Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы

952

«Жезқазған Бизнес және көлік колледжінің»

І санатты оқытушысы

Акимжанова Гаухар Сауалхановна

 

1.Сабақтыңтақырыбы: Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы

  1. Сабақтың типі: аралас сабақ
  2. Сабақтың түрі: шығармашылық-ізденіс сабағы
  3. Қолданылған технология: СТО технологиясы, оза оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технология

5.Сабақтың жабдығы:  интербелсенді тақта, кестелер, слайд,үлестірмелі парақтар, бағалау парағы

6.Сабақ мақсаты:

Білімділік:  Көркем туындыны түсініп, мәнерлеп оқуға және идеялық-тақырыптық негізін, ой астарын түсінуге үйрету, поэманың тереңіне бойлату, ақынның образ жасау шеберлігін ұғындыру.

Дамытушылық : Поэманы талдай білуге  төселдіру, сын тұрғысынан ойландыру арқылы түйіндік ойларын айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру, өз ойын тұжырымдауға, топтастарының ой- пікірлерін тыңдауға, тиянақты, жүйелі сөйлеуге үйрету.

Тәрбиелік:  Ақын шығармасындағы оқиғалар негізінде  оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерінің көзін аша отырып, рухани имандылыққа, ізденіске, іскерлікке, таным белсенділігін арттыруға тәрбиелеу. Білім алушының даралық мүмкіндіктерін шығармашылық тапсырмалар арқылы көрсету, сөйлеу  мәдениетін  жетілдіру, шешендікке баулу.

 

САБАҚ БАРЫСЫ:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

 

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Өзіне-өзі орнатып ескерткішті,

Мұра қып кейінгіге қадырған кім?

Ерте оянып, ойланып ,ер жеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құба жон, құбақан құм, құла қырды,

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?

Үнінен әділдіктің лебі ескен  кім?

Арманын аттандырып келешекке,

Бізбенен осы күнге тілдескен кім?

 

ІІ.Білімді бақылау кезеңі: «Кім» сұрағына жауап алу.

Оқытушы: Иә, балалар бұл Абай атамызға арналған өлең жолдары. Олай болса, осы ойларыңызға қандай дәлел айтар едіңіздер?

Білім алушы: Мен бұл жауабымның дәлелі ретінде сіздерге үй тапсырмасын орындап берейін. «Өлсем орным қара жер сыз болай ма» өлеңін жатқа айту.

Оқытушы: Балалар, олай болса, үйге берілген тапсырмаларға кезек берелік.

Білім алушы:Үйге Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы  оқу, «Ескендір» поэмасымен танысу, «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Өлсем орным қара жер сыз болай ма» өлеңдерінен үзінді жаттауға берілді.

ІІІ.Жаңа сабақты  меңгеру кезеңі:

Кіріспе сөз.Абай Құнанбаев –қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында дараланып тұрған Ұлы тұлға. Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен Абайы біреу-ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Ол – қазақтың бір жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер.

Ақын шығармалары  осы күнгі бай, ұлттық әдебиетіміздің алтын діңгегін қадады. Ақын шығармашылығындағы елеулі орын алатын бір сала –поэмалары.

Бүгінгі әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының апталығы аясында өткізілгелі отырған ашық сабағымыздың тақырыбы –  Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы. Мақсаты: шығарманың  идеялық-тақырыптық негізін, ой астарын түсіну,ақынның образ жасау шеберлігін ұғыну, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдылану.

Екі топқа бөлініп жұмыс жүргіземіз. Топ мүшелерін топбасылары бағалап отырады. Поэма мәтінін үйде оқып келген болатынсыздар.

«Ескендір» поэмасы – Абай поэмасының ішіндегі ең елеулісі, ақынның гуманистік ой-пікірлерін тереңірек танытатын шығармасы. Поэманың басты кейіпкері Ескендір – Шығыс елдеріне Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараса, Еуропаға Александр Македонский деген атпен тараған, белгілі қолбасшы жайлы аңыздар негізіне, жырларға кейіпкер болған патша. Ескендір жайында Шығыс ақындарының көбі жырлаған. Ә.Фирдауси «Шахнамасында», Низами –  «Ескедір-нама»  дастанында,  Жәми – «Ескендірдің даналық кітабында»  жазып,  Ескендір образын ақылды, батыр деп ардақтап көрсеткен. Ал, Абай «Ескендір» дастанына ұстазы Аристотельді, Ескендірдің әкесі мен тұрған жерін, патшалығын қосып, өзінше жырлайды. Абайдың бұл шығармасы  неміс романтикалық әдебиетінің көрнекті ақыны болған Альберт Фон Шамиссодан 1844 жылы аударған В.А. Жуковский түпнұсқасына ұқсас болып келеді.

  1. Бекіту кезеңі:
  2. «Ой шақыру» стратегиясы бойынша төмендегі сұрақтарға жауап берейік.

