Word Pad мәтіндік редакторын іске қосу. Терезе құрамы. Құжат құру, мәтін енгізу, өңдеу, сақтау. Дайындалған мәтінді пішімдеу (форматтау). Сақталған құжатты ашу, дискіге сақтау

37

Тақырыбы: Word Pad мәтіндік редакторын іске қосу. Терезе құрамы. Құжат құру, мәтін енгізу, өңдеу, сақтау. Дайындалған мәтінді пішімдеу (форматтау). Сақталған құжатты ашу, дискіге сақтау

Мақсаты:    Word Pad мәтіндік процессорымен танысу. Құжаттың құрылымы, стилі, баспа бетінің геометриясы туралы түсінік беру. Word Pad қолданбасының терезесі меню, пішімдеу мен құрал-саймандар тақталары, сызғыш туралы түсінік алу. Мәтінді теру, түзету, пішімдеу. Құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету

а) білімділік;

Оқушыларға Word Pad мәтіндік редакторымен жұмыс жасау жолдарын үйрету

ә) тәрбиелік;

Ұқыптылыққа тәрбиелеймін

б) дамытушылық;

Word Pad мәтіндік редакторы

Сабақтың көрнекілігі: Word Pad мәтіндік

Сабақтың әдісі:  Практикум элементтері бар, көрсете түсіндіру. Зертханалық жұмыс

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасы

ІІІ Жаңа сабақ

ІV Жаңа сабақты бекіту

V Сабақты қорытындылау

VIҮйге тапсырма

 

І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.

ІІ Үй тапсырмасы

  1. Суреттерді қарап шығу?
  2. Түстер палитрасын өзгерту, қағазға басып шығару

ІІІ Жаңа сабақ

Мәтіндік процессор-бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету үшін ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдарламалар класы.

Word Pad қолданбасының арналуы:

  1. Мәтінді теру
  2. Мәтін түзету
  3. Мәтінді пішімдеу

Қаріптің гарнитурасын таңдау

Қаріптің өлшемін өзгерту және таңдау

Қаріптің әлпетін басқару

Қаріптің атрибутын басқару (түсін, алып тастауды, астын сызуды)

Туралау әдістерін басқару (ортасы бойынша, оң жақ немесе сол жақ шеттері бойынша)

Абзац мәтінінің сол жақ пен оң жақ өрістерінен шеінісін және арнайы бірінші жол шеінісін беру

Құжатпен мәтінді дайындау кезінде ДК-дің мүмкіндіктері:

  1. Мәтінді жөндеуге, мәтіннің үзінділерін кірістіруге, әр түрлі құжаттарды бір құжатқа «жапсыруға», мәтіннің шекараларын түзетуге, жолдарды ортаға туралауға, құжатты қандай да болса санын басып шығаруға және сақтауға болады.
  2. Әр түрлі қаріптерді, түрлі тілдердің алфавиттерін, сондай-ақ графикалық символдарды пайдалануға болады.
  3. Мәтінге кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге болады, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлендіруге болады (оны қисық бойы орналастыруға, «көлем» беруге, көлеңкелеуге және т.с.)
  4. Дайын жазудың мәтінін немесе кітаптың мәтінін сканерлеуге және тану бағдарламаларының көмегімен мәтін пішініне түрлендіруге болады.
  5. Стандартты құжаттарды дайындағанда дайын үлгілерді пайдалануға болады.

IV Жаңа сабақты бекіту

171 беттегі тапсырманы орындау

5.1.2. тапсырма. Келесі анықтамаларды жаз

V  Сабақты қорытындылау

5.1.7. тапсырма. Қаріпті, әлпет пен өлшемді бір уақытта өзгерту әрекетінің тізбегін көрсет.

5.1.9 тапсырма. Құжат бойынша жылжыту пернелерінің комбинациясын көрсет

VI Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу