Алгоритмді Pascal программалау тілінде кескіндеу

Тақырыбы: Алгоритмді Pascal программалау тілінде кескіндеу

Мақсаты:     Pascal программалау тіліндегі қарапайым программа туралы ұғымды орындаушы-компьютер үшін алгоритмдерді жазу құралы ретінде енгізу; өрнектердің Pascal-да жазылу ережелері жайлы мағлұматтар беру

а) білімділік;

Оқушылар алгоритмдік тіл мен Pascal программалау тілі арасындағы негізгі айырмашылықтарды, программаның жалпы түрін және Pascal-да арифметикалық өрнектердің жазылу ережелерін білуі тиіс.

ә) тәрбиелік;

Ұқыптылыққа тәрбиелеймін;

б) дамытушылық;

Pascal программалау тілінде жұмыс жасау жолдарын меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: Pascal программалау тілі

Сабақтың әдісі:  Түсіндіру

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасы

ІІІ Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V  Сабақты қорытындылау

VI Үйге тапсырма

І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.

ІІ Үй тапсырмасы:

  1. Алгоритмдік тіл дегеніміз не?
  2. Қызметші сөздер дегеніміз не?
  3. Меншіктек командасы дегеніміз не? Меншіктеу белгісі қалай жазылады?

ІІІ Жаңа сабақ

  1. Pascal тілінің алфавиті.  Латын әріптермен берілген.
  2. Pascal программалау тілінде қолданылатын арифметикалық амалдардың символдары

Pascal программалау тілінде жазылған программа program, сөзінен басталады және осы тілдің ретпен жазылған операторларының тізбегінен тұрады. Операторлар нүктелі үтірмен «;» аяқталады және олар қызметші begin (басы), және end (соңы) сөзімен аяқталады.

ІV Жаңа сабақты бекіту

Жаттығулар орындау

а) 7*5+23+13/2;               Жауабы: 7*5+2*2*2+13/2

б) 3,27-0,712/4,03+2,33   Жауабы: (3,27-0,71*0,71)(4,03+2,3*2,3*2,3)

в) 2,15х+2/3а                   Жауабы: 2,15*х+2/3*а

г) а01х+а2х2                  Жауабы: а0+а1*х+а2*х*х

д) а/b2+1+ab/a2+1             Жауабы: а/(b*b+1)+(a*b)/(a*a+1)

  1. e) 2ах2-3b/a2+5b Жауабы: (2*а*х*х-3*b)/(a*a+5*b)

V Сабақты қорытындылау

Арифметикалық өрнектерді Pascal тіліне аудару ережелерін тұжырымдау және жазу:

-айнымалылардың аттарын латын алфавитінің әріптерімен жазу;

-арифметикалық операциялар белгілерінің бәрін көрсету;

-бөлшек өрнектер бір жолға жазылуы тиіс, ал алымы мен бөлімі дөңгелек жақшаларға алынуы керек

Үйге тапсырма: Оқулықтан 1.4 тақырып