Тармақталатын алгоритмдер

41

Тақырыбы: Тармақталатын алгоритмдер

Мақсаты:     Алгоритмдік тілдегі және Pascal программалау тіліндегі тармақталу командасы мен таңдау командасы ұғымдарын енгізу; нақтылы есептерді шешу үшін алгоритмдер мен программаларды құру мысалдары арқылы осы командалардың жазылу пішіндерін көрсету.

а) білімділік;

Оқушылар тармақталу және таңдау командаларының қызметін, осы командалардың алгоритмдік тілде және Pascal программалау тілінде жазылу түрлерін білуі,есептерді шешудің алгоритмдері мен программаларын құру кезінде осы командалардың жазылуындағы шарттарды дұрыс тұжырымдай алуы, тармақталу және таңдау командалары бар алгоритмдер мен программаларды орындау хаттамасын пайдаланып орындай алуы керек.

ә) тәрбиелік;

Тазалыққа тәрбиелеймін;

б) дамытушылық;

Pascal программалау тілінде есептер шығару жолдарын меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: Pascal программалау тілі

Сабақтың әдісі:  Түсіндіру

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасы

ІІІ Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V  Сабақты қорытындылау

VI Үйге тапсырма

І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.

ІІ Үй тапсырмасы:

  1. Шамалар дегеніміз не?
  2. Шамалардың типтерін атаңыз.

ІІІ Жаңа сабақ

Есептеудің мүмкін бағыттарының әрқайсысы тармақ деп аталады, кейбір шарттың орындалуына байланысты есептеу процесі белгілі бір тармақ бойынша жүруі мүмкін алгоритмді тармақталған деп атаймыз.

Тармақталудың орындалу түрлері:

Блок-схема Алгоритмдік тіл Pascal

 

 

 

 

 
 

серия
Тармақталу командасы:

а) толық түрі:

егер шарт

онда 1-серия

әйтпесе

2-серия

 

 

 

ә) қысқартылған түрі:

егер шарт

онда серия

әйтпесе

 

 

Шартты оператор:

If  шарт then begin

1 серия;

end

else begin

2 серия

еnd;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІV  Жаңа сабақты бекіту

Жаттығулар орындау. 7,11.

V  Сабақты қорытындылау

  1. Тармақталу командасы толық қалай орындалады? Қысартылған түрінде қалай орындалады?
  2. goto операторы қандай мақсатқа арналған?

Үйге тапсырма: 1.7 тақырып. 1-5 сұрақтар. 6 есеп