«Ойымды аңғар» интелектуалды ойын.

341

9-сынып оқушыларына арналған  «Ойымды аңғар» интелектуалды  ойыны

Тақырыбы: «Ойымды аңғар» интелектуалды  ойын.

Армысыздар, құрметті ұстаздар  және  ойынға қатысушылар.  Бүгін сіздер мектебіміздің   «Ойымды аңғар» интелектуалды  ойынын тамашалауға келіп отырсыздар. Қош келдіңіздер.

«Ойымды аңғар» интелектуалды  ойынға 5 оқушыдан тұратын екі команда қатысады. Ойын тартымды, достық, зияткерлік күрес түрінде өрбиді. Команданың басты мақсаты, жеңіске жету ғана емес, өз командаларының ойын айтпай-ақ, ыммен түсіну.

Ойынға төрелік болатын,

Әділ баға беретін.

Таныстырып өтейін

Әділ қазы алқасын- деп ең алдымен сіздерді әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

 

Екі команда ортаға шығып өздерінің ұрандарын айтады.

Қазақ қыздары (      )

Раушан гүлдер (     )

Ойыншылар сіздерді ойын тәртібімен таныстырып өтейін.

 

Ойын тәртібі:

Ойын 4 бөлімнен тұрады.

1 бөлім.  «Түсіндіру»

2 бөлім.  «Ойымды тап»

3 бөлім.  « Кім тапқыр»

4 бөлім.  «Елестету»

 

Ал енді бірінші бөлімімізді бастайық.

1-бөлім. «Түсіндіру»: Әр сөздің алдында (біріншіден басқасы) бірінші ойыншы соңғы орынға көшеді, ал қалғандары бір ойыншыға алға өтеді. Сөзді келесі ойыншыға түсіндіру кезінде, алдыңғы ойыншыдан естіген сөзді немесе бір түбірлі сөздерді қайталауға болмайды. Есепке алынған әр сөз үшін командаға 10 ұпай беріледі. Жүргізуші әрбір командаға кезегімен үш түрлі сөз ұсынады. Команда мүшелері, бірінші ойыншыдан бастап (ол берілген сөзді біледі), кезек-кезегімен аталған сөзді бір-біріне 40 секундтың ішінде түсіндіруге тырысады (қимылдарды қолдануға болмайды).  Бөлім аяқталғаннан соң, арнайы тағайындалған сарапшы өз шешімін шығарады (сөзді түсіндіру кезіндегі қателіктерді атап көрсетеді), соған сәйкес команда тиісті ұпай санына ие болады. Ірі қателіктерге жол берген команда ұпайсыз қалуы мүмкін.

  1. Арба, ара
  2. Тоңазытқыш, газ плитасы

 

 

Ойынымыздың екінші бөлімін бастайық

2-бөлім. «Ойымды тап»: «Пантомима, шарадалар» туры. Таңдап алынған команданың ойыншысы, үлкен мониторда көрсетілген 6 ұсыныстың бірін таңдайды. Одан соң, таңдап алынған ойыншының артындағы мониторда бір-бірден 10 сөз пайда болады, оны қалған 4 ойыншы көріп тұрады. Олар ымдау, түрлі қимылдар жасау арқылы жазылған сөзді түсіндіреді. Егер ойыншы сөзді түсінбесе, ойынды келесі ойыншы жалғастырады және сәйкесінше жаңа сөзге көшеді.

  1. Менің үйім. (кілем, ит, төсек, стол, теледидар, перде, түсқағаз, сурет,ваза, есік )
  2. Бойжеткен. (көйлек, шаш, сумка, туш, помада, білезік, әшекей, сұлу,ерке,жүрісі)
  3. Жан—жақты (ұршық, жылан, ай, толқын, сәнгер, арыстан, кітап, аю, қайшы, маймыл)

3  бөлім. « Кім тапқыр» ойыны . Екі топқа бір- бір сөйлемнен  беріледі,  сол сөйлемді ыммен түсіндіру керек. екі топ бірінікін бірі табу керек.

Топпен немесе жеке көрсетуге болады.

Көкпар тарту.

Киіз басу.

Асық ойнау.

Мода көрсету.

4-бөлім. «Елестету»: Жүргізуші әр командаға бір сөзді немесе тұрақты фразаны ұсынғаннан кейін, таңдап алынған команданың қатысушысы, осы сөзге байланысты туындаған төрт түрлі сезімді, ассоциацияны атайды. Содан кейін, қалған қатысушылар құлаққаптарын алып тастайды да, жүргізуші берілген сөзді команданың барлық мүшелеріне естіртіп айтады. Әр ойыншы өз кезегінде 5 секундтың ішінде сөзден туындаған өз сезімдерімен бөліседі де, кезекті команданың келесі ойыншысына береді және солай жалғасады. Тапсырманы орындауға 20 секунд беріледі. Ұпай саны, команда мүшелерінің ой-сезімдері қанша рет команда капитанының ой-сезімдерімен сәйкес келуіне байланысты беріледі.

1.Қазақтың ұлттық киімдері

2.Компьютер,

3.Ою- өрнек

4.Мұғалім.

 

(Кеш қорытындысын әділқазылар алқасы шығарады. Сайыскерлер мадақтау қағаздарымен мадақталады.