Web –құжаттар құру негіздері. Front Page редакторы

Тақырыбы: Web –құжаттар құру негіздері. Front Page редакторы

Мақсаты:    Front Page редакторы

а) білімділік;

Оқушыларға Front Page редакторы туралы түсінік беру

ә) тәрбиелік;

Тазалыққа тәрбиелеймін

б) дамытушылық;

Front Page

Сабақтың көрнекілігі: Front Page

Сабақтың әдісі:  Түсіндіру

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасы

ІІІ Жаңа сабақ

ІV Жаңа сабақты бекіту

V Сабақты қорытындылау

VIҮйге тапсырма

 

І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.

ІІ Үй тапсырмасы

  1. НТМL –құжаттыардың үзінділерімен қандай жұмыс жасауға болады?
  2. Web-беттің таңбашасы қалай жасалады?

Жаңа сабақ

Сайт дегеніміз не?

Бұл- Web серверде жататын беттердің НТМL пішіміндегі жиыны.

Web-сервер дегеніміз-бұл Интернетке үнемі қосылып тұратын компьютер, ол осы беттерді пайдаланушылардың сұратуы бойынша береді.

Web-торап-бұл Web-беттердің жай жиынытығынан анағұрлым үлкен. Бұл-торапты біртұтасқа байланыстыратын гиперсілтемелер жүйесі де, тораптың бірыңғай стилистикалық безендірілуі де, тораптағы ақпарттың уақтылы жаңаруы да, жеке беттердің жүктелу жылдамдығы да және көптеген тағы басқалар.

Web-тің құжаттаррының кәдісгі электрондық құжаттардан негізгі айырмашылығы –гиперсілтемелері болуында.Гипермәтіндік сілтемелер Web құжатын қарап отырып, оның басқа бөлігіне немесе Web-тің басқа құжатына өтуге, немесе Интернет қызметтерінің біріне қатынауға мүмкіндік береді.

НТМL тілі мағынасы «гипермәтіндік белгілеу тілі» деп ашылады. НТМL файлы дегеніміз-html кеңейтілуі, браузерімізде көретін беттің мәтіні бар кәдімгі мәтіндік файл және кейбір басқарушы жазбалар –тегтер.

Front Page 2000-ның нұсқасының редакциялау мүмкіндіктері мол.

Front Page редакторы НТМL –де бүге-шігесіне дейін білуді талап етпей-ақ, кәсіби сапалы беттер жасауға мүмкіндік береді. Егер бетті редакциялау барысында сөзді курсивпен ерекшелегілерің немесе тақырып түсін өзгерткілерің келсе, Word-тағыдай мәтіннің қажетті үзіндісін белгілеп, тиісті батырманы басыңдар-іс бітті.

Редактордың тамаша мүмкіндіктерінің бірі-оның беттерді WYSIWYG режимінде көрсете алатын қабілетінде.

Front Page редакторында жұмыс істеу Microsoft Word мәтіндік процессорымен жұмыс істеуге өте ұқсас.Мұнда да жартылай қалың қаріп, курсив және астын сызу, маркерленген және нөмірленген тізімдер, операцияны қайталау және орындатпау сияқты стандартты батырмалар қолданылады.Мәтін енгізу де, орфографияны тексеруде, бір мезгілде бірнеше құжаттарды ашуға мүмкіндік береді.

IV Жаңа сабақты бекіту

  1. Front Page қолданбасы не үшін қажет?
  2. Front Page мүмкіндіктері

V  Сабақты қорытындылау

VI Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу