Базалық элементтер: СomboBox, ListBox, Horizontal ScrollBar, Timer, Shape. Тағайындау, қасиеттер, оқиғалар, тәсілдер

31

Тақырыбы:  Базалық элементтер: СomboBox, ListBox, Horizontal ScrollBar, Timer, Shape. Тағайындау, қасиеттер, оқиғалар, тәсілдер

Мақсаты:     Базалық элементтермен танысу

а) білімділік;

Оқушыларға , ListBox, Horizontal ScrollBar, Timer, Shape базалық элементтерін        үйрету

ә) тәрбиелік;

Ұқыптылыққа тәрбиелеймін;

б) дамытушылық;

Visual Basic бағдарламасында жұмыс жасау

Сабақтың әдісі:  Түсіндіру

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасы

ІІІ Жаңа сабақ

ІV Жаңа сабақты бекіту

V Сабақты қорытындылау

VI Үйге тапсырма

 

І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.

ІІ Үй тапсырмасы

  1. Суретке түсінік беру үшін Label немесе TextBox обьектісінің қайсысын пайдалану қажет?
  2. Бағдарламаның жұмыс барысында міндетті түрде содан кейін ары қарай қолданатын деректер енгізу керек. Ол үшін  Label немесе TextBox объектілердің қайсысын қолдану қажет?
  3. Бағдарламада бір немесе бірнеше мүмкін жағдайлардың бірін таңдау қажет болады. Ол үшін CheckBox, OptionButton CommandButton батырмаларының қайсысын пайдаланған дұрыс?

III Жаңа сабақ

ListBox элементі экранға тықанды шерту арқылы таңдалатын тізімдер нұсқаларын шығаруға мүмкіндік береді. Тізімнің ең кіші биіктігі үш қатардан тұрады. Экраннан толық көрінбейтін ұзын тізім айналдыру сызғышымен қамтамассыз етіледі.

MultiSelect тізімде қанша элементті бір мезгілде белгілеуге болатынын анықтайды. Мына мәндерді қабылдайды: -Nome-бір ғана элементті белгілеуге болады; 1-Simple-бірнеше элементті белгілеуге болады.

Тәсілдер:

AddItem тізімге элементті қосады (мәтін қатарын)

Синаксисі: тізім аты. AddItem жолдар {индекс}. Егер индекс жоқ болса, онда элемент автоматты түрде тізімнің соына қойылады

RemoveItem  тізімнен берілген индексті өшіреді.

Синтаксисі: тізім аты. RemoveItem индекс

ComboBox (Аралас тізім) мәтіндік терезелерді бір басқару элементіне кәдімгі тізім бойынша біріктіреді. Аралас тізім элементтерді бірнеше бағандарға орналастыруға жол бермейді.

Қасиет:

BackColor Фон түсі   Width  Ені

Enabled      Қатынас   Name Атауы

Font           Қаріп        Top жоғарғы координата

ForeColor  Негізгі түс Left сол жақ координата

Height Биіктік Visible Көріну

Sorted Сұрыптау

Horizontal ScrollBar (тік және айналдыру жолақтары) белгілібір диапазондағы қандай дабір шаманың мәнін тағайындауға мүмкіндік береді, және осы шаманың мәнін сызғыштағы жылжу кезеңібойынша білуге мүмкіндік береді.

Timer басқару элементі –бұл оқиғаны жүйелі уақыт аралығында баптауға қабілетті объект.

Shape шеңбер және тік төртбұрыш сияқты графикалық элементтерді бейнелеу үшін пайдаланылады.

IV Жаңа сабақты бекіту

2.6 практикалық жұмысын орындау

V  Сабақты қорытындылау

  1. СomboBox ,ListBox базалық элементерінің қызметі.
  2. Timer, Shape элеменінің қызметі

VI Үйге тапсырма: 2.3 тақырып, 1-12 сұрақтар