Шарттарды ұйымдастыру операторлары

78

Сабақтың тақырыбы:  Шарттарды ұйымдастыру  операторлары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шарт, шарт арқылы тармақтау және таңдау операторларының жазылу тәртібімен таныстыру, тармақтаушы алгоритмдерге программа жазу жолдарын көрсету;

Дамытушылық: Программалау ұғымын дамыту;

Тәрбиелік: Ойлау, жоспарлау және әрекет ету жүйеліне тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, (кестелер), презентация,  компьютер,  оқулық, жұмыс дәптері , тест-программа.

 Сабақтың барысы

І. Кіріспе. (2мин)

  • Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;
  • Журнал толтыру;
  • Оқушылардың назарын сабаққа бұру,

ІІ.  Өткен сабаққа шолу. (10мин)

  • Үй жұмысын тексеру (№5, 9, 10 есептер (74бет).),

ІІІ. Жаңа сабақ (20мин)

ПС. Копьютермен оқушының сұқбат программасын көрсетеміз.

Компьютер-оқушының сұқбаты:

 

Экрандағы ақпарат Сары жазуға назар аударайық. Қалай ойлайсыңдар, компьютер оқушының өзінен 7 жас үлкен екенін қалай «біліп» тұр? …

Осындай мәселелерді шешу үшін программалық тілде шартты операторлар қолданылады.

Шарт дегеніміз жауабы «иә» немесе «жоқ» болатын ұйғарым (сұрақ). Шарты бар операторларды құрама немесе күрделі дейді.

.
  1. Тармақтаушы оператор – шарттың сақталуына/сақталмауына байланысты екі түрлі жағдайдың бірін таңдауға мүмкіндік береді.

Паскалдағы жазылу түрі:

Толық тармақтау Блок-схема
if <шарт> then  1-оператор else 2-оператор;

шарт сақталса жауабы «иә» болып 1-оператор атқарылады және керісінше.

мыс:

gas:=15;

if jas<8 then write(‘сен менен ’,8-jas,’ кішісің’)

else write(‘сен менен ’,jas-8,’ үлкенсің’);

Жоғарыдағы сұраққа назар салыңдар.

 

Қысқаша тармақтау Блок-схема
if <шарт> then  оператор;

шарт сақталса жауабы «иә» болып оператор атқарылады, сақталмаса («жоқ») компьютер келесі операторды орындауға өтеді..

мыс:

gas:=15;

if jas<8 then write(‘сен менен ’,8-jas,’ кішісің’);

 

Енді жоғарыдағы сұқбатты программалап көрелік.   ЕСЕП: Компьютер атыңды сұрайтын, содан соң өзнің қанша жас кіші/үлкен екенін айтатын проргамма жазыңыз.

ІV. Сынып жұмысы. (10мин)

Квадрат теңдеуді шешу алгоритмі.

ах2 + вх + с = 0

1.  Не белгілі?

а, в, с – нақты сандар

2. Не істеу керек?

Кв.теңдеудің х1, х2 түбірлерін табу керек, түбірі болмаса «түбірі жоқ» деген хабар шығару керек.

3. Қалай жасау керек?

Дискриминант   d=b2-4аc

D<0 түбірі жоқ

D=0 бір түбірі бар   x1=-b/2a

d>0 екі түбірі бар    х1=?, х2=?

,

program kvtendeu;

var a,b,c:integer;

x1,x2,d:real;

label 10;

begin

write(‘Кв.тенд.коэф. енгіз a,b,c ‘);

read(a,b,c);

d:=sqr(b)-(4*a*c);

if d<0 then begin writeln(‘түбірі жок ‘);goto 10;end;

if d=0 then begin writeln(‘Бір түбірі бар: ‘,-b/(2*a));goto 10;end

else writeln(‘Екі түбірі бар: ‘,-b+sqr(d)/(2*a),’ ‘,-b-sqr(d)/(2*a));

10: end.

 

  1. Бағалау және үйге тапсырма (3мин) §3.5 (76-82бет), №6 есеп (89бет)