ПАПЬЕ – МАШЕ. ЫДЫС ЖАСАУ.

Сабақтың тақырыбы: ПАПЬЕ – МАШЕ. ЫДЫС ЖАСАУ.

 

   Сабақтың мақсаты: 1. Папье-маше тәсілі туралы түсіндіру. Осы тәсілмен ыдыс жасауды үйрету.

  1. Оқушылардың жұмысты орындаудағы ептілігін дамыту, алған білімін өз бетінше қолдана білуін қадағалау.
  2. Тазалық гигиеналық талаптарды орындауға дағдыландыру.

Техникалық қауіпсіздік ережесін жетік білуге және оны сақтауға үйрету.

 

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі. Аралас

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі. Сұрақ-жауап Сарамандық жұмыс

      Көрнекілігі: Сызбалар, карточкалар, бұйымдар, ою-өрнек түрлері.

Қажетті жабдықтар: қағаз, тарелка, желім, қайшы, т.б.

 

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру «Қапы қалма!» аялдамасы.

(оқушыларға берілген ою-өрнектердің түрлерін ойын келу тапсырылған еді. Жақсы

жұмыстарды атап өтіп, бағалау.)

  1. «Дәлелдей біл» аялдамасы. Өткен тақырыпты қорытындылау
  2. Сөздікпен жұмыс:

 

 

 

 

 

 

Сұрақтар

 

 

Жауабы

 

 

 

1.

 

 

 

2.

 

 

3.

 

4.

 

5.

 

 

Ою – өрнек дегеніміз латынның қай сөзіне келеді? Қандай мағынаны білдіреді?

 

Композиция дегеніміз не?

 

 

Симметрия дегеніміз не?

 

Ритм дегеніміз не?

 

Ою-өрнектерді қандай топтарға жіктеуге болады?

 

 

Латынның орнамент деген сөзінен алынған. Орнамент-жиекейлеу, әсемдеу деген мағынаны білдіреді.

 

Ою-өрнекті бір заттың бетіне реттеп орналастыру.

 

Ою-өрнектің екі жағының бірдей болуы

 

Ою-өрнекте бір элементтің қайталанып отыруы.

Өсімдік, құс,жануар, геометриялық қару, құралдарға, аңға, жәңдіктерге т.б.

 

  1. Семантикалық карта.

 

 №Ою аттарыАй, күн, жұлдыз дар көк әлеміне байланыстыМалдың дене мүшесіне байланыстыАңға байланыс-ты ою-өрнекЖәндіктерге байланысты өрнектерҚұстарға айланыстыЖер, су, өсім-діктерге байланыстыҚару-құралдарға байланыстыГеометриялық фигура тектес.
1. Тырна+
2.Ирек++
3.Жұлдыз+
4.Өркеш+
5.Құсмойын+
6.Гүл+
7.

8.

Алақұрт

Бөріқұлақ

 

+

+
9Айбалта+
10.Айыртұяқ+
11.Қосдөңгелек+
12.Балдаң+

 

«Байқап қал!»  Жаңа сабақты түсіндіру.

Папье – маше – желім қосылған суға қағазды қатты материал бетіне жапсыру арқылы немесе көлемді зат бейнесін жапсырмалап орындалатын жұмыс.

Жұмыс кезінде қағаз, желіммен басқа гипе және басқа да қосымша материалдарды пайдаланады

Папье –шамамен жұмысқа керекті үлгіні алу үшін жайпақ табақша, кесе, түрлі геометриялық денелерді пайдалануға болады.

Папье – маше жұмысын орындау.

Табақшаның сыртына бірінші жапсырылатын қағазды желім қосылмаған таза су жібітеміз. Сонда жұмысты толық аяқтап, кептіргеннен кейін, табақшадан бөліп алу оңай болады.

Алғашқы жапсырылған қағаз үстіне 5-7 қабат желім араластырылған суға жібітілген қағаз жапсырылады. Ең соңғы қабатын ақ қағазбен тегіс, біркелкі етіп жапсырмалайды. Қағаз желімденген кезде кедір-бұдырсыз тегіс жапсырылуы тиіс.

Қағаз арасында ауа қалмауы керек. Жапсырмаланып болған папье – машені ыдысымен қоса кептіруге қояды.

Жақсы кептірілген папье-машенің қатпарларын зімпара қағазбен тегістейді.

Дөңгелек жиектерін қайшымен қияды. Акварель бояумен жалпақ табақшаны өз қалауыңша түрлендіруіңе болады.

  1. «Есіңе сақта!» аядамасы Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. (оқулықпен жұмыс)
  2. Алдымен жұмыс орныңды дайындап ал. Ол үшін таза акварель бояу, қылқалам, жапсырмайтын қағаздар керек.
  3. Керекті құралдарды, суды шашып ойнама!
  4. Жұмыс кезінде және жұмыс соңында қолыңды таза шүберекпен сурт
  5. Жұмыс соңында киімдеріңнің тазалығын байқап, жұмыс орныңды ретке келтір.
  6. Папье-маше жұмысы аса ұқыптылықты қажет ететіндігін естен шығарма!
  7. «Қалауың білсін!» аялдамасы

Сарамандық жұмыс: «Жайпақ табақшаны папье-маше тәсілімен жасау»

                                     (мұғалімнің нұсқауы бойынша)

  1. Сергіту сәті:

Еңбек етсең терлеп оның аты – еңбек,

Гүл өсірсең терлеп оның аты – еңбек,

Кесте тіксең зерлеп оның аты – еңбек,

Ағаш ексең терлеп оның аты – еңбек,

Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек.

  1. «Қателеспе!» аялдамасы. (Сарамандық жұмыс)

Сабақты бекіту. «Құпия пошта» ойыны

 

Пошта жәшігіне салынған конверт ішінде жазылған сұрақтарға жауап беру.

Папье-маше қалай орындалатын жұмыс

Папье-маше жұмысын орындаудың жолдарын кезекпен – кезек айтып беріңдер.

Папье-маше тәсілімен тағы қандай бұйымдар жасауға болады?

 

  1. Қорытындылау: Жасаған бұйымдардың сапасын тексеру.

                                   Жетістіктері мен кемшіліктерін айту.

 

  1. Бағалау.
  2. Үйге: Сарамандық жұмысты аяқтау.