Мата бетіне оюды сызу және қию

Сабақтың тақырыбы: Мата бетіне оюды сызу және қию

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Матаға оюды сызуды және қиюды үйрету
  2. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу
  3. Дамытушылық: Оқушылардың іскерлігін, дүниетанымын жан-жақтыдамыту

Сабақтың түрі: аралас,дәстүрлі.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ – жауап.

Сабақтың көрнекілігі: ою-өрнектердің үлгілері, суреттер, слайдтар.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Өткен сабаққа шолу
  3. Жаңа сабақ
  4. Сабақты бекіту

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушы санын түгендеу, оқушы зейінін сабаққа аудару.

Өтілген сабақты сұрау

Өткен сабақты қайталау

Сұрақтар

  1. Ою өрнек латынның қай сөзінен келеді?
  2. Композиция дегеніміз не?
  3. Симметрия дегеніміз не?
  4. Ритм дегеніміз не?
  5. Колорит дегеніміз не?
  6. Ою — өрнектің неше түрі бар?
  7. Ерте кезде ою — өрнекті неге бейнелеген?
  8. Қошқармүйіз оюы оюдың қай түріне жатады?

Жауаптар:

  1. Орнамент.
  2. Заттың бетіне ретпен орналасу деген.
  3. Ою-өрнектің екі жағының бірдей орналасуы симетрия заңы деп аталады.
  4. Ою-өрнекте бір элементтің қайталанып отыруы.
  5. Оюларғағы бояу түрлерінің бір-бірімен үндесіп, жарасым табуын айтады.
  6. 230 ға жуық түрі анықталған
  7. Тасқа, ағашқа,
  8. Малға байланысты.

элементтері

 

 

 

 

 

 

Симетрия                                                                                 колоит

 

 

 

Композиция                Ритім

 

 

Жаңа сабақты түсіндіру

 

Балалар, осы ашық сабақты мына өлең жолдарымен ашқым келеді:

Қолөнер құрақ – құрау ою — өрнек,

Атты баптап айыл тұрман қамшы өрмек

Салт дәстүрі ешкімге ұқсамаған,

Қазақтар ғой байлаған жіпті күрмеп

 

Қазақ қолөнерінде ою-өрнек өте кеңінен қолданылады. Халық шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдардың ою-өрнекпен безендірілмегені кемде-кем. Ою-өрнек қолданбалы қолөнер бұйымдарының тұтыну және эстетикалық мән-мағынасын аша түседі. Сондықтан қолөнер шеберлері жасаған заттардың әрқайсысының қалай әшекейленіп, өрнектелгеніне жіті зер салған жөн. Ою-өрнек өнері ежелгі замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоймай, ірі рухани мәдениет үлгісі ретінде сақталып келеді. Халық шеберлері ою-өрнекпен, сәулетті ғимараттарымен, киім-кешек, жиһаз, қару-жарақ, ат әбзелдерін, зергерлік әшекей заттарын т.б. тұрмыста тұтынатын заттарын безендіріп отырған.

Сендер өткен сабақта ою таңдап, сол таңдаған оюларыңның үлгісін жасадыңдар.Енді қажетті құрал-жабдықтарымызды пайдаланамыз. Таңдалған 1, 2, 3 бүктеу оюларыңды мата бетіне түсіріңдер. Таңдау оюларыңның бүктеуін келтіріңдер, бүктелген маталарың жылжып кетпес үшін көктеу тігісін орындаңдар. Тұйық жағына үлгілеріңді салып мата бетіне сызыңдар Техника қауіпсіздік ережелерін пайдалана отырып салынған оюыларыңды қиыңдар.

 

Сергіту сәті:

Мақалды жалғастыру

  1. Өнерлінің ________________ алтын,

Өлеңшінің ________________  алтын.

  1. Білекті бірді жығар

Білімді                            жығар.

  1. Көп жасаған білмейді

                                 ________________ біледі.

 

Карточкамен жұмыс

 

 

 

Білемін Білгім келедіҮйрендім

 

 

Ою-өрнекткрдің түрлері, бүктелуін, элементтерін,

 

 

Матаға оюды сызуды және қиюды

 

Үлгі жасауды, қағаздан ою оюды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орнамент сөзі қай тілден шыққан

 

Құстарға байланысты қандай оюлардың түрлерін білесің

 

 

Қандай оюдың түрлерін білесің

 

 

Ай, айшық, жұлдыз, күн, шұғыла оюдың қай түріне жатады

 

 

Шетоюы қай жерлерде қолданады

 

 

Екі бүктелген оюды көрсет

 

 

Жасаған үлгің қанша бүктелген ою

 

 

Қосдөңгелек, қостұмарша, төртқұлақ, тұмарша, сүйір

 

 

 

 

«Мектепке дейінгі шағын орталықты Ш.Уәлиханов атындағы орта  мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Мата бетіне оюды сызу және қию»

 

 

 

 

 

 

Технология пәнінің мұғалімі: Р.Б. Ербаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2013-2014 оқу жылы