Электрондық пошта. Хабарлар құру және хаттармен жұмыс істеу

27

Тақырыбы: Электрондық пошта. Хабарлар құру және хаттармен жұмыс істеу

Мақсаты:    Электрондық пошта

а) білімділік;

Оқушыларға электрондық поштамен жұмыс жасау жолдарын үйрету

ә) тәрбиелік;

Тазалыққа тәрбиелеймін

б) дамытушылық;

Электрондық пошта

Сабақтың көрнекілігі: Электрондық пошта

Сабақтың әдісі:  Түсіндіру

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасы

ІІІ Жаңа сабақ

ІV Жаңа сабақты бекіту

V Сабақты қорытындылау

VIҮйге тапсырма

 

І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.

ІІ Үй тапсырмасы

  1. Компьютерлік желі дегеніміз не?
  2. Модемнің қызметі?

ІІІ Жаңа сабақ

Желі арқылы хат аламасу жүйесін электрондық пошта деп атайды.

Windows XP –мен бірге жабдықталатын программалардың бірі Outlook Express программасы-Internet желісіне қосылған барлық пайдаланушылар үшін желі арқылы пошталық хабарларды жіберуді және алуды ұйымдастыруға арналған.

Outlook Express программасы бірқатар стандартты қапшықтарды сүйемелдейді

Қажетті қапшықтардың тізімін алу үшін, айналдыру батырмасына шерту керек. Кез келген қапшықты ашу үшін, оның атында шерту керек. Мынадай қапшықтар болады:

  1. Входящие қапшығы, мұнда барлық алынған хабарлар болады, ол хабарды әдейлеп өшіргенше немесе басқа қапшыққа ауыстырғанша сақтайды.
  2. Удаленные қапшығында барлық өшірілген хабарлар сақталады. Бұл қапшыққа хабарларды орналастырып қана қоймай, одан алуға да болады.
  3. Исходящие қапшығында барлық жіберуге дайын хабарлар сақталады.
  4. Отправленные қапшығында электрондық пошта арқылы жіберілген хабарлардың көшірмесі сақталады.

Жаңа хабар құру үшін: Сообщение-Создать сообщение командасын орындаймыз.

Кому өрісіне мекен-жайды жазамыз. Ішіне мәтінімізді жазып, Файл-Отправить командасын орындаймыз.

IV Жаңа сабақты бекіту

  1. Электрондық пошта дегеніміз не?
  2. Электрондық пошта адрестерінің мысалдарын келтіріңдер.

V  Сабақты қорытындылау

VI Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу