Select Case құрылымы

31

Тақырыбы:  Select Case құрылымы

Мақсаты:     Таңдау командасы түсінігін, команданың жазылу түрін білу керек

а) білімділік;

Оқушыларға таңдау командасын таныстыру, жазылуын үйрету

ә) тәрбиелік;

логикалық ойлау қабілеттерін, танымдық дағдыларын дамыту

б) дамытушылық;

Visual Basic бағдарламасында жұмыс жасау

Сабақтың әдісі:  Түсіндіру

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасы

ІІІ Жаңа сабақ

ІV Жаңа сабақты бекіту

V Сабақты қорытындылау

VI Үйге тапсырма

 

І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.

ІІ Үй тапсырмасы

  1. IF…Then… Else құрылымы

ІІІ Жаңа сабақ

Select Case конструкциясы бағдарламада бірнеше IF…Then… Else конструкция блогындағыдай шарттарды өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл құрылымы өрнектің әр мүмкін жағдайында Case операторларын таңдаудан және өрнектерді салыстырудан тұрады. Бұл құрылым келесі жолмен жұмыс істейді. Алдымен Visual Basic құлылым өрнегіндегі берілгенмәндерді есептейді. Содан кейін шыққан мәнді Case құрылымындағы берілген операторлармен салыстырады. Егер қиылысатын мәндер табылса  Cas операторында берілген командалар орындалады.Басқару құрылымы орындалып біткен соң құрылым келесі  End Select қызметші сөзіне беріледі.

Select Case құрылымының синтаксисі келесі түрде болып келеді:

Select Case Салыстыратын_мән

Casе 1 мән

1 құрылым

Casе 2 мән

2 құрылым

End Select

IV Жаңа сабақты бекіту

3-мысал

V  Сабақты қорытындылау

  1. Select Case қандай оператор?
  2. Select Case операторының жазылуы

VI Үйге тапсырма: 2.6 тақырып