және терезені бүкіл экранға жаймалайтын программа құрыңыз.

Private Sub Form_Load ()’Пішінді іске қосқанда

Form1.Width=Screen.Width ‘Пішіннің ені экранның еніне тең болады

Form1.Heidht=Screen.Heidht ‘Пішіннің биіктігі экранның биіктігіне тең болады

End Sub

 

Private Sub Form_Click()

End

End Sub

ІV Жаңа сабақты бекіту

Тапсырма:

Пішінде шерткенде сендердің фамилияларыңды, аттарыңды және әкелеріңнің аттарын шығаратын бағдарламаны әр түрлі қаріптерді, мөлшерді, астын сызуды және түстерді пайдаланып құрыңдар.

 

V  Сабақты қорытындылау

Private Sub Form_Сlick ()

Font. Name=”Tahoma”

Font. Size=12

Font.Underline=True

ForeColor=QBColor(12)

Print ‘Исаев’

Font. Name=”Bookman Old Style”

Font. Size=28

Font. Italic=True

ForeColor=QBColor(11)

Print ‘Муса’

Font. Name=”Аrial”

Font. Size=34

Font.Underline=True

ForeColor=QBColor(10)

Print ‘Cмагулович’

End Sub

 

Үйге тапсырма: 2.2 тақырып