1)Поэма дегеніміз не?

Поэма (грек. – «туынды») – орта көлемді эпикалық түрге жататын, өмірде болған не болуға тиісті күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттейтін жанр.

2)Абайдың қандай поэмалары бар?   (Ескендір, Масғұт, Әзім әңгімесі)

  1. Сөздікпен жұмыс. «Сөздер сөйлейді» стратегиясы бойынша шығарма мазмұнында кездесетін төменде берілген сөздердің мағынасын ашып, орыс және ағылшын тілдеріне аударамыз.

 

Хакім- (ғалым) – ученый —

Данышпан –  (оқымысты) – гений —

Иман – (дін, Алланы мойындау) – религия —

Ғибрат –  (үлгі) – пример —

Аран –  (көзі тоймау) – ненасытный —

Қолына –  (әскеріне) – армия —

 

  1. «Кубизм» стратегиясыбойынша топтық жұмыс жүргіземіз. Екі топқа үш тапсырмадан беріледі.

1-қыры:  «Ойланыңыз». Шығарма мазмұнына жоспар құрыңыздар.

  1. Ескендірдің тегі, патшалығы, жорықтары.
  2. Жорықтағы Ескендірдің бұлақпен кездесуі.
  3. Ескендірдің бұйрығы.
  4. Күзетшімен тілдесуі, оның сыйы.
  5. Аристотельдің сүйекті өлшеуі.
  6. Ақынның өсиет сөзі.

2-қыры: «Зерттеңіз». Зерттеу сұрақтары:

  1. «Абай «Ескендір» поэмасын шығыс поэзиясына сүйеніп жазды» — деген пікірді қалай түсіндіресіздер.
  2. «Ескендір» дастаны тек шығыс поэзиясына ғана сүйеніп жазылған ба?

Абай Құнанбаев медреседе оқығанда білім нәрін шығыс поэзиясынан алды. Шығыс классиктері: Фирдауси, Науаи, Низами өз дастандарында, шығармаларында атақты грек қолбасшысы Александр Македонский туралы аңыздарды арқау еткен, мадақтаған. Ендеше, Абай шығыс поэзиясымен терең сусындағандықтан, өз поэмасының өзегін одан алған да болар.

Жоқ. Мен олай ойламаймын.Белгілі ақын 60 жылдары батыстың ақындары мен философтарының еңбектеріне ден қойып, оқыған. Оған дәлел сөз – өз сөзі. Яғни, «Шығысым – батыс боп кетті» — деуі. Ақын өз шығармасында тарихи деректерді батыс философы Дрэпердің «История умственного развития Европы» атты еңбегінен алған шығар. Өйткені, Дрэпер: «Александр Македонский – это искатель приключении, осуществляя намерения отца своего, Филиппа начал свое выступление с крайне ничтожными средствами»,- деп жазады. Дрэпер  әйгілі философ Аристотельді мақтаса, Абай Аристотель даналығына, ақыл сөзіне сүйсінеді. Олай болса, Абай поэмасы Ескендір қасиетін ашуда батыс ғалымдарының идеясымен үндес.

 

3-қыры:«Қолданыңыз». «Ескендір» поэмасының мазмұны бойынша шағын көрініс көрсетіңіздер.

4-қыры: «Суреттеңіз». ПоэмадағыЕскендір бейнесін суреттеңіздер.

5-қыры:«Салыстырыңыз». Абайдың«Ескендір» поэмасы мен қарасөзін салыстыру.

6- қыры «Талдаңыз». «Ескендір» поэмасына талдау жасау.

Авторы:  Абай Құнанбаев

Шығарманың аты: «Ескендір» поэмасы

Тақырыбы: Адамгершілік, қанағат тұту, даналық.

Идеясы: Қанағат пен жауыздықты әшкерелеу, әділет пен даналықты дәріптеу.

Жанры:  эпикалық (поэма)

Ұйқас:қара өлең (ааба)

Шумақ: 42

Тармақ:4

Буын:11, 12

Бунақ:3

Түйінді ой: Абай бұл шығармасында адам бойындағы жаман қасиеттерді әшкерелейді. Ол өз өлеңінде де өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ бес дұшпаның деп атап көрсеткен болатын.

 

4) «Автор орындығы» стратегиясы.

І топ. 4- тапсырма.

1.Өсиет (ақыл сөз) – қандай сөздер еді?

  1. Поэмадан өсиет өлеңді тауып, автор орындығына отырып, мәнеріне келтіріп оқыңыз, өз пікіріңізді білдіріңіз.

 

Аз-ақ сөз айттым,бітті бұл әңгіме,

Мұны бір өзге сөздің бірі деме.

Қарның тойса,қайғырма мақтан үшін,

Тоймас көзің толар деп қайғы жеме.

