Алгоритмдерді блок-схема түрінде кескіндеу

48

Тақырыбы: Алгоритмдерді блок-схема түрінде кескіндеу

Мақсаты:     Негізгі блоктардың кескіні мен арналу міндетін енгізу; сызықты құрылымды алгоритмдердің блоксхема түрінде кескінделуін және кескіндеудің осы тәсілінің артықшылықтарын мысалдарымен көрсету.

а) білімділік;

Деректерді өңдеу процесінің жекелеген операцияары үшін схемалардың белгіленуі және орындалу ережелерін білу; сызықты құрылымды алгоритмдердің блок-схемаларын құра алу керек.

ә) тәрбиелік;

Ұқыптылыққа тәрбиелеймін;

б) дамытушылық;

Оқушыларға алгоритмдерді блок-схема түрінде кескіндеп үйрену.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап

Сабақтың әдісі:  Түсіндіру

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасы

ІІІ Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V  Сабақты қорытындылау

VI Үйге тапсырма

І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.

ІІ Үй тапсырмасы:

  1. Ойлаған санды табу алгоритмі.
  2. Жай сандарды «електеу» алгоритмі

 

ІІІ Жаңа сабақ

Алгоритмнің өрнектелу жолдары:

Табиғи тіл арқылы жазу;

Белгілі бір түйінді сөздер-терминдер арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу, мұны қарапайым алгоритмдік тіл деп те атайды.

Алгоритм блоктарының арнайы белгілері:

Блок-схема құруда келесі ережелер сақталу қажет:

  1. блок-схеманың басын және соның міндетті түрде көрсететін блок болу керек;
  2. блок-схемада бірімен-бірі қосылмаған блоктар болмауы тиіс;
  3. блоктар орындалу реті бойынша тізбектеле орналасуы қажет;
  4. арифметикалық амалдарды орындайтын блоктардың бір ену, бір шығу сызығы, ал шарттың орындалуын тексеретін ромб түріндегі логикалық блоктың бір ену, екі шығу сызығы болуы қажет. Ал алты бұрышты фигурамен берілген цикл басы блогының екі кіру және екі сызығы болады.
Іс-әрекеттің атауы Блок пішімі Атқаратын жұмысы
Процесс

 

 

Таңдау

 

 

Модификация

 

 

Құжат

 

 

 

Енгізу, шығару

 

 

Бастау, аяқтау

 

 

Қосалқы программа

 

 

Түсініктеме

 

 
жоқ              иә

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 

Математикалық өрнектерді есептеу

 

Есеп шығару жолын таңдау

 

 

Цикл (қайталау) басы

 

 

Нәтижені шығару, қағазға басу

 

 

Мәліметтерді енгізу, шығару

 

Алгоритмдердің басталуы, аяқталуы

Қосалқы программаға кіру және шығу

 

Схеманы, формулаларды түсіндіру

IV Жаңа сабақты бекіту

  1. Алгоритмдерді өрнектеудің, жазудың қандай тәсілдері бар?
  2. алгоритмдерді график арқылы бейнелеу ерекшеліктері қандай?
  3. Блоктар қандай топтарға бөлінеді?

V Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма: 1.2 тақырып. 10-есеп