Windows басқару элементі. Жұмыс үстелі. «маус» типті манипулятор. Есептер тақтасының элементтері мен арналуы, «Пуск» батырмасының функциялары. Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері

65

Тақырыбы:  Windows басқару элементі. Жұмыс үстелі. «маус» типті манипулятор.         Есептер тақтасының элементтері мен арналуы, «Пуск» батырмасының функциялары. Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері.

Мақсаты:     Windows ортасының ерекшеліктерімен, Windows 98 жұмыс үстелі түсінігімен таныстыу. Есептер тақтасын, «Пуск» батырмасын және басты менюді жұмыста қолдануға үйрету. Windows терезелерімен , терезелерді көрсету нұсқаларымен, терезелердің менюімен таныстыру

а) білімділік;

Оқушыларға Windows ортасының ерекшеліктерін, жұмыс үстелі ұғымын, Windows-пен жұмысты іске қосу және аяқтау ретін, есептер тақтасының арналуын, мауспен орындалатын әрекеттер, Windows терезе ұғымын, терезерелді көсету нұсқаларын, активті терезе ұғымын, терезенің негізгі элементтерін меңгерту

ә) тәрбиелік;

Тазалыққа тәрбиелеймін;

б) дамытушылық;

Windows обьектілері. Терезе. Терезе элементтері

Сабақтың көрнекілігі: Кесте. Электрондық оқулық

Сабақтың әдісі:  Түсіндіру

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасы

ІІІ Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V  Сабақты қорытындылау

VI Үйге тапсырма

 

І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.

ІІ Үй тапсырмасы:

  1. Ақпаратты енгізу-шығару құрылғылары
  2. Компьютердің сыртқы жады.

ІІІ Жаңа сабақ

Жоспар

  1. Windows басқару элементтері.
  2. Терезе. Терезенің элементтері

Windows98-бұл графикалық ОЖ, оның негізгі объектілері терезе мен белгішелер түрінде көрсетіледі.

Мауспен орындалатын үш механикалық әрекеттер:

-сол жақ батырмамен бір рет шерту;

-екі рет шерту;

-маусты басулы сол жақ батырмамен жылжыту.

Маусты баптау үшін:

Мой компьютер-Панель управления-Мышь-Настройка и тренировка

Жұмыс үстелі Windows жұмыс істеу кезіндегі экранның бүкіл беті жұмыс үстелі деп аталады. Жұмыс үстелінде: қапшықтар, таңбашалар, маус нұсқағышы орналасады.

Есептер тақтасы-бұл экранның төменгі жағындағы  жіңішке сұр жолақ. Есептер тақтасында «Пуск» батырмасы, іске қосылған бағдарламалардың аттары бар батымалар орналасқан.

Бас менюб 7 пункттен ұрады:

  1. Ашылатын бағдарламалар тобы мен қсымшалардан тұратын тізім
  2. Жуық арада ашылған құжаттардың 15-тен аспайтын тізімнен
  3. Баптау
  4. Іздеу
  5. Анықтама
  6. орындау
  7. Жұмысты аяқтау

Терезе- Windows ортасының негізгі элементі.

Терезе дегеніміз-жақтаулармен шектелген экранның төртбұрышты сегменті.

IV Жаңа сабақты бекіту

Тапсырма. 3.2.1. Терезелер қандай болады?

V  Сабақты қорытындылау

  1. Терезе дегеніміз не?
  2. Терезенің түрлерін ата.

VI Үйге тапсырма: 3.1, 3.2 тақырыптар