Қу өмір,жолдас болмас,әлі-ақ кетер,

Өз күлкіңе өзің қарқ болма бекер.

Ұятың мен арыңды малға сатып,

Ұятсызда иман жоқ, түпке жетер.

Мақтанасың біреуге мақтасын деп,

Шаужайымнан еш адам қақпасын деп,

Сен кеткен соң артыңнан күліп қалар,

Ант ұрғаннан құдайым сақтасын деп.

Ақылсыз өзін мақтап былжырайды,

Ойыңа өлшеп сөйлесең нең құрайды?

Жақсы болсаң,жарықты кім көрмейді,

Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?

 

  1. Мифологиялық образдарды табыңыздар. (Табиғат, жұмбақ бұлақ, алтын қақпа, күзетші, орамалға түйілген сүйек.

 

ІІ топ. 4-тапсырма. «Екі түрлі түсіндірме күнделігі» стратегиясы.

Мәтіннен үзінді Үзінді жайлы пікір Ой-тұжырым  мазмұнға сәйкес

мақал- мәтел

Долдықпен  хан  Ескендір ашуланды,

Ашуланып қақпаға жетіп барды.

Ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос

 

Қанша алтынды күміспен салсадағы,

Бір кішкентай сүйекті аудармады

Арпа -бидай ас екен,

Алтын –күміс тас екен

Жақсы болсаң жарықты кім көрмейді ,

Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?

Жақсының жақсылығын айт нұры  тасысын! Жақсы ай мен күндей, Баршаға бірдей.
Қарның тойса, қайғырма мақтан үшін,

Толмас көзің толар деп қайғы жеме

Қанағат – қарын тойғызады,

Қанағатсыздық – жалғыз атын сойғызады.

Өзі тойғанымен , көзі тоймас.

V.Қорытындылау: Кері байланыс парағын толтыру.

  • Сабақтан қандай әсер алыңыз?
  • Сабақ барысында қандай қиындықтар туындады?
  • Қай тапсырма орындауда қызықты болды?
  • Біліміңізді қай тапсырманы орындағанда толық жеткізе алдыңыз?

Абай “Ескендір”поэмасы арқылы әлемдік әдебиетке үлес қосса,біз осы поэмамен танысып,талдау барысында бойымызға  қандай асыл қасиеттерді жинадық?

 

Пендешіліктенарылуға

Имандыболуға

Арлы болуға

Қанағат етуге

Ашкөзділіктен сақтануға

Ойланып ісжасауға

Күлкіге қалмауға

 

Яғни, бай рухани өнеге,тәлімі мол тәрбие алдық деп есептейміз.

  1. Үй тапсырмасы:

Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Мұхтар Әуезов : «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен.Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен  тек солтереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын.Сол себепті оқудан,білімге құштарлықтан,ізденуден жалықпайық дей отырып, үй  тапсырмасын ұсынамын:

1.Поэмадан  үзінді жаттау  (міндетті).

2.Мазмұнын тезистеп жазу(міндетті).

  1. “Ұлыдан-ұлағат” Абай шығармашылығы бойынша ізденіп,ойтолғау жазу (мүмкіндік деңгей) (Электрондық пошта арқылы жолдау).

VIІ.Білімді бағалау:

Бағалау парағы     І топ

 

Топ мүшелері Үй тапсыр-масы

20б.

«Ой шақыру»

10б.

«Сөздер сөйлейді»

20б.

«Кубизм» «Автор орындығы»

20б.

1

10б.

2

10б.

3

10б.

Бағалау критерийлері:   81-100 – «5»;    61-80 – «4»;    41-60 – «3»

 

Бағалау парағы     ІІ топ

 

Топ мүшелері Үй тапсыр-масы

20б.

«Ой шақыру»

10б.

«Сөздер сөйлейді»

20б.

«Кубизм» «Екі түрлі түсіндірме күнделігі»

20б.

1

10б.

2

10б.

3

10б.

Бағалау критерийлері:   81-100 – «5»;    61-80 – «4»;    41-60 – «3»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқытушы:________________________

Бекітемін:________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

І топ

 

Топ мүшелері Үй тапсыр-масы

20б.

«Ой шақыру»

10б.

«Сөздер сөйлейді»

20б.

«Кубизм» «Автор орындығы»

20б.

1

10б.

2

10б.

3

10б.

 

Бағалау критерийлері:   81-100 – «5»;    61-80 – «4»;    41-60 – «3»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

ІІ топ

 

Топ мүшелері Үй тапсыр-масы

20б.

«Ой шақыру»

10б.

«Сөздер сөйлейді»

20б.

«Кубизм» «Екі түрлі түсіндірме күнделігі»

20б.

1

10б.

2

10б.

3

10б.

 

Бағалау критерийлері:   81-100 – «5»;    61-80 – «4»;    41-60 – «3»