MS Excel электрондық кестесі, кесте құрылымы және элементтері.

149

Сабақтың  тақырыбы:   MS Excel электрондық кестесі, кесте құрылымы  және элементтері.

 

Сабақтың  мақсаты:    MS Exsel электрондық кестесі, кесте құрылымына

түсінік беру.

Білімділік:              Оқушылардың кесте элементтері туралы

түсініктерін қалыптастыру.

Кестенің құрылымымен таныстыру.

Тәрбиелік:              Оқушыларды ұқыптылыққа,

адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық:              Оқушылардың пәнге деген

қызығушылықтарын арттыру, дамыту.

 

Сабақтың  түрі:                     Аралас сабақ.

 

Сабақтың  көрнекілігі:        Жұмыс столы, суреттер, плакаттар.

 

Сабақтың  барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың оқу құралын тексеру
  2. Үй тапсырмасын тексеру: Сөзжұмбақ арқылы  деректер енгізуді

пысықтау.

 

 

 

 

 

 

1 Т Ү Й І Н Д і
2 М Ә Л І М Е Т
3 С Ұ Р Ы П Т А У
4 E X S E L Т Е Р Е З Е С І
5 К Е С Т Е
6 М А Т Р И Ц А
7 П Р И Н Т Е Р
8 М О Н И Т О Р

 

9 Б А Й Т
10 Ж О Б А Л А У
11 А З Б А
12 Л О Г И К А Л Ы Қ
13 Ө Р І С
14 Ұ Я Ш Ы Қ

 

 

 

 

 

  1. Деректердің сұрыпталуы орындалатын өріс қалай аталады?
  2. Ұяға (сан, мәтін, формула) түрінде не енгізуге болады?
  3. Берілген ретпен жазбаларды орналастыру операциясын не дейміз?
  4. MS Exsel программасы іске қосылғанда мониторда не көрінеді?
  5. Қатарлар мен бағандарда реттелген ақпараттар қалай аталады?
  6. Кесетдегі объектілер аталуын алып тастасақ, онда қандай математикалық қарапайым сандық кесте пайда болады?
  7. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы.
  8. Компьютерге енгізілген ақпаратты қайдан көре аламыз?
  9. Ақпараттың өлшем бірлігі
  10. Деректер базасын теориялық тұрғыдан тұрғызу дегеніміз не?
  11. Реляциялық деректер базасындағы қатардың аталуы
  12. Ақиқат немесе Жалған деген мәндерді қабылдай алатын тип атауы
  13. Реляциялық деректер базасындағы бағананың аталуы
  14. MS Exsel программасында мәлімет енгізілетін кестенің ең кіші бөлшегі.

 

 

  1. Жаңа материалды меңгеру.

 

MS Excel программасын іске қосылғаннан кейін экранның көрінісі болады.

MS Excel электрондық кестесі іске қосылғаннан кейін автоматты  түрде 1 – кітап деген атпен жаңа құжат ашылады. Бұл кітаптың атын файлды сақтау кезінде өзгертуге болады.

Бұдан басқа жаңа кітап жасау үшін құру /создать/ батырмасын шертеміз немесе [Ctrl + N] қос пернесін басамыз. Жаңадан құрылған кітаптың аты 2 – кітап, 3 – кітап т.с.с. болады.

MS Excel терезесінің жоғарғы жағында терезені басқару батырмалары бар тақырып қатар орналасқан.

MS Excel терезесінің екінші жолы – Меню қатары.

Үшінші және төртінші жолдары Стандартты және Форматтау саймандар тақтасының аспаптапры.

Бесінші жолы Формулалар қатары. Мұнда ұяшықтың — әрбір тордың мазмұны көріп, формулаларды өңдеуге болады.

Бесінші жол мен кестенің соңына дейінгі аралықты электрондық кестенің жұмыс аймағы алып тұрады. Кестенің жолдары /қатарлары/ санмен, ал бағаналары әріптермен таңбаланады.

Терезенің ең төменгі қатары – Қалып қатар, оған үстіміздегі уақыттағы компьютердің жұмысын немесе MS Excel кестесі жөнінде ақпарат шығып тұрады.

 

Кітап парақтарының құрамы

/қатар, бағана, ұяшық/.

Әрбір бетте қатарлар мен бағаналардан тұратын екі өлшемді жиым /массив/ болып келген бір электрондық кесте сақталады.

Excel – 97 электрондық кестесінде бағаналар саны – 256, ал қатарлар саны – 654 536 – ға тең. Әрбір бағана мен қатардың қиылысқан жерінде ұяшық немесе тор деп аталатын тіктөртбұрыш орналасқан. Оған мәліметтерді /мәтін, сан, немесе формулалар/ енгізуге болады. Парақтағы ұяшықтардың жалпы саны – 16 777 216 – ға тең. Әрбір ұяшыққа 32 мың символ  енгізу мүмкіндігі бар.

Электрондық кестеде ағымдағы немесе екпінді ұяшықты көрсететін ерекше тіктөртбұрышты кестелік курсор орналасқан ұяшық. Екпінді ұяшық деп аталады.

Бағаналар А – Z, одан кейін реті бойынша АА –АZ, ВА – ВZ, … , IV латын әріптерімен белгіленеді.

Қатарлар 1 — 65 536 – ға дейінгі сандармен нөмірленеді.

Әрбір ұяшықтың бағана әрпімен қатар нөмірінің қиылысуына сәйкес адресі бар. Мысалы А1 – бірінші ұяшықтың, ал IV 65 536 соңғы ұяшықтың адресі болады. Ұяшықтың адресін ұяшыққа сілтеме деп те айтуға болады

Ұялар ішіндегі мәлімет.

MS Excel кестелерінде кез – келген ұяға мәліметтердің үш түріне енгізуге болады, олар: текст, сан және формула. Ұяға мәлімет енгізу үшін теңбілторды сол ұяға алып барып, керекті деректерді пернелерді /240 таңбаға дейін/ теріп, соңынан Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басу жеткілікті. MS Excel енгізілген мәліметтің формула, сан немесе текст екенін оның бірінші таңбасына қарап анықтайды. Егер бірінші символ — әріп немесе “ ‘” /апостроф/ болса, онда ұяға текст енгізіледі деп есептеледі. Егерде бірінші символ цифр немесе  “ = ” болса, онда ол ұяға формула немесе сан енгізілетін білдіреді.

Енгізілген мәліметтер ұя ішінде немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басқан кезде аяқталады

Компьютермен жұмыс жасау:

 

Тапсырма: Exsel – де кесте сызу.

 

Қалалардың арасындағы арақашықтық.

Алматы Қарағанды Астана Мәскеу Ташкент
Алматы 2000 2500 4500 1500
Қарағанды 2000 1000 3000 2000
Астана 2500 1000 2900 2000
Мәскеу 4500 3000 2900 6000
Ташкент 1500 2000 2000 6000

 

Сабақты  бекіту:

 

  1. MS Excel – 97 электрондық кестесінде бағаналар саны қанша?
  2. Қатарлар саны қанша?
  3. Парақтағы ұяшықтардың жалпы саны қанша?
  4. Әрбір ұяшыққа символ енгізуге бола ма?
  5. Венн диаграммасы арқылы сабақты бекіту.

WORD                                                                                                  EXSEL

 

 

Үйге  тапсырма:      Бүгінгі өткен тақырыпты оқып келу.

 

 

Қорытындылау:      Оқушыларды бағалау, қоштасу.