Файлдар мен қапшықтар. Қапшық құру. Таңбашалар

51

Тақырыбы: Файлдар мен қапшықтар. Қапшық құру. Таңбашалар.

Мақсаты:      Файлдар, қапшықтар, таңбашалар, себет ұғымдарымен және қапшықтың құрылымы мен объектілер жасау ережелерімен таныстыру

а) білімділік;

Оқушыларға файлдар, қапшықтар деген не екенін, қапшықтар құрылымын, қапшықтар құру ережелерін, таңбаша деген не екенін, таңбашаны құру ережелерін меңгерту

ә) тәрбиелік;

Ұқыптылыққа тәрбиелеймін;

б) дамытушылық;

Файл, қапшық, таңбаша

Сабақтың көрнекілігі: Электрондық оқулық

Сабақтың әдісі:  Түсіндіру

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасы

ІІІ Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V  Сабақты қорытындылау

VI Үйге тапсырма

 

І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.

ІІ Үй тапсырмасы:

  1. Құжатты ашудың неше жолы бар?
  2. Бағыттауыш арқылы жаңа құжат ашу

ІІІ Жаңа сабақ

Жоспар

  1. Файл. Қапшық
  2. Таңбаша. Қапшық құру

Файл-бұл Windows 98 жүйесінде жұмыс жүргізетін ақпараттың негізгі құрылымдық бірлігі. Қапшықтар-бұл қандай да бір белгісі бойынша файлдарды бірлестіру, мысалы, тақырыптық белгісі бойынша: бір ғана ойынға немесе редакторға жататын файлдар. Қапшық-бұл аты аталған файлдар тобы.

Қапшықты құру және оның құрылымы.

Қапшық элементтері: тақырып, меню, терезені басқару батырмалары, айналдыру жолағы, құрал-саймандар тақтасы, қалып-күй жолы.

Терезеде жаңа қапшық құру.

Файл-Создать-Папка командасын орындаймыз. Қапшықтын атын құрған бойда енгізуге болады.

Таңбаша-бұл бағдаламаларды іске қосу немесе файлды ашу қасиеті бар пиктограмма, объектінің тамғасы, компьютер үшін объектіге жол нұсқайтын командалық файл, ал пайдаланушы үшін жұмыс үстеліндегі немесе терезедегі жай белгіше, ол Windows 98гі қандайда бір объектіге: файлға, қапшыққа, дискіге, компьютерге, принтерге т.б. сәйкес келеді.

IV Жаңа сабақты бекіту

Тапсырма. 3.4.4. Жаңа қапшық құрудың екі тәмілін сипатта. Олардың айырмашылығы неде?

Тапсырма. 3.4.6. Таңбаша жасаудың екі тәсілін сипатта.

V  Сабақты қорытындылау

  1. Қапшық, файл, таңбаша дегеніміз не?
  2. Қапшық құру

VI Үйге тапсырма: 3.4 тақырып