Блузканы модельдеу

95

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       

 

 

Күні:                                                                      Сабақ №17

Сыныбы: 8 А

Тақырыбы: Блузканы модельдеу

Мақсаты: блузка конструкциясымен танысу, модельдеуді үйрену.

Міндеттері:

Білімділік: үлгіні модельдеп, нұсқаулық карта бойынша жұмыс жасай білу;

Дамытушылық: теориялық білімдерін шығармашылықта пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын тапсырмалар беру арқылы дамыту;

Тәрбиелілік: әсемділікке, ұқыптылыққа, бірізділікке, техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға,  тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: өзіндік жұмыс сабағы

 Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап,демонстрациялық

Техникалық құралдар:компьютер,интерактивті тақта

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар:суреттер,  лекало,  желім,  қайшы, қ ж  және  2 ж  қалам(лекало), қайшы, қалам, сызғыш, желім, мата.

Пәнаралық байланыс:сызу, геометрия, математика

 

Сабақ жоспары:    1. Ұйымдастыру кезеңі

                                 2.Өткен сабақты қайталау

                                              3.Жаңа сабақты түсіндіру

  1. Кіріспе инструктажы
  2. Сарамандық жұмыс

                                            6.Бекіту инструктажы

  1. Жұмыс орнын жинастыру

 

І.Ұйымдастыру кезеңі

  1. Кабинетті, тақтаны сабаққа дайындау;
  2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;
  3. Арнаулы киімін тексеру;
  4. Құрал-жабдықтар мен материалдарды тарату;
  5. Өткен сабақта жүргізілген жұмыстарға талдау жасау;
  6. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту;
  7. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

ІІ. Өткен сабақты қайталау

  1. Өлшем, тәсіл, іс-қимыл бейнесі, әлеуметтік экономикалық құбылысы, бір талғамның уақытша үстем болуы — бұл…( сән.)
  2.   Қазіргі сәнде неше бағыт бар?(2)
  3. Ұзындығы мен ені бойынша адам мүсінінің пропорциясына жақындау келетін геометриялық фигуралардың сыртқы кескіні — бұл…( силуэт)
  4. Бұйымның ойластырылған үлгісін жасауға мүмкіндік беретін пішім сызыктары — бұл…( пішім)
  5. Манер, сипат, ерекшелік — бұл… (стиль)
  6. Силуэттің неше түрі бар?(4)
  7. Стильдің неше түрі бар? (4)
  8. Сән киімдерін шығаратын кім?( сәнгерлер)
  9. 9. Барлық өлшемдері неше топқа бөлінеді? (4)
  10. Қай өлшемдер жартылай жазылады? (орамдары)

          11 . Киімнің берілген үлгісін алу үшін адамның тұлға өлшемін                                                               үлкейтугекеректі шама — бұл… (қосымшалар)

  1. Бұйымды әшекейлеу және киім киген кезде қолайлы болу үшін қолданылатын көмекші материалдар (фурнитура)
  2. Модельдеу дегеніміз не?
  3. Конструкциялық сызық дегеніміз не?

15.Модельдеудің қандай түрлері бар?

 

Білемін Білгім келеді Үйрендім
Модельдеуді Жаңа модельдің конструкциясын жасауды Жаңа сызық түсіру арқылы жаңа конструкция алуды

 

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Блузканы, белдемшені немесе көйлекті кез келген фасонда тігу үшін негізгі сызбадан пішім бөлшектеріндегі сызық бағыттарының өзгеру қағидасын біліп алу керек.

Блузканы негізге ала отырып, әдемі, әсем киімдердің әртүрлі нұсқауларын табуға және оларды белдемшемен, шалбармен үйлестіріп киюге болады.

Блузканың жаңа фасонын жасау үшін иніш сызықтарын, мойындық пішімдерін, кеуде бүкпесін өзгертуге болады. Негізгі сызба пішімдері үшін кеуде бүкпесі кеуде тұсының шығыңқы тұруын қамтамасыз ету үшін керек.

Мұндай бүкпесіндерді тек қана иық сызығынан түсіру міндетті емес. Негізгі жоғарғы кеуде бүкпесінін бөлшектің кез келген жерінен түсіруге болады. Пішім негізіне жаңа бүкпесін бағытын көрсетіп белгілеп, сол сызық бойымен қияды, содан

соң алыңғы  бүкпесінді жауып, жаңасының арасын ашу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІV. Кіріспе инструктажы.

  1. Техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіру;
  2. Санитарлық гигиеналық ережелерді еске түсіру;
  3. Нұсқау карталарын тарату;

V.Сарамандық жұмыс.

10 – зертханалық жұмыс  32 бет

Кеуде бүкпесін алдыңғы бой ортасына ауыстыру

Құрал – жабдықтар мен материалдар: жұмыс қорабы, сызғыш, ҚЖ және 2Ж  қалам, лекало, ластик (шіргіш), желім, қайшы, жоғарға бүкпесінімен алдыңғы бой пішімі.

Тапсырма: Кеуде бүкпесін алдыңғы бой ортасына ауыстыру.

Жұмыс барысы:

  1. Модель эскизімен мұқият танысу
  2. V тәрізді етіп мойындық сызығын белгілеу.
  3. Кеуде бүкпесінің ортасынан алдыңғы бой ортасына перпендикуляр сызық түсіру. Пішімді белгі бойынша қию.
  4. Алдыңғы бүкпе орнын жабу, солңғы бүкпе арасын ашу.
                      А)                                           ә)                                       б)                                          в)

 

VI.Бекіту инструктажы.

  1. Сабақты қорытындылау

 

 

блузка                            көйлек

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Бағалау:бағаларын хабарлап,күнделіктеріне қойып беру.
  • Үйге тапсырма беру: жаңадан 1 модель ойластырып, сол модельдің конструкциясын сызып келу

         Жұмыс орнын жинастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кеуде бүкпесін алдыңғы бой ортасына ауыстырудың нұсқау картасы

Өңдеу тәсілдері Пайдаланатын құралдар Технологиялық сұлба
1  

Модельмен мұқият танысу

2 V тәрізді етіп мойындық сызығын белгілеу  

Қара қалам

3 Кеуде бүкпесінің ортасынан алдыңғы бой ортасына перпендикуляр сызық түсіру. Пішімдегі белгі бойынша қию. Қалам, сызғыш, қайшы
4 Алдыңғы бүкпе орнын жабу, соңғы бүкпе арасын ашу